Компьютерлік инженерия
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
АКТ 2105 Aқпараттық-коммуникациялық технологиялар Екінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
п.ғ.к., профессор м.а. Г.Ж.Ниязова

Пәннің мақсаты жеке кәсіби салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, қорғау, басқару және тарату жөніндегі бұлтты және мобильді сервистерді пайдалануды үйретеді, сандық технологиялар арқылы ақпаратты жинау және беру тәсілдерін талдау қабілетін қалыптастырады.

-

-

баяндама, талқылау, проблемалық оқыту әдістері

1Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мақсатын, мазмұнын және даму үрдістерін түсіндіреді, нақты міндеттерді шешу үшін аса тиімді технологияларды таңдауды негіздейді;
2ақпараттық және коммуникациялық процестердің әдістерін, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін түсіндіреді;
3компьютерлік жүйелер мен желілердің негізгі компоненттері мен функцияларын, құрылымын сипаттайды;
4ақпаратты сақтау, тарату және өңдеу, іздеу үшін мобильді және бұлттық қызметтерді, ақпараттық интернет-ресурстарды пайдаланады;
5ақпаратты сақтау, өңдеу, жинау және беру үшін компьютерлік желілер мен жүйелердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамасын пайдаланады;
6ақпаратты қорғау құрылғылары мен әдістерін таңдауды негіздейді және талдайды;
7әртүрлі салалар үшін деректерді басқару және талдау құрылғыларын жасау үшін цифрлық технологияларды пайдаланады;
8заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану есебінен мамандық бойынша жобалау қызметтерін қалыптастырады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1АКТ пәні және оның мақсаты. Білім берудегі Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі, АКТ-дың стандарттары. АКТ-дың даму эволюциясы.
2Компьютерлік жүйелерге шолу. Компьютерлік жүйелердің эволюциясы. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен компоненттері. Компьютерлік жүйелерді қолдану. Деректердің компьютерлік жүйелерде бейнеленуі.
3Бағдарламалық жасақтама. Бағдарламалық жасақтаманың түрлері, мақсаттары мен сипаттамалары. Операциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамасы, эволюциясы. Операциялық жүйелердің жіктелуі, оның ішінде мобильді құрылғылары үшін. Үстелдік қосымшалардың жіктелуі.
4Адам-компьютер өзара әрекеттестігінің құралы ретіндегі пайдаланушы интерфейсі. Интерфейстер түрлері: командалық жолдың интерфейсі, графикалық интерфейс. Пайдаланаушының жеке және ментальды сипаттамалары. Пайдаланушы интерфейсін өңдеу кезеңдері.
5Деректер қорлары жүйелерінің негіздері: ұғымы, сипаттамасы, архитектурасы. Деректер моделі. Қалыпқа келтіру. Деректер тұтастығына шектеу. Сұраныстарды тиімділеу және оларды өңдеу. SQL негіздері. Деректерді параллельді өңдеу және оларды қалпына келтіру. Деректер қорын жобалау және құру. ORM бағдарламалау.
6Деректерді талдау негіздері. Жинақтау, жіктеу және болжау әдістері. Шешімдер ағаштары. Үлкен көлемді деректерді өңдеу. Data Mining әдістері мен кезеңдері, міндеттері. Деректерді визуализациялау.
7Соңғы құрылғылар, деректерді беру құрылғылары, деректерді беру ортасы. Желілердің түрлері. Стектік хаттамалар: TCP/IP, OSI, IP-адрестеу. Локальді және глобальді желілер. Сымды және сымсыз желілік технологиялар. DHCP хаттамасы. Интернет желісіне қосылу технологиясы. Телекоммуникациялық технологиялар.
8Ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері және олардың жіктелуі. Зиянды бағдарламалар. Ақпаратты қорғаудың шаралары мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар мен спецификациялар. ҚР ақпараттық қауіпсіздік саласындағы реттеуші құқықтық қатынастар заңнамасы. Электрондық цифрлы қолтаңба. Шифрлау.
9Интернетттің негізгі ұғымдары. Әмбебап ресурстар идентификатары (URI), оның тағайындалуы және құрамдас бөліктері. DNS қызметі. Web-технологиялар: HTTP, DHTML, CSS, JavaScript. Электрондық пошта. Хабарламаның форматы.
10Дата орталықтар. Қазіргі инфрақұрылым шешімдерінің даму үрдістері. Бұлтты есептеулер қағидаттары. Виртуалды технологиясы. Бұлтты Web-қызметі. Мобильді технологиялардың негізгі терминдер мен тұжырымдармалары. Мобильді қызметтер. Мобильді технологиялар стандарттары.
11Мәтіндік, аудио, бейне және графикалық ақпаратты сандық форматта ұсыну. Білім берудегі мультимедиялық қосымшаларды әзірлеу құрал-саймандары. Бизнес-процесстерді жоспарлау және сипаттау үшін мультимедиялық технологияларды пайдалану, оларды визуализациялау.
12SMART технологиялары. Заттар интернеті. Үлкен көлемді деректер. Блок чейн технологиясы. Жасанды интелект. Smart-қызметтерді пайдалану. АКТ-дағы жасыл технология. Телеконференциялар. Телемедицина.
13Электрондық бизнес. Электрондық бизнестің негізгі моделдері. Электрондық бизнестің ақпараттық инфрақұрылымы. Электрондық бизнестегі құқықтық реттеу. Электрондық оқыту архитектурасы, құрамы және платформалары. Электрондық оқулықтар. Электрондық үкімет: тұжырымдамасы, архитектурасы, қызметтері. Дамыған елдерде электрондық үкіметтің іске асырудың форматтары.
14Мамандандырылған кәсіби саланың міндеттерін шешудегі бағдарламалық жасақтама. Кәсіби салаларындағы қазіргі заманғы АТ-трендтер. Кәсіптік мақсатта іздеу жүйелері мен электрондық ресурстарды пайдалану. Индустриялық ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қауіпсіздігі.
15Ақпараттық технология саласындағы нарықтың даму перспективалары: еркін бағдарламалық жасақтаманы дамыту. Ақпараттық технология кәсіпкерлігінде экожүйені қалыптастыру және шағын стартап компанияларды қолдау. Е-технологиялардың даму перспективалары
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Т. Б. Нурпеисова, И. Н. Кайдаш. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Оқу құралы. 2018.
2Н. П. Сапарходжаев, Г. Ж. Ниязова, Ү. Р. Рахмет. Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Оқу құралы. Шымкент, 2020.
3Камалова Г.А., Диярова Л.Б. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау. «Альманах» баспа үйі. Алматы, 2019
4Камалова Г.А., А.Х. Касымова, Диярова Л.Б. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару. «Альманах» баспа үйі. Алматы, 2020
5Компьютерлік желілер. Бекмагамбетова Г.М. Оқу құралы. Алматы. 2021