Педагогика және психология
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
8D01101 180 3
Білім беру бағдарламасының паспорты

Педагогика және психология саласында мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдардың жұмыс істеу және даму стратегияларын жасауға,  логикалық әдістерді пайдалануға, кәсіби қызмет пен өзара  іс-қимыл модельдерін құрастыруға және басқару әдіснамасын менгеруге, макроәлеуметтік және  макроэкономикалық  жүйелерді модельдеуге, енгізуге және бейімдеуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы

Білім, ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.

- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және нысандағы орта білім беру ұйымдары;

- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

- жоғары оқу орындары;

- ғылыми-зерттеу институттары;

- Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;

- білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

-білім беру

- оқыту және тәрбиелеу;

-диагностикалау;

- ғылыми-зерттеу;

- ұйымдастыру (басқару);

- қалыптастыру;

-білім беру және технологиялық;

-әлеуметтік-коммуникативтік

 
1Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады. (ОН1)
2Өзекті заманауи ғылыми зерттеулерді жоспарлап және іске асырып, ғылыми зерттеулердің ұлттық және халықаралық жарияланымдарының жағдайы туралы білімді пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін алынған нәтижелерді сандық және сапалық әдістермен өңдейді және бағалайды (ОН2)
3Психологиялық –педагогикалық маңызды зерттеулердің нәтижелерін өңдеп, сараптай отырып, нәтежелерін түсіндіріп, диагностикалап, оқу үдерісінде қолданып, шешім қабылдайды.(ОН3)
4Әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды инновациялық технологиялардың іскерлік қолданбаларымен сыни тұрғыдан талдай және салыстыра отырып, жаңа идеялармен шешімнің прототипін әзірлейді. (ОН4)
5Жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдай отырып, ғылыми көзқараспен маңызды зерттеу процесін ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсетеді (ОН5)
6Зерттеу дағдылары мен әдістерін игере отырып, өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қалың жұртшылыққа хабарлай отырып, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өз түпнұсқа зерттеулерімен үлес қоса отырып, зерттеу саласы туралы жүйелі түсінік көрсетеді (ОН6)
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AH 7210 Академиялық хат Қазақ тілі 5 1 1 -
GZA 7217 Ғылыми зерттеу әдістері Қазақ тілі 5 2 2 -
PFA 7203 Педагогиканың философиясы және әдіснамасы Қазақ тілі 5 1 2 -
PKBBSB 7301 Педагогикалық квалиметрия және білім беру сапасын басқару Қазақ тілі 5 1 2 -
ВВВAТ 7215 Білім беру бағдарламаларын әзірлеу технологиясы Қазақ тілі 5 1 2 -