Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ZhMKTOA 6306 Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі Екінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Dr. Ергөбекова Ж.

Пәннің мақсаты  - қазақ тілін жоғары мектепте оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау болып табылады. Соған сай магистранттар әдістеме саласындағы меңгерген білімін және дағдыларын  маңыздылығына қарай жіктей отырып, тәжірибеде қолданады. Жоғары мектепте қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдерді дұрыс ұйымдастырады. Тәжірибе барысында анықталған оқыту нәтижелерін зерделейді. Оқыту үдерісіндегі мәселелерді талдап, оңтайлы шешім қабылдауға дағдыланады. кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау мақсатына сай магистранттарды әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын зерделеу; магистранттарға қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін тәжірибеден өткізу; қазақ тілі жүйесін жоғары мектепте қатысымдық-танымдық тұрғыдан талдап көрсету пәннің мазмұнын құрайды.

Жоғары мектептің педагогикасы, Тілдің  жалпы  теориясы

Топпен жұмыс, work in pair, learning and study, блиц-сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, постер қорғау, джигсо әдісі, креативтілік оқыту әдістері

1магистранттарға қазақ тілін оқыту әдістемесінің (БББ, НОЖ, силлабус) методологиялық-теориялық негіздерін біледі;
2қазақ тілін оқыту әдістемелер жүйесін жоғары мектепте қолданады
3білім беру бағдарламасындағы пәндерді тиімді оқыту әдістерін екшеп, саралайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Кіріспе. Білім беру бағдарламалары.Сұрақ-жауап
2Білім беру бағдаламасында қамтылатын пәндерСұрақ-жауап
3Негізгі оқу жоспарының құрылымыСөздік
4Syllabus және оның құрылымы.Сұрақ-жауап
5Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдарымен байланысы.Сұрақ-жауап
6Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялауСөздік
7Білім беру бағдарламаларындағы МК орыс топтарына арналған «Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістері мен тәсілдеріСөздік
8Тіл біліміне кіріспе пәнін оқыту әдістемесіСұрақ-жауап
9Фонетика, оқыту әдістемесіСұрақ-жауап
10Лексикологияны оқтудыі оңтайлы әдістері мен тәсілдеріСөздік
11Морфологияны оқытудың әдістемесіСұрақ-жауап
12Сөзжасамды оқыту әдістемесіСұрақ-жауап
13Синтаксисті оқытудың әдістері мен тәсілдеріСұрақ-жауап
14Тарихи грамматика пәні мазмұны мен оқытудың оңтайлы тәсілдеріСөздік
15Жалпы тіл білімі пәні, оқыту әдістемесіСөздік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Орынбасарова Э.А. Педагог этикасы және қарым-қатынас мәдениеті: оқу құралы. –Алматы: Бастау. 2017. -216б
22. Кусаинов Ғ.М., Қағазбаева А.М... Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы. Оқу-әдістемелік құрал. 2-том. –Нұр-Сұлтан-Алматы: TechSmith. 2022. -268 бет
33. Жанатбекова Н.Ж., Борибекова Ф. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар. Оқу құралы. -Алматы: TechSmith. 2022. -248 бет
44. Боранбаева А.Р., Исаева Ж.И.,Беркимбаев К.М.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі. Оқу құралы, Шымкент-2018ж