Компьютерлік инженерия
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ОВВКК3204 Объектіге-бағытталған бағдарламалауда қосымшалар құру Үшінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
технғ.к., доцент м.а. Ж.С.Исмагулова

Java технологиясының замануи бағдарламалық қамтамасы негіздерін, локальді қосымшаларды жобалау және әзірлеуді тәжірибе жүзінде игеруге арналған. Объектілі-бағытталған бағдарламалау принциптері, файлдармен жұмыс принциптері қарастырылады. Программалық жобаларды құру бойынша негізгі дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеруге ерекше назар аударылады.

-

Алгоритмдер және бағдарламалау

IT әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі, мини зерттеулер әдісі.

1объектіге бағытталған бағдарламалау тілдері туралы түсіндіреді;
2таңдалған тілде мобилдік қосымшаларды құрастырады;
3мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық қосымшаларды жасайды;
4алгоритмдік конструкцияларды таңдайды;
5объектіге бағытталған дизайн және NetBeans платформасын қолданады
6графикалық интейфейс қосымшаларды құру принциптерін анықтайды;
7желілік және компоненттік бағдарламалауды жазып көрсетеді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Объектіге бағытталған бағдарламалау тілдері. Кластар, объектілер және әдістерге кіріспе. Инкапсуляция, полиморфизм, мұрагерлік түсініктері.
2Java тіліне кіріспе және оның ерекшеліктері Виртуалды Java машинасы, байт коды, JDK немесе Java Development Kit құралдарын орнату
3Java тілінің алфавиті. Кілттік сөздер. Java тілінің алфавиті. Арнайы таңбалар. Идентификаторлар, айнымалылар, олардың типтері
4Объектіге бағытталған дизайн және NetBeans платформасы. Процедуралық және объектіге бағытталған бағдарламалау. Инкапсуляция. Сілтемелік айнымалылармен жұмыс. Қоқыс жинау
5NetBeans жобалары. Кластарды импорттау. Негізгі пакеттер және Javа кластары. Жоба файлдарын құрастыру және қолданбаны іске қосу. NetBeans жобасының құрылымы. NetBeans-те графикалық интерфейсі бар Java қосымшасын құру
6Примитивті деректер түрлері және олармен жұмыс істеу операторлары. Логикалық (boolean) типі. Қатынас амалдары. Бүтін, айнымалы, тұрақтылар шамалармен жұмыс істейтін негізгі операторлар. Нақты тип және класс Math. Қабықша кластар. Қабық (boxing) және (unboxing)
7Java тіліндегі сандармен жұмыс. Бүтін және нақты сандарды екілік жүйеде көрсету. Оң бүтін және теріс бүтін сандардың екілік көрінісі. Сандарды бір жүйеден екіншісіне аудару.
8Басқару құрылымдары. If шартты оператор. Switch операторы. Инкремента ++ және декремента – операторлары. For цикл операторы. While цикл операторы. Do...while цикл операторлары Үзіліс операторлары continue, break, return, System.exit
9IT әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі, мини зерттеулер әдісі.
10Маңызды нысан түрлері: массивтер, коллекциялар, тізімдер, итераторлар. Java-дағы жолдар- нысандармен жұмыс. String, StringBuffer және stringbuilder кластары. Графикамен жұмыс. Ерекше жағдайларды өңдеу: hrow және throws операторлары. Файлдармен және папкалармен жұмыс.
11Кірістірілген сыныптар. Мұрагерлік: мәселелер мен баламалар. Кластардың бірнеше мұрагерлік мәселесінің құрамы. Интерфейстер. Интерфейстердің кластардан айырмашылығы, олардың мұрагерлік мәселелері. Композицияны бірнеше мұрагерлікке балама ретінде қарау
12Java бағдарламалау тілінде объектілік бағдарламалаудың қосымша элементтері. Орындалу ағындарымен жұмыс кезіндегі артықшылықтар мен кемшіліктер. Ресурстар мен оқиғалар бойынша синхрондау. Thread класы және Runnable интерфейсі. Сыртқы DLL кітапханаларын қосу
13Желілік бағдарламалауға кіріспе. HTML тілі туралы қысқаша анықтама. Апплеттер. Сервлеттер. Java сервер беттерінің (JSP) технологиясы
14Кірістірілген (nested) кластар мен интерфейстер. Ішкі (inner) және локальды (local) кластар. Анонимді (anonymous)кластар мен оқиғалар өңдеушілері. Анонимді (anonymous) кластар мен оқиғалар тыңдаушылары (listeners)
15Компоненттік бағдарламалау JavaBeans компоненттік архитектурасы. NetBeans-те компонент құру шебері. Компонентке жаңа қасиеттер қосу. Компонентке жаңа оқиғалар қосу
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Т. М. Маннапова, А. Х. Қасымова Java script- объектіге бағытталған скриптік бағдарламалау тілі. Оқу құралы. -Алматы Альманахь, 2020.
2С. С. Мауленов. Мобильдік қосымшалар құру.Оқу әдістемелік кешен [Текст] /. - Түркістан : 2021
3У. Ә. Төкеев, Ж. М. Жұманов Ақпараттық жүйелердің ВЕБ-қосымшаларын программалау. Оқу құралы [Текст] /. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2019
4Г.А. Тюлепбердинова. Бағдарламалау технологиясы: Оқу -әдістемелік кешен:- Алматы 2021
5К.А. Искакова Бағдарламалау технологиясы: -Алматы 2021 Оқу құралы