Биология (Педагогикалық ғылымдар)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B01513 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Биология саласы бойынша теориялық және әдістемелік білімін, іскерлігін, дағдыларын меңгерген, оларды кәсіби қызметінде қолдана білетін, әлеуметтік-коммуникативтік дағдылары мен зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алатын бәсекеге қабілетті білім бакалаврын даярлау;

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды

«6В01513 –Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім  бакалавры

«6B01513 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында, биологиялық және педагогикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарында атқарады.

- жалпы орта білім беретін негізгі және бейіндік мектептер;

- мамандандырылған мектептер;

- техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдары;

- ғылыми-зерттеу мекемелері және бейіндік пәндер зертханалары;

мемлекеттік басқару ұйымдары және т.б. жатады

Функциялары:

- білім беру ұйымдарында биологияны кәсіби қызмет нысанына сәйкес оқыту;

- қазіргі педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық және тәрбие қызметтерін жүзеге асыру;

- биология бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижесін оқу процесіне енгізу;

- биология бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткізу,  болып табылады.

Түрлері:

- білімдік;

- эксперименттік-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- оқу-тәрбиелік;

- оқу-технологиялық болып табылады.

1-жеке кәсіби салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және ұтқыр сервистерді қолдануға қабілетті
2-мемлекеттік және шет тілдерінің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әр түрлі стильдер мен жанрлардың ауызша, жазбаша мәтіндерін жасайды және коммуникативтік әрекетті құру стратегиясын және тактикасын иелене алады
3-Қазақстандық қоғамның тарихи білімін, әлеуметтік, іскерлік, мәдени, философиялық және этикалық нормалары мен құндылықтарын қолдана алады
4-студенттердің әлеуметтік жеке тұлғалық құзыреттерін және салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып белсенді демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік мәдени құндылықтарын қолданады
5-Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
6-Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
7-Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
8-Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
9-Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады
10-Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті
11-Білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеріп, оқыту әдістемелерін жобалап, оқу процесін жүзеге асырады.
12-Биология ғылымының теориялық және қолданбалы аспектілерін, алған білімі мен білігін кәсіби қызметінде қолданады
13-Заманауи технологияларды тиімді қолданып, оқытудың теориялық және әдістемелік міндеттерін шешеді
14-Теориялық білім негізінде тірі ағзалардың құрылысын, негізгі қасиеттерін, ағзаға тән процестердің жүру заңдылықтарын ескере отырып,оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді
15-Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жинақтау, өңдеу, талдаудың заманауи тәсілдерін меңгере отырып, зерттеу жұмыстарын қорытындылайды
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AzhK3247 Академиялық жазбаға кіріспе Қазақ тілі 3 1 1 0
GA 1280 Гербарий әдістері Қазақ тілі 5 0 0 3
МК 1279 Мамандыққа кіріспе Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
CG 1281 Цитология және гистология Қазақ тілі 5 1 0 2
OFD 1204 Оқушылардың физиологиялық дамуы Қазақ тілі 3 1 1 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ОАМ 2285 Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы Қазақ тілі 5 1 0 2
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MiK 2295 Микробиология Қазақ тілі 5 1 2 0
OZ 2286 Омыртқасыздар зоологиясы Қазақ тілі 5 1 0 2
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BBDZhT 3297 «Биология пәнін жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» Қазақ тілі 9 1 4 0
D(M)O 4376 «Дәрілік (медициналық) өсімдіктер» Қазақ тілі 5 1 0 2
GN 3291 Жалпы генетика Қазақ тілі 5 1 0 1
KBTN 4328 Қолданбалы биология және топырақтану негіздері Қазақ тілі 5 1 1 0
OS 3287 Өсімдіктер систематикасы Қазақ тілі 5 1 0 2
OZ 3288 Омыртқалылар зоологиясы Қазақ тілі 4 1 0 1
ЕТ 3206 Эволюциялық теория Қазақ тілі 4 1 1 0
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AA 3315 Адам анатомиясы Орыс тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
Bio 4382 Биотехнология Қазақ тілі 5 1 0 2
BPLZhU 3236 Биология пәнінен лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру Қазақ тілі 10 1 5 0
MB 3298 Мектептегі биология Қазақ тілі 10 1 4 0
OIN3317 Өсімдіктер интродукциясының негіздері Қазақ тілі 5 1 0 2
КТ 3172 Көшбасшылық теориясы Қазақ тілі 5 1 1 0
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AZhF 4381 Адам және жануарлар физиологиясы Қазақ тілі 10 1 4 0
BOA 3237 Биологияны оқыту әдістемесі Қазақ тілі 9 2 5 0
BPKKDA 3296 Биология пәнінен көрнекі құралдар дайындау әдістемесі Қазақ тілі 9 30 0 75
EnD 4380 Эндокринология Қазақ тілі 10 1 2 0
KZBМ4378 Қазіргі заман биологиясының мәселері Қазақ тілі 10 1 0 4
MBN 4379 Молекулалық биология негіздері Қазақ тілі 10 1 4 0
MBOIA 3301 Мектепте биологияны оқытудың инновациялық әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
OF4293 Өсімдіктер физиологиясы Қазақ тілі 5 1 0 2
ZhDB 4377 Жеке даму биологиясы Қазақ тілі 10 1 0 4