| 1 | - концептуалды және әдістемелік аппаратқа иелік етіп, алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу қызметі мен мәдениетаралық коммуникацияның әртүрлі формаларында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясының негізгі мәселелерін, ғылым дамуының қазіргі заманғы тенденцияларын талдайды (ОН1); |
| 2 | - кәсіби дағдылар мен ғылыми мәселелерді шешуде тиімді коммуникацияларды қолданып, шетел тілінде меңгерген білімін және дағдыларын маңыздылығына қарай жіктей отырып, тәжірибеде қолданады (ОН2); |
| 3 | - педагогикалық такты, этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттерімен дағдыларын көрсете отырып, халықаралық ынтымақтастық нормалар, ережелер, әдістер мен құралдарды қолданып, білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3); |
| 4 | - бағдарламалар пакетін пайдалана отырып, ғылыми басылымдар, деректер базаларымен жұмыс істеу принциптерін біліп, зияткерлік меншік құқығын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдайды (ОН4); |
| 5 | - халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер жариялайды (ОН5); |
| 6 | - интегралды-дифференциалдық теңдеулер үшін шекаралық есептерін шешудің конструктивтік әдістерін жасайды (ОН6); |
| 7 | - сызықтық емес дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физика үшін экстремалды есептер мен шекті есептерді шешудің жаңа математикалық әдістерін зерттейді (ОН7); |
| 8 | - қолданбалы есептерді шешу кезінде жүйелік тәсіл мен гармоникалық және интеллектуалды талдау әдістерін қолданады (ОН8); |
| 9 | - математика, физика, механика, экономика және басқарудың қолданбалы есептерін шешудің тиімді математикалық әдістерін жасайды (ОН9). |