Математика (Педагогикалық ғылымдар)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M01547 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын меңгерген,  математика саласында теориялық және практикалық жүйеленген білімі, іскерліктері мен дағдылары бар, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті математик-педагогтарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«7М01547 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Білім.

  • меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
  • жоғары оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу институттары;
  • білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
  • білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

Педагогикалық:

- меңгерілетін білім беру бағдарламасының деңгейіне байланысты білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктері мен жетістіктерін зерттеу;

- білім алушылардың жас және психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес пәндік саланың ерекшелігін көрсететін технологияларды пайдалана отырып, білім беру саласында оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру;

- әріптестермен, ата-аналармен, әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

- кәсіби өз бетімен білім алу және тұлғалық өсуді жүзеге асыру;

Ғылыми-зерттеу:

- ғылым және білім саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау, жүйелеу және жинақтау;

- қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, ғылым және білім беру саласындағы ғылыми зерттеу нәтижелерін жүргізу және талдау;

Әдістемелік:

- педагогтардың кәсіби және білімдік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу және талдау және жеке әдістемелік сүйемелдеу бағыттарының алынған нәтижелері негізінде жобалау;

- педагогтарды әдістемелік қолдау нәтижелерін іске асыруды зерттеу, ұйымдастыру және бағалау.

1- алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды (ОН1);
2- кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады (ОН2);
3- педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3);
4- заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды (ОН4);
5- халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5);
6-орта мектепте математиканы оқытудың математикалық, педагогикалық және психологиялық заңдылықтары және олардың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктерін, терең білімдерін қолданады (ОН6);
7-орта мектепте математика курсының әртүрлі бөлімдері бойынша қиындық деңгейі жоғары есептерін шешу дағдыларын меңгереді (ОН7);
8-дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешуде өзінің ғылыми ойларын, шешімдерін және идеяларын әріптестеріне, ғылыми қауымдастыққа нақты және тиянақты түрде жеткізеді (ОН8);
9-қазіргі заманғы алгебра және геометрия саласындағы терең теориялық білімдерді көрсетіп, осы салада зерттеулер нәтижелерін талдайды (ОН9);
10-заманауи ақпараттық технологияларды қолданбалы есептерді шешуде және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады (ОН10).
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AKTR5216 Алгебраның қосымша тараулары Қазақ тілі 5 1 2
AKZM5213 Алгебраның қазіргі заманғы мәселелері Қазақ тілі 5 1 2
ZKA 5302 Зерттеулердің қолданбалы әдістері. Қазақ тілі 5 1 1
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AGIM 5211 Алгебра және геометрияның іргелі мәселелері Қазақ тілі 5 1 2
AGZh 5306 Академиялық ғылыми жазба Қазақ тілі 5 2 3
GZAA 5307 Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және әдістері Қазақ тілі 5 1 2
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DTUSHE6314 Дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер Қазақ тілі 7 1 2