Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
7M01737 | 120 | 2 |
Арнаулы орта білім беру мекемелеріндегі осы саладағы пәндерді оқытуға қажетті білім мен іскерлікті меңгерген және оны оқыту дағдыларын жүзеге асыратын, арнайы ғылыми- әдіснамалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын игерген кәсіби педагог мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.
«7М01737- Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызмет саласы: меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары; -жоғары оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары; білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
Ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары; министрліктер, тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдары.
Кәсіби қызметінің функциялары
7М01737- Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрінің кәсіби қызметінің функциялары болып табылады:
- оқыту;
- тәрбиелік;
- әдістемелік;
- зерттеушілік;
- әлеуметтік-коммуникативтік.
7М01737- Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- білім беру;
- эксперименттік зерттеу ;
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастыру-басқару;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- оқу-тәрбиелік;
- оқу-технологиялық.
1 | алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды |
2 | кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады |
3 | педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады |
4 | кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады |
5 | халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды |
6 | филология саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыра және теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларына ие болып, болжау және жоспарлау әдістерін, лингвистика және әдебиеттану саласындағы білімін синтездеп, ғылыми және практикалық мәселелерді салыстыруға және айырмашылықтарын табуға қабілетті |
7 | қазіргі қазақ және әлем тілдерінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары, олардың генезисі, философиялық негізі және дамудың маңызды кезеңдері туралы білімін үйлесімді қолданып, әріптестерімен өзара әрекеттестікте филологиялық ғылымда зерттеулер жоспарлауға және өткізуге қабілетті |
8 | әдебиеттану саласындағы өзекті заманауи ғылыми парадигмаларды, олардың даму динамикасын, әдебиеттанулық зерттеудің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдері жүйесін меңгеріп, әртүрлі мәтіндерді талдау және интерпретациялау дағдыларын, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жүзеге асыруға қабілетті |
9 | коммуникативтік және шешендік құзыреттілікті құрайтын элементтер туралы білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделеп, көпшілік алдында сөз сөйлеудің барлық дағдыларын қолдануға қабілетті |
10 | тіл үйрету әдістемесі саласында қазақ тілінің педагогтары әдістемелік бірлестіктерімен, тіл үйрету орталықтарымен, тәжірибелік мамандардың қауымдастығымен білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырып, шешім қабылдау іскерлігі мен дағдыларын үйлестіре қолдануға қабілетті |
1. семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
ABk 5304 | Академиялық ғылыми жазба | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
ATOAT 4313 | Әдебиет пен фольклордың жалпы теориясы | Қазақ тілі | 3 | 1 | 2 | 0 |
GdT 5206 | Тілдің жалпы теориясы | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
TMAKK 5208 | Тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас | Қазақ тілі | 5 | 2 | 3 | 0 |
ZKA 5302 | Зерттеулердің қолданбалы әдістері | Қазақ тілі | 5 | 2 | 3 | 0 |
ІІ.семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
AZA 6308 | Қазақ әдебиетінің ғылыми-зерттеу әдістері | Қазақ тілі | 3 | 1 | 2 | 0 |
KDBAY 6305 | Қазақ лингвистикасының ғылыми-зерттеу әдістері | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
KDPDID 6309 | Қазақ тілінің парадигмалық және синтагмалық қатынастары мен деңгейлері | Қазақ тілі | 3 | 1 | 2 | 0 |
ІІІ. семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
LKKYY 6309 | Латын негізді қазақ жазуы және орфографиясы | Қазақ тілі | 3 | 1 | 2 | 0 |
MOTLATU 6307 | ЖОО әдебиетті оқыту | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
ZhMKTOA 6306 | Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
IV. семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
MD 7000 | Магистрлік диссертация | Қазақ тілі | 8 | 0 | 8 | 0 |