Математика (Жаратылыстану ғылымдары)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M05426 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Білім беру бағдарламасының мақсаты ғылым, білім мен инновацияның тығыз ықпалдасу қағидаттарына негізделген, алынған теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып, заманауи ғылыми, қолданбалы мәселелерді қоятын және оны шеше алатын жаңа формациядағы жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«7М05426 Математика білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Білім   беру   және   ғылым   саласы,   ғылыми-өндірістік   сала, әлеуметтік-экономикалық сала, мәдениет.

Магистратура   бағдарламасын   меңгерген   түлектердің   кәсіби қызметінің  объектілері  білім  беру  жүйесін  оқыту,  тәрбиелеу, дамыту, оқу-ағарту болып табылады.

Педагогикалық: білім   беру   саласындағы   оқушылардың   мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін, жетістіктерін зерделеу; білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім беру саласында оқыту және тәрбиелеу; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне және берілген пән ерекшеліктеріне сәйкес тиісті технологияларды пайдалану;білім беру сапасын, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім беру ортасын қамтамасыз ету; білім алушылардың білім беру процесі кезінде өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

Ғылыми-зерттеу: қою және шешім зерттеушілік, ғылым және білім беру; пайдалану кәсіби қызметтің әдістерін зерттеу.

1- концептуалды және әдістемелік аппаратқа иелік етіп, алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу қызметі мен мәдениетаралық коммуникацияның әртүрлі формаларында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясының негізгі мәселелерін, ғылым дамуының қазіргі заманғы тенденцияларын талдайды (ОН1);
2- кәсіби дағдылар мен ғылыми мәселелерді шешуде тиімді коммуникацияларды қолданып, шетел тілінде меңгерген білімін және дағдыларын маңыздылығына қарай жіктей отырып, тәжірибеде қолданады (ОН2);
3- педагогикалық такты, этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттерімен дағдыларын көрсете отырып, халықаралық ынтымақтастық нормалар, ережелер, әдістер мен құралдарды қолданып, білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3);
4- бағдарламалар пакетін пайдалана отырып, ғылыми басылымдар, деректер базаларымен жұмыс істеу принциптерін біліп, зияткерлік меншік құқығын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдайды (ОН4);
5- халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер жариялайды (ОН5);
6- интегралды-дифференциалдық теңдеулер үшін шекаралық есептерін шешудің конструктивтік әдістерін жасайды (ОН6);
7- сызықтық емес дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физика үшін экстремалды есептер мен шекті есептерді шешудің жаңа математикалық әдістерін зерттейді (ОН7);
8- қолданбалы есептерді шешу кезінде жүйелік тәсіл мен гармоникалық және интеллектуалды талдау әдістерін қолданады (ОН8);
9- математика, физика, механика, экономика және басқарудың қолданбалы есептерін шешудің тиімді математикалық әдістерін жасайды (ОН9).
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AGZh 5302 Академиялық ғылыми жазба Қазақ тілі 5 1 2
AKZM5307 Алгебраның қазіргі заманғы мәселелері Қазақ тілі 5 1 2
DTDTI 5213 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер ІII Қазақ тілі 5 1 2
DTDTUSHE 5212 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер Қазақ тілі 5 1 2
DTST 5214 Дифференциалдық теңдеулердің сапалық теориясы Қазақ тілі 5 1 2
DTUSHE 5222 Дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер Қазақ тілі 5 1 2
DZhOT 5215 Динамикалық жүйелердің орнықтылық теориясы Қазақ тілі 5 1 2
ZKA 5301 Зерттеулердің қолданбалы әдістері Қазақ тілі 5 1 2
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BRDOOK 5307 Бөлшек ретті дифференциалдық операторлар және олардың қолданылулары Қазақ тілі 5 1 2
MFTSHSA 5307 Математикалық физика теңдеулерін шешудің сандық әдістері Қазақ тілі 5 1 2
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DTDTI 6308 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер ІV Қазақ тілі 6 1 2
ITKT 6313 Интегралдық теңдеулердің қосымша тараулары Қазақ тілі 6 1 2
KKET 6311 Қисынсыз және кері есептер теориясы Қазақ тілі 6 1 2
OTN 6312 Операторлар теориясының негіздері Қазақ тілі 7 1 2
МKMA 6309 Метрикалық кеңістіктердегі математикалық анализ Қазақ тілі 7 3 4