Информатика (Педагогикалық ғылымдар)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M01557 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты
Білім беру жүйесінде оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын қолдану әдістемелерін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлауға және мақсатты ақпараттық білім беру жүйелерін жобалауға, ғылыми-зерттеулерді ендіру мен қолдануға қабілетті жоғары білікті магистр мамандар даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды

«7M01557-Информатика»  білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызмет саласы: меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары; -жоғары оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары; білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

 Ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары; министрліктер, тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдары.

Кәсіби қызметінің функциялары

7M01557-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрінің кәсіби қызметінің функциялары болып табылады:

-оқыту;

-тәрбиелік;

-әдістемелік;

-зерттеушілік;

-әлеуметтік-коммуникативтік.

7M01557-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- білім беру;

- эксперименттік зерттеу ;

- ғылыми-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- оқу-тәрбиелік;

- оқу  технологиялық.

1Магистрантың ғылым тарихы мен философиясын терең түсінуіне негізделген пәнаралық дүниетанымын кеңейте отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті әдістемелік аппаратты дамытады
2Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
3педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
4Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды
5Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
6Білім беруде пәндерді оқыту технологияларын, әдістері мен құралдарын жасай отырып, заманауи оқыту технологиясын оқу процесінде қолдана алады
7Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, заманауи ақпараттық технологиялардың инновациялық педагогикалық әдістемелерін әзірлейді және жылжытады
8Ақпараттық қауіпсіздік, бұлтты технологиялар мен сервистерді пайдалану дағдыларын меңгере және түсіндіре отырып, тестілікжәне жүйелік талдау әдістерін зерттеу саласында қолдана біледі
9Педагогикалық міндеттерді жобалау, инновациялық үдерістерді енгізу, модельдеу, жинау, талдау, іріктеу дағдыларын жүзеге асырады және оларды жоспарлау, ұсыну және шығармашылық санаттары бойынша бөледі
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BBBZh 5206 Білім беру бағдарламаларын жобалау Қазақ тілі 5 15 30
CP5207 Цифрлық педагогика Қазақ тілі 5 15 30
MB 4335 Медиа білім Қазақ тілі 5 15 30
MOVN 6308 Мобильді оқыту және виртуалды нақтылық Қазақ тілі 5 15 30
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MOTT 6309 МООC оқытудың теориясы мен тәжірибесі Қазақ тілі 5 15 30
SZOZh6306 Бағдарламалық Инженерия Қазақ тілі 5 15 30
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BBMABBOZh 6307 Білім беру мекемесінің ақпараттық-білім беру ортасын жобалау Қазақ тілі 5 15 30
IKOESHA 6305 Информатикадан күрделі және олимпиадалық есептерді шешу әдістері Қазақ тілі 5 15 30
SZOZh6306 Сараптамалық және зияткерлік оқыту жүйелері Қазақ тілі 5 15 30