| 1 | - алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды (ОН1); |
| 2 | - кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады (ОН2); |
| 3 | - педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3); |
| 4 | - заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды (ОН4); |
| 5 | - халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5); |
| 6 | -орта мектепте математиканы оқытудың математикалық, педагогикалық және психологиялық заңдылықтары және олардың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктерін, терең білімдерін қолданады (ОН6); |
| 7 | -орта мектепте математика курсының әртүрлі бөлімдері бойынша қиындық деңгейі жоғары есептерін шешу дағдыларын меңгереді (ОН7); |
| 8 | -дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешуде өзінің ғылыми ойларын, шешімдерін және идеяларын әріптестеріне, ғылыми қауымдастыққа нақты және тиянақты түрде жеткізеді (ОН8); |
| 9 | -қазіргі заманғы алгебра және геометрия саласындағы терең теориялық білімдерді көрсетіп, осы салада зерттеулер нәтижелерін талдайды (ОН9); |
| 10 | -заманауи ақпараттық технологияларды қолданбалы есептерді шешуде және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады (ОН10). |