Математика (Жаратылыстану ғылымдары)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
МKMA 6309 Метрикалық кеңістіктердегі математикалық анализ Екінші курс 7 210 3 4
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Султанов М.

Пәннің мақсаты: бұл метрикалық кеңістіктерде және стохастикалық талдауда заманауи  Математикалық талдаудың стандартты емес, типтік емес қолданбалы мәселелерін шешу  дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар олардың кейбір қосымшаларымен тәуелсіз кәсіби  қызметке дайындықты қалыптастыру. Кездейсоқ процестердің жалпы теориясының негізгі  ұғымдары мен маңызды іргелі нәтижелерінің жаңа математикалық әдістерін зерттейді. Мартингалдар мен жартылай партингалдар теориясының конструктивтік әдістерін жасайды.

Топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, дамыта оқыту әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі, проблемалық әдіс, мини зерттеулер әдісі,  кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, пікір алмасу, пікірталасу әдісі.

1ПОН 1 - Интегралды-дифференциалдық теңдеулер үшін шекаралық есептерін шешудің конструктивтік әдістерін жасайды;
2ПОН 2 - Сызықтық емес дифференциалдық теңдеулер мен математикалық физика үшін экстремалды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Метрикалық кеңістіктер. Мысалдар.Жазбаша
2Метрикалық кеңістіктердің үзіліссіз бейнелері. Жинақтылық. «Маңайлар» тіліндегі жинақтылық. Гейне бойынша жинақтылық.Жазбаша
3Тұйық және ашық жиындар. Толық метрикалық кеңістіктер.Жазбаша
4Салынған шарлар туралы теорема. Тығыз ішжиындар. Бэр теоремасы.Жазбаша
5Теңдеулердің толықтылығы және шешілімділігі. Кеңістікті толтыру.Жазбаша
6Сығылушы бейнелер принципі. Жай дифференциалдық теңдеулер мен интегралдық теңдеулерді шешуде қолданылуы.Жазбаша
7Сызықтық, нормаланған, Евклид кеңістіктері.Жазбаша
8Ортогональ жүйелер. Ортогональдау теоремасы. Фурье коэффициенттері. Бессель теңсіздігі.Жазбаша
9Функционалдар. Метрикалық кеңістіктердегі компакт жиындар. Арцела теоремасы.Жазбаша
10Үзіліссіз сызықтық функционалдардың қасиеттері. Хан-Банах теоремасы. Түйіндес кеңістік.Жазбаша
11Жалпыланған функциялар. Жалпыланған функцияның туындысы. Жалпыланған функциялар класындағы дифференциалдық теңдеулер.Жазбаша
12Сызықтық оператор. Оператор нормасы. Шенелген сызықтық операторлар кеңісітігі. Компакт операторлар.Жазбаша
13Бірқалыпты шенелгендік принципі. Банах-Штейнгауз теоремасы. Тұйық операторлар. Тұйық график жайлы теорема.Жазбаша
14Түйіндес оператор. Операторлық теңдеу. Кері оператор.Жазбаша
15Үзіліссіз керілену. Жеткілікті шарт. Оператор спектрі. Резольвента. Компакт оператор спектрі.Жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Колмогоров А.Н. Элементы теории функций и функционального анализа. – М.: Физматлит, 2014.
2Треногин В.А. Функциональный анализ/ В.А. Треногин. – М.: Наука, 2017.
3Шилов Г.Е. Математический анализ. Второй специальный курс/ Г.Е. Шилов. – М.: МГУ, 2013.
4Бахарев Ф.Л. Основы функционального анализа. Учебное пособие. – СПб.: Изд-й дом С.-Петерб.гос. ун-та., 2012.