Туризм бакалавриат бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B11157 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Туризм саласында еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін инновациялық - бағдарланған, бәсекеге қабілетті, құзыретті кәсіби кадрларды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«6В11157- Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры

Кәсіби қызмет саласы туризм индустриясы, қызмет көрсетумен тікелей немесе жанама байланысты білім, мемлекеттік реттеу және адами қызметтің басқа да салалары болып табылады.

- туризмді ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік органдар (министрліктер, әкімдіктер, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары);

- туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;

- туристік бағыттағы консалтингтік компаниялар;

- туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері;

- туристік инфрақұрылым объектілері;

- туризмнің орта деңгейлі мамандарын даярлайтын оқу орындары;

- туризмді дамыту мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми ұйымдар;

- ішкі және сыртқы нарықта туристік қызметтерді жылжытумен айналысатын жарнама агенттіктері.

Әр түрлі меншіктегі туристік кәсіпорындар, республикалық және халықаралық туроператорлық және турагенттік компаниялар, орналастыру саласындағы кәсіпорындар, мұражайлар, шипажай және курорттық мекемелер, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, республикалық және халықаралық көрме орталықтары, орта кәсіби білім беру орталықтары, жас-өспірімдерге және жастарға арналған белеснді туризм орталықтары.

Турлар, туроператорлар және басқа серіктестер туралы ақпарат базасын қалыптастыру, туристік өнімді тұтынушының жеке талаптарына бейімдеу (Кәсіби стандарт. Категориясыз «Туристік агент» кәсіп карточкасы);

Туристік өнімді жылжыту мақсатында жарнаманы жетілдіру, турды ұйымдастыру мақсатында сыртқы қызметтерді сатып алу, туристік өнімді сату (Кәсіби стандарт. Категориясыз «Туристік агент» кәсіп карточкасы);

Шығу және кіру туризмі бойынша әр түрлі турларды әзірлеу, әр түрлі турларды жүргізу (Кәсіби стандарт. Категориясыз «Туризм бойынша инструктор-әдіскер» кәсіп карточкасы);

Стандартты және стандартты емес жағдайда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік ережелерін сақтау, алғашқы көмек көрсету (Кәсіби стандарт. 2-ші категориялы «Туризм бойынша инструктор-әдіскер» кәсіп карточкасы);

Ерекше қорғалатын аймақтарда келушілерге экскурсиларды ұйымдастыру, экологиялық тақырыптар аясында дәрістерді дайындау және жүргізу, осы тақырыпта әңгімелесу, экскурсиялық және туристік маршруттардың қызмет етуі, көрмелік аландарды және ақпараттық нүктелерді ұйымдастыру саласындағы жұмыс (Кәсіби стандарт. 1-2-ші категориялы «Экскурсовод» кәсіп карточкасы);

Жеке бизнестің дамуын басқару, оның ішінде әр түрлі көздерден түсетін ақпаратты басқару, әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау,

серіктестермен қарым қатынасты дамыту (Кәсіби стандарт. Категориясыз

«Туризм бойынша менеджер» кәсіп карточкасы);

Туристік өнімді сатылуын ұйымдастыру, бөлімше персоналының жұмысына жағдай қалыптастыру, бөлімше персоналының қызметін қолдау және ынталандыру (Кәсіби стандарт. 2-ші катеогриялы «Туризм бойынша менеджер» кәсіп карточкасы);

Кәсіпорында бірігей корпоративтік мәдениетті қолдау, кәсіпорын әрекеті бойынша бизнес жоспардың орындалуын ұйымдастыру (Кәсіби стандарт. 1-ші катеогриялы «Туризм бойынша менеджер» кәсіп карточкасы);

Менеджердің жұмыс жасайтын саласына нақты пайда әкелетін және тұтынушылардың туристік-рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік-экскурсиялық және қонақжайлылық қызмет көрсетуде тиімді туристік- экскурсиялық бағдарламаларды жасау және іске асыру (білім беру бағдарламасымен қарастырылған қосымша функциялар);

Керекті мемлекетттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, туристік фирмалармен, агенттіктермен, қонақ үйлермен, кеден және салық органдарымен, шекара қызметтерімен, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, ҚР және шетелдегі туристік индустрияны басқару ұйымдарымен тиімді қарым-қатынас жасау (білім беру бағдарламасымен қарастырылған қосымша функциялар);

Қазақстанмен туристік байланысы бар мемлекеттердің туристік-рекреациялық заманауи ақпараттарын практикада белсенді пайдалану (білім беру бағдарламасымен қарастырылған қосымша функциялар);

Халықаралық құқық пен ҚР туристік қызметінің құқықтық негіздері туралы білідерді меңгеру; туристерге қызмет көрсету оларды жөнелту, күтіп алудағы тәртіптерді сақтау (білім беру бағдарламасымен қарастырылған қосымша функциялар);

Мемлекеттік кәсіби іс-әрекетінде мемлекеттік, орыс, ағылшын (немесе тағы бір еуропалық және азиаттық тіл) тілін пайдалану; қосымша туристік-экскурсиялық кәсіби терминдерді еркін түрде пайдалану (білім беру бағдарламасымен қарастырылған қосымша функциялар).

1- зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады (ОН1).
2- интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады (ОН2).
3- кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады (ОН3).
4- кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды (ОН4).
5Туристердің қажеттіліктері, туристік қызметтер (ресурстар) мен жеткізушілер туралы ақпарат жинақтайды және жүйелейді (ОН5).
6Халықаралық стандарт, нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтап туристік қызмет құжаттамаларын рәсімдейді (ОН6).
7Жаңа технологияларға қажеттілікті анықтап, туристік қызметті инновациялық дамыту стратегиясын жоспарлайды (ОН7).
8Туристік кәсіпорын қызметінің нысандары мен әдістерін анықтап, туристік қызмет көрсету процестерін ұйымдастырады (ОН8).
9Туристік қызметтің әлемдік және жергілікті тәжірибелерін қолданып, нарықтық жағдайды талдап, ықтимал тәуекелдерін бағалайды (ОН9).
10Туристік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында нарыққа маркетингтік зерттеулер жүргізеді (ОН10).
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
TBTTT 1284 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы Қазақ тілі 5 1 2
Tur 1266 Туризмология Қазақ тілі 5 1 2
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KTG 1285 Қазақстанның туризм географиясы Қазақ тілі 6 2 2
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KUSH 3286 Қонақ үй шаруашылығы Қазақ тілі 6 2 2
TTK 3287 Туризмдегі тамақтандыру қызметтері Қазақ тілі 5 1 2
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
TM 2288 Туризм менеджменті Қазақ тілі 5 1 2
TM 2289 Туризм маркетингі Қазақ тілі 6 2 2
КТ 2172 Көшбасшылық теориясы Қазақ тілі 5 1 2
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
Eks 3290 Экскурсиятану Қазақ тілі 5 1 2
THM 3297 Туризмде халықаралық маркетинг Қазақ тілі 5 1 2
TKA 3293 Туристік қызметті автоматтандыру Қазақ тілі 5 1 2
TKKP 3294 Туристік қызмет көрсету психологиясы Қазақ тілі 5 1 2
TOA 3296 Туризмдегі өнімді әртараптандыру Қазақ тілі 5 1 2
TTMK 3295 Туризмде тұтынушылардың мінез-құлқы Қазақ тілі 5 1 2
Tur 3291 Туроперейтинг Қазақ тілі 5 1 2
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
TE 3302 Туризм экономикасы Қазақ тілі 6 2 2
TKKN 3387 Туризмде кәсіпкерлік қызмет негіздері Қазақ тілі 5 1 2
TT 3390 Тұрақты туризм Қазақ тілі 5 1 2
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
TBTP 3398 Туризмдегі брендинг теориясы және PR Қазақ тілі 5 1 2
THKR 42106 Туризмді халықаралық құқықтық реттеу Қазақ тілі 5 1 2
TIM 42100 Туризмде инновациялық менеджмент Қазақ тілі 5 1 2
TKD 42103 Туризмнің кластерлік дамуы Қазақ тілі 5 1 2
TSKS 42104 Туризм саласындағы кадрлық саясат Қазақ тілі 5 1 2
TSM 42105 Туризмде сапа менеджменті Қазақ тілі 5 1 2
TSZh 4298 Туризм саясаты және жоспарлау Қазақ тілі 5 1 2
TSZhIB 42102 Туризм саласындағы жобалар мен инвестицияларды басқару Қазақ тілі 5 1 2
VIII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
HTM 4394 Халықаралық туризм менеджменті Қазақ тілі 6 2 2
TMZ 4396 Туризмде маркетингтік зерттеулер Қазақ тілі 6 2 2