Компьютерлік инженерия
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AJHK 1249 Академиялық жазбаға кіріспе Бірінші курс 3 90 1 4 1
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
технғ.к., доцент м.а. Ж.С.Исмагулова

Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

-

-

IT әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі, мини зерттеулер әдісі.

1академиялық жазылым және оның ерекшеліктерін түсіндіреді;
2библиографиялық құрастыру ережелерін есте сақтайды;
3академиялық жазудың негізгі жанрларын талдайды;
4академиялық бөлім мәтіндерін жазып көрсетеді;
5гипотеза және оны құру жолдарын мәлімдеп береді;
6академиялық адалдық қағидаларын, этикасын түсіндіреді;
7зерттеу жұмысын жүргізу әдістерін таңдайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Академиялық жазылым және оның ерекшелігі. Академиялық оқылым әрекеті. Сыни ойлау және сыни жазылым, қойылатын талаптар
2Академиялық жазылым бойынша әдебиеттермен жұмыс жасау. Библиографиялық құрастыру ережелері. Отандық және шетелдік стандарттар.
3Эссе және оның құрылымы. Эссенің түрлері. Аргументтік эссе. Мәселе және оның шешімін қарастыру эссесі
4Академиялық жазудың негізгі жанрлары (реферат, пікір, аналитикалық шолу, жоба).
5Академиялық жұмыстар. Академиялық мәтіндер. Академиялық эссенің мақсаты. Негіздеме хат.
6Академиялық жазылым үдерісі.Тақырып таңдау. Ақпарат іздеу. Жазылым үдерісі. Жазба жұмысын жоспарлау. Параграф жазу.
7Академиялық жұмыстардағы автор ойының берілуі. Өзге академиялық еңбектерді қолдануға қойылатын талаптар. Жазылым барысында пікірді қолдау және дәлелдеу.
8Тезис жазу. Гипотеза және оны құру жолдары. Болжамдар, - тәжірибелік кеңістік, - зерттелген бағыттағы теориялық білім
9Түйіндеме - қысқаша сипаттама ретінде. Түйіндеменің құрылымы, жазу ерекшеліктері.
10Академиялық адалдық қағидалары және этика. Плагиат туралы түсінік. Жазба жұмыстарын плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламаларымен танысу (antiplagiat, strikeplagiarism). Плагиат және одан сақтанудың жолдары
11Академиялық бөлім мәтіндері. Кіріспе бөлім, Негізгі бөлім. Қорытынды бөлімдерді құрастыру.
12Зерттеу жұмысын жазу. Зерттеу жұмысын бастау. Зерттеу жобасының алғышарттары. Зерттеу жұмысына материал іздеу. Зерттеу жұмысының құрылымы.
13Зерттеу жұмысын жүргізу әдістері.Зерттеу әдістері.Сұқбат жүргізу арқылы мәлімет жинау. Сауалнама алу арқылы мәлімет жинау. Зерттеу жүргізу сұрыптамасы. Зерттеу мәдениеті
14Зерттеу жұмысында мәліметтерді талдау мен сипаттау. Мәліметті және өзгерісті сипаттау. Байланысты анықтау(корреляция). Орташа шаманы анықтау
15Тақырып бойынша жоба дайындау.Жоба мәтінін плагиатқа тексеру. Жобаны қорғауға дайындау
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Оспан Е.И.Аккадемиялық жазылым негіздері. Оқу құралы, Алматы- «Білік» баспасы 2020.
2Б.Б.Динаева, С.М.Сапина. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. Оқу құралы, Нұр Сұлтан- 2020.
3С.М.Сапина. Б.Б.Динаева, Академиялық адалдық және ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу технологиясы. Оқу әдістемелік құрал, Нұр Сұлтан- 2020.
4А.А.Баяхметова, Дусенбина М.Ж. Академическое письмо. язык и стиль академического письма. Учебное пособие. Костанай, 2019