Компьютерлік инженерия
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
GT 3201 Графтар Теориясы Үшінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
доцент Ә.С. Төлеп

Студенттерді графтар теориясы мен желілік талдау негіздерімен таныстыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер әлеуметтік графтарды талдау және визуализациялау үшін Python NetworkX кітапханасымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алады. Алынған құзыреттерді жарнама және жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар ақпараттық алаң мониторингі және коммуникациялық науқандарды жоспарлау үшін пайдалана алады.

---

Дискретті математика.

баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.

1Графтар теориясының негізгі ұғымдарын, графтардың түрлерін және оларды беру тәсілдерін біледі.
2Графтардағы ең қысқа жолдарды іздеу және желідегі максималды ағынды табу алгоритмдерін түсінеді.
3Ағаш ұғымы мен ағаштардың қасиеттерін біледі.
4Эйлерлік және гамильтондық циклдер ұғымдарын және олардың бар болу шарттарын біледі.
5Планарлық және жазық графтар ұғымдарын, графтың планарлық болуының қажетті және жеткілікті шарттарын, графтың хроматикалық санын бағалау әдістерін біледі.
6Графтарды беру тәсілдерін қолданады.
7Графтардағы ең қысқа жолдарды табу мәселелерін шешудің классикалық алгоритмдерін қолданады және олардың модификацияларын жасайды.
8Ең аз салмақты қаңқалы ағаш құра біледі.
9Графтарда эйлерлік және гамильтондық циклдерді таба біледі.
10Жазықтыққа планарлық графты жатқыза біледі, графтың планарлық болып табылатындығын анықтай алады, графтың оңтайлы бояуын табады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Графтар теориясының тарихы. Сыбайластық. Графтар және оған ұқсас нысандар. Графтар изоморфизмы. Валенттілік.
2Графтарды беру жолдары. Графтарға қолданылатын амалдар.
3Графтар саны. Ішкі графтар. Графтар түрлері.
4Маршруттар, шынжырлар, циклдер. Маршруттардың сандарын анықтау. Маршруттар мен циклдердің бар болуын анықтау.
5Графтың метрикалық сипаттамалары. Графты айналып өту.
6Байланыстық компоненттері. Графтардағы және орграфтардағы байланыстық. Конденсация құру алгоритмы. Базаны және антибазаны анықтау.
7Желідегі ағындар. Форд-Фалкерсон теоремасы. Максималды ағынды табу алгоритмы.
8Салмақталған графтардағы ең қысқа жолдар. Ең қысқа жолдарды табу есебінің қойылуы. Дейкстра алгоритмы. Форд-Беллман алгоритмы.
9Ағаштар және олардың қасиеттері. Ағаштар центроиды. Прюфер коды.
10Ағаштардағы есептер. Қанқалы ағаштарды тізбектеу. Қанқалы ағаштарды санау.
11Минималды қанқалар. Краскал алгоритмы. Прим алгоритмы. Бағытталған, реттелген және бинарлы ағаштар.
12Фундаменталды циклдер және фундаменталды қималар жүйелері. Тәуелсіз циклдер жиыны. Фундаменталды циклдерді құру алгоритмы. Тәуелсіз қималар жиыны. Фундаменталды қималарды құру алгоритмы.
13Эйлерлік циклдер (шынжырлар). Эйлерлік циклдердің бар болуының қажетті және жеткілікті шарттары. Эйлерлік циклдерді табу алгоритмы. Гамильтондық циклдер. Гамильтондық циклдің бар болуының жеткілікті шарттары. Гамильтондық циклдерді табу алгоритмы (алгебралық әдіс).
14Төбелердің тәуелсіз (ішкі орнықтылық) жиыны ұғымы. Максималды тәуелсіз жиындарды іздеу алгоритмы. Төбелердің доминдеуші (сыртқы орнықтылық) жиыны ұғымы. Минималды доминдеуші жиындарды іздеу алгоритмы.
15Жазық графтар. Планарлы графтар. Графты жазықтыққа жатқызу алгоритмы. Графтың хроматикалық саны. Графты бояу алгоритмдері.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Ә.С.Төлеп, Б.И.Ескараева. Графтар теориясы. Оқу құралы. -Түркістан, 2019. -115 б
2Ә.С. Төлеп, Б.И. Ескараева. Дискретті математика. Теория және практикум. -Шымкент, 2020. -132 б.
3Абильдаева Г.Б. Дискретті математика: Электрондық оқулық. - Қарағанды: ҚарМТУ, 2017.
4Шевелев Ю.П. Дискретная математика: Учебное пособие. - 4-е изд., стер. - СПб.: Лань, 2022.