Компьютерлік инженерия
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
PEZhB 4201 Параллельді Есептеу Жүйелері төртінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
PhD, аға оқытушы Н.М.Жунисов

Пәннің мақсаты көп ядролы процессорлар мен кластерлік жүйелер үшін әртүрлі бағдарламалау модельдерінде параллельді бағдарламаларды әзірлеу білігін дамыту болып табылады. Пән параллельді компьютерлер туралы негізгі мәліметтерді, өнімділікті талдауды, масштабталатын алгоритмдік әдістерді, ағынды бағдарламалауды үйренеді. MPI стандарты және жергілікті деңгейдегі басқа тілдер, ZPL тілі және жаһандық деңгейдегі басқа тілдер, параллель бағдарламалаудағы перспективалы бағыттар қарастырылады.

---

Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы, Алгоритмдер және бағдарламалау

баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.

1Студенттерге параллельді есептеу жүйелері туралы ақпараттар мен даму заңдылықтарын түсіндіреді.
2Ақпараттық техникалық құралдарды оқыту технологиялары мен жолдарын өз бетінше талдайды.
3Сабақты жоспарлау және өткізу кезінде оқыту технологиялары мен жолдарының ерекшеліктері туралы білімдерін қорытындылайды.
4– Параллель виртуалды машиналарында программалаудың есеп шығару тәсілдерін біледі.
5Программалау модельдерін модельдей алады және программалау технологиясынның түсініктері мен дағдылар қалыптастырады.
6Параллель өңдеу, сақтау және құру әдістері мен құралдарын пайдаланады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Параллель виртуалды машиналар. Виртуалды машиналардың түрлері. Виртуаландыру - ақпараттық жүйелерді реттеудің басты жолы.
2Параллель компьютерге сұраныс. Параллель программалаудың дамуы. Параллельді есептеулер туралы негізгі түсініктер.
3Параллельділік. Программалау модельдері.
4Параллель компьютерлердің аппараттық жабдықталуы.
5Параллельді компьютерлер. Тезорындалуын арттыруға арналған техникалық қамсыздандыру.
6Параллель компьютерлер түрлері. Хабарламаларды беру мультикомпьютері немесе үлестірілімді жадылы мультикомпьютер. Флинн таксономиясы.
7Есептеуіш жүйелер процессорларының мәлімет алмасу желісінің топологиясы. Амдал заңы. Густафсон заңы.
8Параллель программалау. Ағындар және мәліметтерді өңдеу. Параллель программалау тілдері: HPF және C++ тілінің кеңеймелері, Fortran 90. PVM, MPI, OpenMP қолданып, үлестірілген мәліметтерге енуді құру.
9Процесстер және синхронизация. Семафорлар. Мониторлар. Процесстер және семафорлар.
10Параллельді алгоритмдер. Сұрыптаулар (ранг, көпіршіктер әдістері).
11Көпіршіктер әдісімен сұрыптау. Тақ-жұп әдісімен сұрыптау.
12Параллель программалау. Ағындар және мәліметтерді өңдеу. Параллель программалау тілдері: HPF және C++ тілінің кеңеймелері, Fortran 90. PVM, MPI, OpenMP қолданып, үлестірілген мәліметтерге енуді құру.
13PVM – параллель виртуал машинасы; MPI - хабарламаларды беру интерфейсі; Тез әсер ететін Fortran (HPF).
14Ғылыми есептерді шешудің параллель алгоритмдерінің қосымшалары. N – дененің гравитациялық есебі. N – дененің гравитациялық есебінің тізбектелген коды.
15Кескіндерді өңдеу. Төменгі, ортаңғы және жоғарғы деңгейлерде кескіндерді өңдеу түрлері. Фурье түрлендіруі және Фурье алгортимдері. Кескіндерді өңдеудің төменгі деңгейі. Кескіндерді өңдеудің Фурье түрлендіруі.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Паралельді есептеуіш жүйелерінің ерекшеліктері.Оқу құралы. Бастау, Алматы-2020г. И. Муратова, С. К. Серикбаева.
2Заманауи компьютерлік есептеулер және жобалау. Оқу құралы. Алматы 2019. А. М. Хамсин, Н. Б. Адилова, З. Е. Мұхамбетжан , М. Ж. Ескалиев
3ЭЕМ-де деректерді параллель өңдеуге кіріспе пәні бойынша зертханалық сабақтарға арналған есептер жинағы. / А.Т. Бектемесов, А.Т. Досаналиева, М. Сыдыбаева. - Алматы: «Тұран» Университеті, 2020. - 45 б.
4Основы компьютерного моделирования. Учебно- методическмй комплекс. Алматы 2021. Г. А. Тюлепбердинова, Н. А. Тойганбаева, А. Б. Жусупова
5MPI және CUDA параллель программалау технологиясы : Оқу-əдістемелік құрал. / А.Т. Бектемесов, А.Т. Досаналиева, М. Сыдыбаева. - Алматы: «Тұран» Университеті, 2020. - 48 б.