Биология (Жаратылыстану ғылымдары)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B05146 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Биология салалары бойынша теориялық білім меңгерген, оларды кәсіби қызметінде қолдана білетін, сыни тұрғыда ойлайтын, коммуникативтік, жобалық дағдыларын зерттеушілік қызметте тиімді іске асыра алатын бәсекеге қабілетті жаратылыстану бакалаврын даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«6B05146 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кəсіби қызметінің объектілері биология  саласында, ұйымның әр түрлі деңгейдегі биологиялық жүйелерде, табиғатты қорғау ұйымдарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, заманауи әдістерін қолдану,  құрал-жабдықтармен жұмыс жасау қызметтерін көрсетуді қамтиды.

Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кəсіби қызметінің объектілері ғылыми-зерттеу ұйымдары, жас натуралистер станциялары, ұлттық парктер, қорықтар, табиғатты қорғау ұйымдарында, сонымен қатар ҚР заңнамасына сәйкес, жоғары кәсіби білімді қажет ететін басқа да мекемелер.

Кәсіби қызметінің функциялары:

  • ұйымдастыру-технологиялық;
  • өндірістік-басқарушылық;
  •  жобалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • табиғатты қорғау;
  • мамандық бойынша базалық дайындықты пайдалануға мүмкіндік беретін қызметтің өзге де түрлері

  Кәсіби қызмет  түрлері

  -  дала және зертханалық жағдайда биологиялық материалды  жинақтау  және өңдеуді жүзеге асырады;

-объектілерді талдау, жіктеу және нәтижелерді рәсімдеуді жүзеге асырады;

- ғылыми-  зерттеу жұмыстарын орындайды;

  -ғылыми - зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіреді;

  -эксперименттердің әдістемелік сауатты орындалуын қамтамасыз етеді;

  -ғылыми бағыты бойынша ақпараттық-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;

  -ғылыми зерттеулерді орындау үшін жұмыс берушілер мен серіктестерді тартады;

1-Жеке кәсіби салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және ұтқыр сервистерді қолдануға қабілетті.
2-Мемлекеттік және шет тілдерінің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әр түрлі стильдер мен жанрлардың ауызша, жазбаша мәтіндерін жасайды және коммуникативтік әрекетті құру стратегиясын және тактикасын иелене алады.
3-Қазақстандық қоғамның тарихи білімін, әлеуметтік, іскерлік, мәдени, философиялық және этикалық нормалары мен құндылықтарын қолдана алады.
4-Студенттердің әлеуметтік жеке тұлғалық құзыреттерін және салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып белсенді демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік мәдени құндылықтарын қолданады.
5-Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
6-Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
7-Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады .
8-Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
9-Кәсіби қызметте биология саласындағы озық теориялық және практикалық білімін қолданады.
10-Оқу-далалық және зертханалық жағдайда заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, биологиялық тәжірибелер және зерттеулер жүргізеді
11-Биологиялық объектілер мен жүйелерді зерттеулердің статистикалық нәтижелерін компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, сауатты тұжырымдайды
12-Бақылау, салыстыру, суреттеу біліктерін көрсетіп, компьютерлік анықтағыштарды қолданып, биологиялық түрлерді жіктейді
13-Биоресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау іс-шараларын жоспарлап және жүзеге асырып, биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерін шешеді
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AzhK1247 Академиялық жазбаға кіріспе Орыс тілі, Қазақ тілі 3 1 1 0
GA 1266 Гербарий әдістері Қазақ тілі 5 0 3 0
KB 1275 Клетка биологиясы Қазақ тілі 5 1 2
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
B2281 Ботаника ІІ Қазақ тілі 6 1 2 0
Bot 2202 Ботаника I Қазақ тілі 5 1 2
KZB 2205 Қазіргі заман биологиясы Қазақ тілі 3 1 1 0
Zoo 2202 Зоология I Қазақ тілі 4 1 1 0
Zoo 2203 Зоология ІІ Орыс тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
АО4219 Өсімдіктер зиянкестері Қазақ тілі 5 1 2 0
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MV2283 Микробиология және вирусология Түрікше 5 1 2 0
SM3301 Санитарлық микробиология Қазақ тілі 5 1 2 0
КТ2111 Көшбасшылық теориясы Қазақ тілі 5 1 2 0
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
An 3291 Ауылшаруашылық негіздері Қазақ тілі 5 1 2 0
AZhF 3210 Адам және жануарлар физиологиясы Түрікше 5 1 2 0
BM 1201 Биометрия Қазақ тілі 5 1 2
Gen 3302 Генетика Қазақ тілі 6 1 4
Osh 3290 Өсімдік шаруашылығы Қазақ тілі 5 1 2 0
TB3292 Топырақ биологиясы Қазақ тілі 5 1 2 0
TN3286 Топырақтану негіздері Қазақ тілі 5 1 2 0
Zoo3285 Зообиотехнология Қазақ тілі 5 1 2 0
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AA 3315 Адам анатомиясы Орыс тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
Den 3396 Дендрология Қазақ тілі 5 1 1 0
Fit3312 Өсімдік биотехнологиясы Қазақ тілі 5 1 2 0
LF3397 БотаникаІІ Қазақ тілі 5 1 2 0
SZA 6311 Өндірістік микробиология Қазақ тілі 5 1 2 0
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AS 4336 Ауылшаруашылық селекциясы Орыс тілі 6 1 3 0
BMZA 43103 Ботаникалық және микологиялық зерттеу әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
DOSh4399 Дәрілік өсімдік шикізаты Қазақ тілі 5 1 2 0
Emb 43100 Эмбриология Қазақ тілі 5 1 2 0
EZhF 43101 Эндокринді жүйе физиологиясы Қазақ тілі 5 1 2 0
KB 4315 Қазақстанның флорасы мен өсімдіктер жамылғысы Қазақ тілі 6 1 2 0
KB 4315 Қазақстан биоресурстары Қазақ тілі 6 1 2 0
MBPWS43102 Су көздерін биологиялық тазалау әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
OF4293 Өсімдіктер физиологиясы Қазақ тілі 5 1 2 0
ZZAP 4337 Зоологиялық зерттеулердің әдістері мен принциптері Қазақ тілі 5 1 2 0
АО4318 Әлем өсімдіктері Қазақ тілі 5 1 2 0
ЕТ 4316 Эволюциялық теория Қазақ тілі 5 1 2 0
МВ 4393 Молекулалық биология Қазақ тілі 7 1 3 0
РМ4298 Өндірістік микробиология Орыс тілі 5 1 0 2