2011 жылдан бастап жоғары білім беру сапасын бағалау саласында қабылданған реформалардың арқасында білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың негізгі құралдарының бірі ретінде аккредиттеудің рөлі айтарлықтай күшейтілді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес аккредиттеу ерікті негізде коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылады. Білім беру ұйымы аккредиттеу органын дербес таңдайды. Мемлекет аккредиттеуді ұсынушыларды тану және оларды аккредиттелген органдардың ұлттық тізіліміне енгізу арқылы реттеу құқығын өзіне қалдырады.
Қазақстандағы ұлттық және халықаралық аккредиттеу агенттіктері ENQA (European Association for Quality Assurance in Higher Education) жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық ірі қауымдастығы бекіткен Еуропалық кеңістіктегі (ESG — European Standards and Guidelines) жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы стандарттар мен басшылық қағидаттарын басшылыққа алады.
Сапаны бағалаудың сыртқы және ішкі процедураларын халықаралық және еуропалық стандарттармен үйлестіру, сондай-ақ ENQA-ға аккредиттеу органдарының мүшелігі қазақстандық білім беру жүйесін еуропалық деңгейде қолдаудың алғышарты болып табылады.