Сандық медиа және телерадиожурналистика
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B03279 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие, инновациялық журналистік тәжірибеге ие, медиа үшін мультимедиялық контент жасай алатын, ақпаратты жинау, өңдеу және берудің сандық мобильді технологияларымен жұмыс істеу дағдысы бар цифрлық медиа саласындағы журналистерді даярлау.

Білім беру бағдарламасы жоғары білікті, цифрлық мобильді технологиялармен жұмыс істеу дағдысы бар, қазіргі заманғы цифрлық дәуірде еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бакалавр-журналистерді даярлау принципіне негізделген. Бағдарлама білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді. Даярлаудың осы бағыты бойынша студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Бағдарламадағы пәндер еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды.

«6В03279-Сандық медиа және телерадиожурналистика» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар  бакалавры

   Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кәсіптік қызмет саласы:

- мерзімді баспа;

- телевизиялық журналистика;

- радиожурналистика;

- халықаралық журналистика;

- бұқаралық ақпарат құралдарының менеджменті және маркетингі;

- Интернет-журналистика.

   Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кəсіби қызметінің объектілері:

- отандық және шетелдік сандық және баспа БАҚ;

- Қазақстандағы және шетелдегі жұртшылықпен байланыс бойынша құрылымдар мен бөлімшелер;

- әлеуметтік желілер, SMM , MMM, интернет жарнама

- БАҚ сайттары және корпоративтік сайттар

- PR департаменттер, компаниялардың маркетингтік қызметтері,

- Жарнамалық агенттіктер, продакшн студиялар.

- отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер мен мемлекеттік және тәуелсіз органдар жанындағы жаңалықтар қызметтері;

- отандық және шетелдік баспалар мен полиграфиялық кешендер;

- отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметі;

- Қазақстан мен шет елдердің саяси, әлеуметтік және маркетингтік зерттеу және консалтингтік құрылымдары;

- желілік ақпараттық құрылымдар

- ойын-сауық қызметтері мен акциялар нарығы.

- Шығармашылық қызметтің басым бағыттарын әзірлеу

-Стратегияны және ұйымдық құрылымды қалыптастыру

-Материалдарды баспаға және эфирге уақытылы және сапалы дайындауға, жоспарлауға қатысты редакциялық жұмысты ұйымдастыру.

-Аудио, теле, радио, бейнеөнімдерді өндірудің технологиялық процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету

-Заңнамалық, саяси шешімдер мен үрдістерді мониторингілеу және талдау

-Өнімді немесе қызметті жылжыту үшін жылжыту стратегиясын, маркетингтік бағдарламаларды, жарнамалық стратегияны, жарнамалық науқандарды жоспарлау және іске асыру.

1мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастыра отырып, жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын меңгереді, барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады; (ОН1).
2-жеке, мәдени және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады, мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады (ОН2).
3-қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді,тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады (ОН3).
4- Қазіргі заманғы техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды, мобильді қосымшаларды қолдана отырып ақпарат тарата алады. (ОН4)..
5--SMM трендтерді қадағалау және оларды өз жұмысында пайдалану арқылы, танымал тақырыптық форумдармен, қауымдастықтармен жұмыс істей алады. (ОН5)
6-Сандық технологияларды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану және бағалау, қазіргі заманғы әлеуметтік медиа құралдарын анықтау. Электронды құралдардың, платформалардың және әлеуметтік желілердің түрлі типтерінің артықшылықтары мен тәуекелдерін бағалай алады (ОН6)..
7- Қоғам өміріндегі өзекті оқиғаларды таниды және олардың жаңа көзқарастарын зерттеу тұрғысынан қолданады. Материалдарды дайындай алады және мақсаттылығын анықтау қабілетін қалыптастырады. Ақпаратты жинау және құрылымдау, материалды дайындау үшін, оның ішінде құзыретті көздермен өзара іс-қимыл жасау арқылы әрекет етеді. (ОН7).
8- Газет-журнал, теле-радио, интернет жұмысының үдерісін үйренеді. Газетті (журналды) дайындау және шығару жөніндегі стандарттар, техникалық шарттар, нұсқаулықтар және басқа да нормативтік құжаттармен жұмыс істей алады. Оқырмандарды (көрермендерді, тыңдаушыларды) өзіндік қорытынды жасауға итермелейтін түрлі журналистік жанрларда контенттер әзірлей алады (ОН8).
9-Материалдарды өңдеу, оның ішінде келтірілген дәйексөздердің, есімдердің, цифрлардың және басқа да нақты деректердің дұрыстығын қамтамасыз ете отырып, құрастыра алады. (ОН9).
10-Ньюсмейкерлер мен оқиға қатысушыларымен, куәгелермен, басқа да өзекті ақпарат көздерімен байланыс орнатып, мәліметтер жинақтайды, оқиға орнына барып, оқиғаларды тікелей эфирде жариялауды ұйымдастыра алады. Аудио (бейне) жабдықтарды қолдана алады. (ОН10).
11- Ұсынылған материалдардың сапасын, олардың осы БАҚ талаптары мен форматына сәйкестігін талдауды үйренеді. Басылымдардың түпнұсқаларын және иллюстрацияларды, иллюстрациялар мен безендіру элементтерінің орналасу тәртібін белгілеп көрсете алады. Журналистік жарияланымдардың міндеттері мен әдістері, технологиясы мен техникасы, олардың мазмұндық және құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін меңгеруді қалыптастырады. (ОН11).
12-Пайдаланылатын ақпараттың шынайылығы мен өзектілігін тексеріп, жазады. Контентті оңтайландыру үшін дайындалған (оның ішінде жеке) материалдарды (сценарийлерді) бейімдеу/редакциялауды ұйымдастырады. Әдеби шығармаларды сценарийге қайта өңдеу, бағдарламалар мен көрсетілімдердің сценарийін жаза алады. (ОН12)
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AZhK1247 Академиялық жазбаға кіріспе Қазақ тілі 3 1 1
EBZh 1202 Электронды БАҚ жанрлары Қазақ тілі 5 1 0 2
SJK 1201 Сандық журналистикаға кіріспе Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AZhZhSh3211 Ақпарат жинау және жазу шеберлігі Қазақ тілі 3 3
МТ 1289 Медиа тарихы Қазақ тілі 3 1 2 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
EBZh 1202 Электронды БАҚ жанрлары Қазақ тілі 4 1 0 2
TrD Телерадиодағы дикция Қазақ тілі 5 3
TsO 4353 Телесценарий өнері Қазақ тілі 5 0 0 4
МЕ2208 Медиа этика Қазақ тілі 4 0 0 3
ТЛ 2103 Көшбасшылық теориясы Қазақ тілі 5 1 4 0
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
IZh 2218 Интернет журналистика Қазақ тілі 3 0 0 4
KZh/ YaG2206 Конвергентті журналистика Қазақ тілі 3 1 1 15
MTT / MTTT 2219 Медиадизайн техникасы мен технологиясы Қазақ тілі 3 0 0 4
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MM 3217 Медиа менеджменті Қазақ тілі 5 1 3 0