Компьютерлік инженерия
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DMML 1245 Дискретті математика және математикалық логика Бірінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
техн.ғ.к., доцент Ә.С. Төлеп

Қолданбалы есептерді шешуге бағытталған математикалық аппарат ұғымы, оны математикалық әдістер мен модельдердің, тілдердің тығыз байланысты жиынтығы ретінде қарастыру туралы дағдылар қалыптасады. Жиындар теориясының элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясының элементтері зерттеледі.

Компьютерлік модельдеу.

-

баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.

1нысандар арасындағы сандық және сапалық қатынастарды өрнектеу үшін арнайы математикалық белгілерді қолданады;
2жиындар теориясының негізгі ұғымдарын, жиындарға және бейнелеулерге қолданылатын негізгі амалдарды біледі;
3негізгі комбинаторлық нысандарды алгоритмдік санауды (генерациялауды) түсінеді;
4математикалық логика тілін және логикалық амалдарды, логика формулаларын, логика алгебрасы заңдарын біледі;
5графтардың түрлерін анықтайды және олардың сипаттамаларын береді;
6кодтық комбинациялардағы қателерді анықтау және түзету үшін қолданылатын тиімді кодтарды құрады.
7қолданбалы есептерді шешу үшін жиындар теориясының аппаратын қолданады және бинарлық қатынастардың қасиеттерін зерттейді;
8комбинаторлық есептерді шығару әдістерін меңгереді;
9логикалық сипаттағы мәселелерді құрастырады және оларды шешу үшін математикалық логика құралдарын қолданады;
10графтардағы алгоритмдермен және графтардағы экстремалды есептерді шешу әдістерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;
11берілген алгоритмдер бойынша ақпаратты кодтауды және декодтауды орындай алады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Жиындар және оларға қолданылатын амалдар
2Қатынастар және олардың қасиеттері
3Функциялар
4Комбинаторикалық конфигурациялар. Орналастырулар. Алмастырулар. Терулер. Бином коэффициенттері және олардың қасиеттері
5Жиынды бөліктеу. Қамту және аластау қағидасы
6Пікірлер алгебрасының әліпбиі және формулалары. Ақиқаттық функциялары.
7Ақиқаттық функцияларының қалыпты формалары және толық жүйелері. Пікірлер алгебрасы формулаларының түрлері. Маңызды тавтологиялар.
8Логикалық салдар қатынасы. Пікірлер алгебрасы тілінің қолданылуы.
9Пікірлерді есептеу. Формалды дәлелдеу және формалды қорыту.
10Предикат. Предикаттар алгебрасының формулалары.
11Графтар және оларға ұқсас объектілер. Графтар изоморфизмі
12Графтар түрлері және оларға қолданылатын амалдар. Графтарды беру жолдары
13Ағаштар және олардың негізгі қасиеттері. Эйлерлік және Гамильтондық графтар
14Алфавиттік кодтау. Кодтаудың өзара бірмәнділігін тану мәселесі. Тиімді кодтау. Хаффман және Фано алгоритмдері
15Қателерді анықтайтын және түзететін кодтар. Хемминг коды
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Ә.С. Төлеп, Б.И. Ескараева. Дискретті математика. Теория және практикум. -Шымкент, 2020. -132 б.
2Ә.С. Төлеп, Б.И. Ескараева. Дискретті математика. Тапсырмалар мен жаттығулар. Оқу құралы. -Түркістан, 2021. -221 б.
3А.А. Байжуманов. Математикалық логика негіздері. Оқу құралы. -Алматы: Эверо, 2023.
4Бейсеков Ж. Математикадан логикалық есептерді шығаруға арналған әдiстемелiк құрал. -Шымкент, 2017.