Сабақтың коды | Курс аты | Сынып | Академиялық кредит | Cағат | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
DM 2210 | Дискретті математика | Екінші курс | 5 | 150 | 1 | 2 | 2 |
Студенттерді қолданбалы есептерді шешуге бағытталған математикалық аппаратпен қаруландыру. Бұл пән жиындар теориясының элементтерін, комбинаториканы, кодтау теориясын, графтар теориясының элементтерін, логика алгебра функциясын қарастырады.
-
Математика I
баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.
1 | нысандар арасындағы сандық және сапалық қатынастарды өрнектеу үшін арнайы математикалық белгілерді қолданады; |
2 | жиындар теориясының негізгі ұғымдарын, жиындарға және бейнелеулерге қолданылатын негізгі амалдарды біледі; |
3 | негізгі комбинаторлық нысандарды алгоритмдік санауды (генерациялауды) түсінеді; |
4 | математикалық логика тілін және логикалық амалдарды, логика формулаларын, логика алгебрасы заңдарын біледі; |
5 | графтардың түрлерін анықтайды және олардың сипаттамаларын береді; |
6 | кодтық комбинациялардағы қателерді анықтау және түзету үшін қолданылатын тиімді кодтарды құрады. |
7 | қолданбалы есептерді шешу үшін жиындар теориясының аппаратын қолданады және бинарлық қатынастардың қасиеттерін зерттейді; |
8 | комбинаторлық есептерді шығару әдістерін меңгереді; |
9 | логикалық сипаттағы мәселелерді құрастырады және оларды шешу үшін математикалық логика құралдарын қолданады; |
10 | графтардағы алгоритмдермен және графтардағы экстремалды есептерді шешу әдістерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді; |
11 | берілген алгоритмдер бойынша ақпаратты кодтауды және декодтауды орындай алады. |
Haftalık Konu | Бағалау әдісі | |
---|---|---|
1 | Жиындар және оларға қолданылатын амалдар | |
2 | Қатынастар және олардың қасиеттері | |
3 | Функциялар | |
4 | Комбинаторикалық конфигурациялар. Орналастырулар. Алмастырулар. Терулер. Бином коэффициенттері және олардың қасиеттері | |
5 | Жиынды бөліктеу. Қамту және аластау қағидасы | |
6 | Логика алгебрасының функциялары. Формулалар | |
7 | Элементар функциялардың қасиеттері. Екіжақтылық принципі | |
8 | Буль функцияларының айнымалылар бойынша жіктелулері. Толықтық және тұйықтық | |
9 | Маңызды тұйық кластар | |
10 | Буль функцияларын минимизациялау | |
11 | Графтар және оларға ұқсас объектілер. Графтар изоморфизмі | |
12 | Графтар түрлері және оларға қолданылатын амалдар. Графтарды беру жолдары | |
13 | Ағаштар және олардың негізгі қасиеттері. Эйлерлік және Гамильтондық графтар | |
14 | Алфавиттік кодтау. Кодтаудың өзара бірмәнділігін тану мәселесі. Тиімді кодтау. Хаффман және Фано алгоритмдері | |
15 | Қателерді анықтайтын және түзететін кодтар. Хемминг коды |
PÇ1 | PÇ2 | PÇ3 | PÇ4 | PÇ5 | PÇ6 | PÇ7 | PÇ8 | PÇ9 | PÇ10 | PÇ11 | PÇ12 |
---|
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар | ||
---|---|---|
1 | Ә.С. Төлеп, Б.И. Ескараева. Дискретті математика. Теория және практикум. -Шымкент, 2020. -132 б. | |
2 | Ә.С. Төлеп, Б.И. Ескараева. Дискретті математика. Тапсырмалар мен жаттығулар. Оқу құралы. -Түркістан, 2021. -221 б. | |
3 | И. Оразов, Б. Алиханова, А. Шарипбай. Математические основы информатики. Учебное пособие, -Шымкент: Әлем, 2020. -192 с. | |
4 | Бейсеков Ж. Математикадан логикалық есептерді шығаруға арналған әдiстемелiк құрал.-Шымкент, 2017. |