Компьютерлік инженерия
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
VB 2201 Визуалды бағдарламалау Екінші курс 6 18* 1 3 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
технғ.к., доцент м.а. Ж.С.Исмагулова

Пәннің мақсаты автоматтандырылған бағдарламалау құралдарын қолданып, Microsoft Visual C ++ бағдарламалау ортасында MFC класстық кітапханасы мен ATL үлгі кітапханасын қолдану арқылы бағдарламалау дағдыларын меңгеру арқылы Windows операциялық жүйелеріне арналған қосымшаларды құрудың негізгі білімін дамытуға бағытталған.Пәннің мақсаты автоматтандырылған бағдарламалау құралдарын қолданып, Microsoft Visual C ++ бағдарламалау ортасында MFC класстық кітапханасы мен ATL үлгі кітапханасын қолдану арқылы бағдарламалау дағдыларын меңгеру арқылы Windows операциялық жүйелеріне арналған қосымшаларды құрудың негізгі білімін дамытуға бағытталған.

Web бағдарламалау

Алгоритмдеу және бағдарламалау

 IT әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі, мини зерттеулер әдісі.

1визуалды бағдарламалау тілдерін және ортасын таңдайды;
2визуалды және классикалық бағдарламалаудың айырмашылығын көрсетеді;
3визуалды-алгоритмдік ойлауды дамытуды жүзеге асырады;
4веб-қосымшаларды жасай алады;
5пайдаланушы интерфейстерін құру және оқиғаларды өңдеуді түсіндіреді;
6визуалды роботты бағдарламалауды жазып көрсетеді;
73D графикалық қосымшаларды жасауға визуалды бағдарламалауды қолданады;.
8басқа бағдарламалау тілдерімен интеграция жасай алады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Визуалды бағдарламалау түсінігі. Визуалды программалаудың негізгі ұғымдары мен терминдері. Классикалық бағдарламалау тілдерінен ерекшеліктері
2Визуалды бағдарламалау орталары. Visual C++ бағдарламалау ортасы туралы түсінік. Танымал визуалды бағдарламалау орталарымен танысу (Microsoft Visual Studio, Scratch, Blockly, LabVIEW).
3Визуалды-алгоритмдік ойлауды дамыту және бақылау жүйесінің негіздері. Визуалды алгоритмдердің негізгі блоктары Айнымалылар және амалдар туралы түсінік. Шартты операторлар мен циклдар
4Веб-қосымшаларды графикалық бағдарламалау. Визуалды орталарды пайдаланып веб-қосымшаларды жасау (App Inventor, Weebly, HubSpot, Tilda). Интерфейспен және мәліметтер базасымен жұмыс істеу.
5Визуалды роботты бағдарламалау. Роботтарды басқару үшін визуалды бағдарламалауды пайдалану (LEGO Mindstorms)
6Мобильді қосымшаларды визуалды бағдарламалау. Визуалды орталарды пайдалана отырып, Android немесе iOS платформаларында мобильді қосымшаларды әзірлеу (мысалы, MIT App Inventor). Пайдаланушы интерфейстерін құру және оқиғаларды өңдеу
73D-де визуалды бағдарламалау. 3D графикалық қосымшаларды жасау үшін визуалды бағдарламалауды қолдану. 3D графикамен жұмыс істеу негіздері
8Визуалды бағдарламалауды қолдану арқылы ойын әзірлеу. Визуалды орталарды пайдаланып қарапайым компьютерлік ойындарды құру (Scratch, Unity Bolt). Ойын логикасы және ойын әлемдерінің визуалды дизайны
9Ғылыми есептерді шешуге арналған визуалды бағдарламалау. Деректерді талдау және ғылыми мәселелерді шешу үшін визуалды бағдарламалауды қолдану. Ғылыми кітапханалармен интеграция
10Интернет заттары және визуалды бағдарламалау. Визуалды бағдарламалау арқылы смарт құрылғыларды жасау. Интернет арқылы құрылғылардың өзара әрекеттесуі
11Машиналық оқытуды қолдана отырып визуалды роботты бағдарламалау. Роботтарды визуалды бағдарламалауда машиналық оқыту әдістерін қолдану
12Компьютерлік көрудің маңызды міндеттері. Роботтарды объектілерді тануға және күрделі тапсырмалар. Arduino-ға арналған Visuino визуалды бағдарламалау ортасымен танысу
13Моделдеуде есептеріндегі визуалды бағдарламалау. Жетілдірілген визуалды бағдарламалау. Басқа бағдарламалау тілдерімен интеграция жасау
14Бағдарламаларды тестілеу және жөндеу. Визуалды бағдарламаларды тестілеу негіздері
15Визуалды бағдарламалауды қолдана отырып, жоба әзірлеу. Жобаны аяқтау және ұсыну
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Б. Страуструп Программалау. С++ тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі. Алматы, 2014.
2И. Соммервиль Бағдарламалық жасақтама. Алматы, 2016.
3Б. Бөрібаев Алгоритмдеу, мәліметтер құрылымы және программалау тілдері. Оқулық [Текст] /. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2020.
4Б. А. Урмашев, Т. А. Шмыгалева. Программирование на алгоритмическом языке С++: учебное пособие.. -Алматы : Қазақ ун-ті, 2020.
5Г. А. Тюлепбердинова Бағдарламалау технологиясы: Оқу -әдістемелік кешен. Алматы, 2021.