Биология (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
OZ 2286 Омыртқасыздар зоологиясы Екінші курс 5 150 1 0 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Турметова Гүлмира

Пән омыртқасыз жануарлардың құрылысын, көп түрлілігі мен тіршілік әрекетін, таралуын, зоологияның қысқаша даму тарихын,
жануарлардың негізгі деңгейлікформаларын қарастырады. Пәнді
игеру нәтижесінде білімгер әрбір типтің систематикасы, құрылым
ерекшеліктері, көбеюі мен дамуы, биологиясы мен экологиясын, таралуы мен маңызын,палеонтологиясы мен филогенезін жүйелі
түрде меңгереді. Тірі ағзаларда жүретін процестердің заңдылықтарына биологиялық зерттеулер жүргізеді.

Омыртқалылар зоологиясы

Мамандыққа кіріспе

Топпен жұмыс, миға шабуыл, пікір алмасу, сын тұрғысынан ойлау

1Білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеріп, оқыту әдістемелерін жобалап, оқу процесін жүзеге асырады;
2Заманауи технологияларды тиімді қолданып, оқытудың теориялық және әдістемелік міндеттерін шешеді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Бір клеткалы жануарлар тармағы – protozoa. Қарапайымдылардың құрылысының ерекшеліктері, көбеюі, маңызы, таралуы.Жазбаша
2Саркомастигофора типі. Өсімдіктектес және жануартектес талшықтылар кластары, экологиясы, таралуы, практикалық маңызы.Жазбаша
3Паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылардың типтері. Грегариналар, кокцидиялар, безгек плазмодиясының көбеюіндегі ерекшеліктерЖазбаша
4Инфузориялар типі. Ядролық аппаратының ерекшелігі және көбеюі (конъюгация, аутогамия) систематикасы, кластарыЖазбаша
5Губкалар типі құрылысындағы ерекшелігі, экологиясы, практикалық маңызы, филогениясыЖазбаша
6Ішекқуыстылар мен ескектілердің ұқсастық және айырмашылық белгілері.Ішекқуыстылардың систематикасы, филогениясы, практикалық маңызы.Жазбаша
7Жалпақ құрттар типінің құрылыс ерекшеліктері. Кірпікшелі құрттар класы, сорғыштар класы құрылысының ерекшеліктері, көбеюі, эмбриональдық дамуы, личинкалық сатылары, иелерінің ауысуы.Жазбаша
8Жұмыр құрттар типі. Алғашқы дене қуысының пайда болуы. Жұмыр құрттардың систематикасыЖазбаша
9Буылтық құрттар типі.Екінші реттік қуыстың пайда болуы, құрылысы, қызметі, метамерияның биологиялық маңызы.Жазбаша
10Моллюскалар типінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы. Сауыттылар және сауытсыздар класының сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктеріЖазбаша
11Буынаяқтылар типі. Гетерономды сегменттердің дамуы. Аяқтары және олардың шығу тегі. Ауыз аппаратының құрылысы, систематикасы. Шаянтәрізділердің систематикасы.Жазбаша
12Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класының систематикасы, негізгі отрядтары, құрылыс ерекшеліктеріЖазбаша
13Насекомдар класы. Ауыз аппаратының, аяқтарының, қанаттарының, қанаттарының типтері және олардың құрылысы.Постэмбриональдық дамуы.Жазбаша
14Паразит тіршілік етуімен байланысты таспа құрттардың ерекшеліктері, зат алмасуындағы қоректенуі мен тыныс алуындағы ерекшеліктері, көбеюі, дамуы, жетілуі және личинкалық сатылары.Жазбаша
15Толық түрленіп дамитын насекомдар тобы. Қоңыздар, жарғаққанаттылар, көбелектер, қосқанаттылар, бүрге отрядтары.Жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Mýmınova K.Sh. Omyrtqasyzdar zoologıasy. Oqý quraly 2016
2G. Q. Satybaldıeva, N. B. Ormanova Omyrtqasyzdar zoologıasy.Praktıkým:oqý quraly. - Almaty : [b. ı.], 2020
3N. B. Tolbayev, G. A. Babayeva, G. Zh. Turmetova Invertebrate zoology: Book. - Turkestan : Turan, 2019
4B.E.Esjanov, A.A.Ametov, N.B.Baımýrzaev t.bzoologıa páninen oqý-dala praktıkasyn júrgizýge arnalǵan ádistemelik nusqaýlyq. Almaty 2019.
5Prof. L.R.Gurjar Practical invertebrate Zoology - I 2018