Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M01303 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты
- Ғылыми танымы мен психологиялық даярлығы қалыптасқан, оқытудың мазмұнын әзірлеу мен заманауи әдістерін қолдануды меңгерген және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері мен оқытудың дербес әдістемесін жүзеге асыратын болашақ бастауыш білім саласы магистрлерін даярлау 

«7М01303-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы магистратурадағы ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша жүзеге асады және білім беру бағдарламасы ғылым мен педагогика саласында терең білімге ие жоғары оқу орындары жүйесі мен ғылыми-зерттеу құрылымдарына жоғары оқу орнынан кейінгі маман кадрларды дайындауды көздейді.

7М01303- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдараламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

ЖОО-ы, ғылыми-зерттеу, педагогтік кадрларды даярлау және қайта даярлау ұйымдары; жалпы білім беру мекемелері және кәсіптік білім беретін оқу орындары.

Ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік оқу орындары (колледждер,техникумдар, училищелер), ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу бөлімдері.

ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша: ғылыми-педагогикалық; ғылыми-зерттеу; педагогикалық білім беру; педагогикалық-ұйымдастыру.

1- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды (ОН1);
2- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады (ОН2);
3-Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3);
4- Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды (ОН4);
5- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5);
6- Бастауыш білім беруде пәндерді оқытудың ғылыми теориялық және практикалық негіздерін қалыптастыра отырып интербелсенді, инновациялық оқытудың әдістерін жетілдіреді (ОН6);
7- Білім алушыға сапалы білім беру мақсатында өлшеу және бағалау әдістерін жетілдіреді (ОН7);
8- Мектептердегі ұйымдастырушылық, басқарушылық дағдыларын меңгере отырып, білім беру бағдарлмалары, оқу жоспары, авторлық жоба дайындауды дамытады (ОН8);
9- Білім беру саласында озық білімдерге негізделген зерттеу идеяларын ұсынып, жүзеге асырды(ОН9).
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BBBMD 5217 Бастауыш білім беруге мұғалімдерді даярлау Қазақ тілі 5 1 2 0
BBZhB 5216 Білім берудегі жаңа бағыттар Қазақ тілі 5 1 2 0
DAPOGTN 5214 Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми теориялық негіздері Қазақ тілі 5 1 2 0
GZAE 5212 Ғылыми зерттеу әдістері және этика Қазақ тілі 5 1 2 0
KZhPBBD 5215 Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім берудің дамуы Қазақ тілі 5 1 2 0
MUBM 6304 Мектептегі ұйымдастырушылық және басқарушылық мәселелер Қазақ тілі 5 1 2 0
ZhIOA 5213 ЖОО-да интербелсенді оқыту әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BBBBAT5304 Бастауыш білім беру бағдарламаларын әзірлеу технологиясы Қазақ тілі 5 1 2 0
GBBOM 5304 Ғылым мен бастауыш білімнің өзекті мәселелері Қазақ тілі 5 1 2 0
ZhMP5209 Жоғары мектептің педагогикасы Қазақ тілі 4 1 1 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BBBOB 6308 Бастауыш білім беруде өлшеу және бағалау Қазақ тілі 7 2 3 0
BBSZASKS 6311 Білім беру саласындағы зерттеулерге арналған SPSS қолданбалы статистикасы Қазақ тілі 7 2 3 0
MP 6312 Мұғалім психологиясы Қазақ тілі 6 2 2 0
MTK5309 Мұғалімдердің технологиялық құзыреттілігі Қазақ тілі 6 2 2 0
PKК 6307 Педагогикалық қарым-қатынас Қазақ тілі 6 2 2 0
SMD5310 Сыныптағы мультимедиялық дизайн Қазақ тілі 6 2 2 0