Компьютерлік инженерия
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B06182 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Бағдарламалық кешендерді жасау мен қолдануға, жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және есептеу жүйелері мен желілерді сүйемелдеу, тестілеу, компьютерлік жүйелер мен желілерді құрал-саймандар мен бағдарламалық қамтамасыз етуге бағытталған IT-технология бойынша бағытталған бакалаврларды даярлау.
 

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді және студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды.

«6В06182- Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар  бакалавры 

Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кәсіптік қызмет саласы жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу және есептеу жүйелері мен желілерді сүйемелдеу, тестілеу саласында қызметтерін көрсетуді қамтиды.

Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кəсіби қызметінің объектілері есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілері, деректерді өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, есептеу техникасы құралдарының және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамассыз етілуі (бағдармалар, бағдармалық кешендер мен жүйелер) болып табылады.

Кәсіби қызметінің функциялары:
-есептеу техникаларын жобалау;
-есептеу және ақпараттық жүйелерді эксплуатациялау;
-жүйелер мен желілерді әкімшілік ету;
-есептеу жүйелері мен желілерді сүйемелдеу;
-жүйелерді тестілеу;
-бағдарламалық-аппараттық қорғалуын қамтамассыз ету;
түрлері:
-өндірістік-технологиялық;
-жобалаушы-құрастырушылық;
-эксперименттік-зерттеушілік;
-ұйымдастыру-басқарушылық;
-эксплутациялық 
- жүйелік сәулетші;

Кәсіби қызмет түрлері:
- конструкторлық қызмет: тұтынушылардың өтініштерін, пән аумағының модельдері және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін талдау негізінде кәсіби қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптарын және спецификациясын әзірлеу; есептеу техникалары компоненттерінің архитектурасын жобалау; бағдарламалық жүйелердің адам-машина интерфейсін жобалау; заманауи әдістерге, құралдарға және дизайн технологияларына негізделген есептеу жүйелерді математикалық, лингвистикалық, ақпараттық, бағдарламалық қамтамасыз етуді және техникалық сүйемелдеуді, соның ішінде автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалану.
- өндірістік және технологиялық қызмет: есептеу жүйелерінің компоненттерін құру, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау; ақпараттық жүйелердің бағдарламалық жүйелерін тестілеу және баптау; компьютерлік желілердің желілік қызметтерін орнату, конфигурациялау және басқару; кәсіптік қызмет объектілерін сертификаттау.
- ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет: есептеу жүйелерін құру, енгізу және қолдау үшін жобаларды басқару; кәсіптік қызметтің объектілерін әзірлеу және енгізу процесін ұйымдастырудағы технологияларды, құралдарды таңдау; белгілі бір кезеңде осы сапамен кәсіби қызмет объектілерін дамыту процесінің жеке кезеңдерін ұйымдастыру кәсіби қызмет объектілерін дамыту процесін ұйымдастыру шеңберінде қызметкерлерді оқыту.

1Мақсатты белсенді оқытуға, экономикалық және кәсіпкерлік дағдыларға, қызметтің барлық салаларында шешімдер қабылдауға қабілетті қалыптастырады, цифрлық технологияларды тарату процестері мен жолдарын түсіндіреді.
2Жеке, мәдени және кәсіби қарым-қатынас саласындағы мәселелерді шешеді, мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік коммуникация бағдарламаларын жасайды.
3қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; қоғамның өмір сүру ортасының экологиялық танымын біледі, адамгершілік міндеттемелердің, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсінеді, қызметінде қолданады.
4Зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістерін пайдалана отырып, ақпараттық-техникалық құралдарды оқытудың технологиялары мен жолдарын өз бетінше өзгерте алады.
5Веб-қосымшаларды, графикалық қосымшаларды әзірлеу әдістерін қолданады, веб-қосымшаларды, ақпаратты қорғау жүйелерін жобалайды және әзірлейді.
6Компьютерлік желілерді жобалау негіздерін қолданады, компьютерлік желілер мен қорғау жүйелерін жобалайды, желілік жабдықтарды баптайды.
7Деректер қорын және қорғау жүйелерін әзірлеу әдістерін меңгереді, деректер қорын, сараптамалық жүйелерді, жасанды интеллект жүйелерін әзірлейді.
8Мобильді қосымшаларды, ойындарды, компьютерлік графиканы әзірлеу әдістерін жүзеге асырады, мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық қосымшаларды жасай алады.
9Деректер қорының сәулетін, бағдарламалық қамтамасыз етуді және есептеу техникасын жобалай алады.
10Алгоритмдерді әзірлейді және оларды бағдарламалау тілдерінде жүзеге асырады, жүйенің көп мақсаттылығын іске асыру үшін бағдарламалау тілдерінің құралдарын пайдаланады.
11Қазіргі заманғы компьютерлердің, жүйелер мен желілердің, робототехникалық жүйелердің сәулетін негіздейді.
12API-функцияларды қолдана отырып бағдарламалар әзірлейді, операциялық жүйеге ұйымның жүйелік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кіріктірілген тетіктерін қолданады, жүйелік әкімшілендіруді, жүйелік бағдарламалаудың негізгі тұжырымдамаларын жүзеге асырады.
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BT 1251 Бағдарламалау технологиясы Қазақ тілі 8 1 4 3
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AJHK 1249 Академиялық жазбаға кіріспе Қазақ тілі 3 1 4 1
DMML 1245 Дискретті математика және математикалық логика Қазақ тілі 5 1 2 2
KJUA2205 Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы Қазақ тілі 5 1 1 2
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DM 2210 Дискретті математика Қазақ тілі 5 1 2 2
VB 2201 Визуалды бағдарламалау Қазақ тілі 6 1 3 2
АКТ 2105 Aқпараттық-коммуникациялық технологиялар Қазақ тілі 5 1 2 2
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DJ3207 Дерекқор жүйелері Қазақ тілі 5 1 2 2
KJ2212 Компьютерлік желілер Қазақ тілі 5 1 2 3
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BOKZh 3202 Бағдарламаны Өңдеудің Құрал-Жабдықтары Қазақ тілі 5 1 2 2
DGİ 4342 Кескінді Цифрлы Өңдеу Түрікше 5 1 2 2
GT 3201 Графтар Теориясы Қазақ тілі 5 1 2 2
KGN 2209 Компьютерлік Графика Негіздері Түрікше 5 1 2 2
KOJT4338 Технология Создания Компьютерных Игр Қазақ тілі 5 1 2 2
ОВВКК3204 Объектіге-бағытталған бағдарламалауда қосымшалар құру Қазақ тілі 5 1 2 2
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DKA 3205 Деректер Қорын Әкімшелендіру Түрікше 5 1 2 2
KAKT3208 Компьютерлік ақпаратты қорғау технологиясы Қазақ тілі 5 1 2 3
MO 4341 Машиналық оқыту Қазақ тілі 6 1 2 2
SP 3333 Жүйелік Бағдарламалау Қазақ тілі 5 1 2 2
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DOT4344 Терең Оқыту Негіздері Түрікше 5 1 2 2
MBB 4347 Машинаға Бағытталған Бағдарламалау Түрікше 5 1 2 2
PEZhB 4201 Параллельді Есептеу Жүйелері Қазақ тілі 5 1 2 2
RJ3335 Роботтық жүйелер Қазақ тілі 6 1 2 3
SJ4339 Smart жүйелер Қазақ тілі 5 1 2 3