Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KDPDID 6309 Қазақ тілінің парадигмалық және синтагмалық қатынастары мен деңгейлері Бірінші курс 3 90 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Доцент Н.Д.Кошанова

Тіл жүйесіндегі парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар туралы ғылыми көзқарастарды осы жаңа тенденция тудырған еді. Курстың алдына қойған басты мақсатының өзі де осындай жаңа тенденцияларды оқыту, оларды маман ретінде дүние жүзі тіл білімінде болып жатқан өзгерістер, жаңалықтармен таныстыру.  Оларды белгілі бір шеңбер көлеміндегі айтылып жүрген мәселелермен ғана шектеп қоймай, өз беттерімен ізденуге, ғылыми әлеміндегі жаңалықтардан тыс қалмай еңбек ете білуге үйрету. тілдік жүйеге тән заңдылықтар мен бірліктер, бірліктер арасында болатын тілдік қатынастар туралы  білім мен дағды қалыптастыру. Тіл жүйесіндегі синтагмалық пен парадигмалық қатынастың тіл деңгейлері мен стратумдарына тигізетін әсері мен қызметі туралы білімін қазіргі қазақ және әлем тілдерінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары мен мектептері көзқарастары негізінде үйлесімді жүзеге асырады

Қазақ лингвистикасының ғылыми-зерттеу әдістері

-

1. Топпен жұмыс әдісі.
2. тілдік талдау әдісі.
3. сын тұрғысынан ойлау әдісі.
4. миға шабуыл әдісі әдісі.
5. құрылымдық талдау әдісі 
6. дамыта оқыту әдісі 
 

1Тілдік ішкі құрылымды зерттеудің дамуы, лингвистикалық теориялар мен зерттеу әдістерінің жетіле түсуі, тіл қызметінің жаңа қырларының ашылуы туралы білімдерін синтездейді
2тіл жүйесіндегі морфема синтагмасы мен парадигмасынан бастап, бүкіл тіл деңгейлері мен стратумдарына, олардың дамуына осы екі типологиялық қатынастың тигізетін әсері, етер қызметі, белгілі бір тіл саласындағы проблемалы мәселелерді шешудегі қызметтерін ғылыми жұмыстарында талдайды.
3Филологиялық ғылымдағы қазіргі өзекті әдістемелік, әдіснамалық және философиялық мәселелердің орнын біледі.
4Ғылыми зерттеу жұмыстарында ғылымның жаңа жетістіктерін және алдыңғы қатарлы технологияны қолдануда презентациялар жүйесін дайындауда білімдерін жүйелейді
5«Тілдің парадигмалық және синтагмалық қатынастары мен деңгейлері» пәнінен алған білімдерін пайдалана отырып, қазақ тілі мен әдебиетінің қазіргі жағдайын, оның басқа білім салаларымен өзара байланысын және даму болашағын бағдарлай алады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
11. Апта Лекция Тіл біліміндегі «жүйе» және «құрылым» терминдерінің түсіндірілуіАуызшаСұрақ-жауап
22. Апта Лекция Неограмматистерге тән жаңалықтар, оларға тән мектептер, ірі өкілдері, бүгінгі күнгі тіл білімі проблемаларымен неограмматистер идеясының сабақтастығыАуызшаСұрақ-жауап
33. Апта Лекция Москва, Женева, Қазан мектептері туралы түсінік беру. Соссюрдің тілді бірнеше жүйеге бөліп қарастыруы, тілдік жүйеге тән қатынастарды – синтагматика мен парадигматиканы ашуы.Сөздік
44. Апта Лекция Соссюрдің тіл туралы постулаттары, бүгінгі күні жалғасын табуы.АуызшаСұрақ-жауап
55. Апта Лекция Тіл стратумдары мен деңгейлері. Стратумдар мен деңгейлердің заңдылықтары туралы.АуызшаСұрақ-жауап
66. Апта Лекция Синтагма. Қазіргі тіл білімінде синтагма туралы екі бағыттың қатар дамуы.Сөздік
77. Апта Лекция Синтагматиканың зерттеу нысаны, оның аясына кіретін тіл деңгейлері.Сөздік
88. Апта Лекция Морфема және күрделі сөз синтагмасы.АуызшаСұрақ-жауап
99. Апта Лекция Сөз тіркесі компоненттерінің синтагмасы. Сөйлем синтагмасы - ерекше деңгейдегі ерекше бірлік әрі жетілген бірлік .АуызшаСұрақ-жауап
1010. Апта Лекция Синтагма жасаудың фонетикалық амал-тәсілдері.Сөздік
1111. Апта Лекция Парадигма. Парадигма терминінің мәнін ашу.АуызшаСұрақ-жауап
1212. Апта Лекция Сөйлем парадигмасына тән ерекшеліктерді ашу.АуызшаСұрақ-жауап
1313. Апта Лекция Морфологиядағы парадигматика.АуызшаСұрақ-жауап
1414. Апта Лекция Лексикадағы парадигма және парадигматикалық қатынастар.Сөздік
1515. Апта Лекция Сөзжасам бірлігін анықтау, сөзжасам парадигмасының шегі туралы.Сөздік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11 Қазақ лингвистикасындағы ғылыми зерттеулер.Оқу құралы. Г. Қ. Жылқыбай. - Шымкент : [б. и.], 2019. - 109 с.
22 Жіктік жалғау парадигмасы: синтаксистік және семантикалық қызметтері Ж. Сәдуақасұлы. 2015. Монография.