Биология (Жаратылыстану ғылымдары)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
Zoo 2202 Зоология I Екінші курс 4 120 1 1 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
К.К.Байтурсинов

Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысын, тіршілік әрекетін, жеке және тарихи дамуын, тіршілік әрекетін,
таралуын және адам өміріндегі маңыздылығы мен тіршілігінің сыртқы орта жағдайларына қарым –қатынасын
қарастыру. Оқу курсы барысында зоологиялық объектілердің алуан түрлілігінің ғылыми - зерттеу әдістерімен
және практикалық қызметінде зоологиялық білімді қолданудың әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән
жануарлардың әртүрлі топтарының биологиялық прогресі немесе регресінің себептерін, экологиялық
жүйелердегі орны мен шаруашылықтық және кәсіптік маңыздылығын зерттеуге бағытталған.

Зоология II

Биометрия

Топпен жұмыс, блиц-сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, дамыта оқыту әдісі, постер қорғау, джигсо әдісі, 
проблемалық шығарма әдісі, Модульдік оқыту технологиясы.

1ОН2-жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; -мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады.
2ОН6-биологиялық объектілердің анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық . зерттеу әдістерін меңгереді;
3ОН8-зерттеу бойынша болжамдар жасайды, тәсілдерді қолдана отырып, эксперимент жүргізеді және зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады; -биологияның ғылыми негіздерін тұжырымдай ды және объектілерді зерттеуде инновациялық технологияларды пайдаланады .
4ОН11-биологиялық нысандар туралы білімді терең меңгереді; -үдерістер мен құбылыстардың заңдылықтарын бағалай алады, іс жүзінде қолдану қабілетін көрсетеді .
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Бір клеткалы жануарлар тармағы – protozoa. Қарапайымдылардың құрылысының ерекшеліктері, көбеюі, маңызы, таралуы.Жазбаша
2Саркомастигофора типі. Өсімдіктектес және жануартектес талшықтылар кластары, экологиясы, таралуы, практикалық маңызы.Жазбаша
3Паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылардың типтері. Грегариналар, кокцидиялар, безгек плазмодиясының көбеюіндегі ерекшеліктерЖазбаша
4Инфузориялар типі. Ядролық аппаратының ерекшелігі және көбеюі (конъюгация, аутогамия) систематикасы, кластары .Жазбаша
5Губкалар типі құрылысындағы ерекшелігі, экологиясы, практикалық маңызы, филогениясыЖазбаша
6Ішекқуыстылар мен ескектілердің ұқсастық және айырмашылық белгілері. Ішекқуыстылардың систематикасы, филогениясы,практикалық маңызы.Жазбаша
7Паразит тіршілік етуімен байланысты таспа құрттардың ерекшеліктері, зат алмасуындағы қоректенуі мен тыныс алуындағы ерекшеліктері, көбеюі, дамуы, жетілуі және личинкалық сатылары.Жазбаша
8Жалпақ құрттар типінің құрылыс ерекшеліктері. Кірпікшелі құрттар класы, сорғыштар класы құрылысының ерекшеліктері, көбеюі, эмбриональдық дамуы, личинкалық сатылары, иелерінің ауысуы.Жазбаша
9Жұмыр құрттар типі. Алғашқы дене қуысының пайда болуы. Жұмыр құрттардың систематикасы.Жазбаша
10Буылтық құрттар типі.Екінші реттік қуыстың пайда болуы, құрылысы, қызметі, метамерияның биологиялық маңызы.Жазбаша
11Моллюскалар типінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы. Сауыттылар және сауытсыздар класының сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері.Жазбаша
12Буынаяқтылар типі. Гетерономды сегменттердің дамуы. Аяқтары және олардың шығу тегі. Ауыз аппаратының құрылысы, систематикасы. Шаянтәрізділердің систематикасы.Жазбаша
13Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класының систематикасы, негізгі отрядтары, құрылыс ерекшеліктері.Жазбаша
14Насекомдар класы. Ауыз аппаратының, аяқтарының, қанаттарының, қанаттарының типтері және олардың құрылысы. Постэмбриональдық дамуы.Жазбаша
15Толық түрленіп дамитын насекомдар тобы. Қоңыздар, жарғаққанаттылар, көбелектер, қосқанаттылар, бүрге отрядтары.Жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1К. Ә. Дәуітбаева, С. М. Шалғымбаева Омыртқасыздар зоологиясы. Оқулық Б.1 /. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2019.
2Г. А. Есенбекова, К. Ә. Дәуітбаева, Г. Ж. Орманова Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен далалық-оқу практикасына арналған оқу құралы.. - Алматы :Қазақун-ті, 2020
3Г. Ж. Турметова. Арахнология негіздері. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы./ - Түркістан : Әлем, 2020.
4Г. Қ. Сатыбалдиева, Н. Б. Орманова Омыртқасыздар зоологиясы.Практику м:оқу құралы. /. - Алматы : [б. и.], 2020
5Зоология пәнінен оқу-дала практикасын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулық. Алматы, 2019. Б.Е.Есжанов, А.А.Аметов, Н.Б.Баймурзаев т.б