Физика (Педагогикалық ғылымдар)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M01506 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау үшін теориялық және практикалық білімді қолдануға қабілетті, кәсіби және жалпымәдени құзыретіліктерді меңгерген ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды

«7М01506 – Физика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Білім, ғылым, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар

-меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және нысандағы орта білім беру ұйымдары;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
- жоғары оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
- білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

- жоғары және орта оқу орындарында сабақ және басқа да сабақ түрлерін жүргізу; - әдістемелік материалдарды, тиісті құжаттаманы, сондай-ақ оларға қосымшаларды әзірлеу; - қажетті ақпаратты зерттеу және талдау, оны жинақтау, жүйелеу және кәсіби қызметте пайдалану; -орта мектептің зерттеу бағдарламасы аясында және жоғары мектептің білім беру бағдарламалары аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; - үйірме жұмысын және факультативтік сабақтарды жүргізу; - пән бойынша, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының даму мүддесінде шешілуі қажет өңірдің мүдделері мен ерекшеліктеріне және негізгі міндеттеріне сәйкес тәрбие жұмысын жүргізу; -өндірісте да, ғылыми-зерттеу институттарында да зертханаларда жұмыс істеу.

1Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
2Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
3Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
4Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды
5Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
6Физиканы оқытудың қазіргі заманғы әдістері туралы білімдерді, оқыту проблемалары туралы ақпаратты ажыратып және алынған ақпаратты талдап, физиканы оқытуда креативтілікті диагностикалаудың әдістерін, оқу нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдарын меңгеріп, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырып, кері байланысты жүзеге асырып, өлшенетін критерийлер және оқыту нәтижесін бағалайды
7Физиканы оқыту әдістемелерін, жаңартылған мазмұндағы сабақ құрылымын әзірлеп, іске асыра отырып, физикалық практикумдарды, тәжірибенің барлық түрлерін өз бетінше ұйымдастырып, өткізіп, физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдеп, компьютерлік модельдерді заманауи талаптарға сәйкес дамытады
8Физикадан қолданбалы және күрделі есептерді шығара отырып, олардың классификациясын, әдістемесін меңгеріп, физика тарауларында кездесетін дифференциалдық және интегралдық есептерді шығарып, кәсіби қызметте қолданады
9Физика ғылымы дамуының негізгі кезеңдерін, ережелерін, жаратылыстанудың заманауи концепцияларын, философиялық зерттеудің әр түрлі әдістерін талдап, жалпы физика курсындағы білім негіздерін, физикадағы құбылыстар мен заңдылықтарға сүйеніп, тапсырмаларды, есептерді шығарып, зертханалық жұмыстардың нәтижелерін дәлелдеп, заманауи технологияларды және тиімділігін бағалайды
10Педагогикалық экспериментті ұйымдастырып, математикалық және статистикалық өңдеу әдістерін қолдана отырып, қазіргі заманғы оқыту құралдарын пайдалану тиімділігін бағалап және ғылыми-зерттеу қызметінің эксперименттік нәтижелерін талдайды
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ANP 5306 Академиялық ғылыми жазба Қазақ тілі 5 1 2 0
PMI 5302 Зерттеулердің қолданбалы әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
SMOROF 5212 Физиканы оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
ZhKESHA 5211 ЖОО-да күрделі есептерді шығару әдістемесі Қазақ тілі 5 1 2 0
ZhOMFBAN 5307 ЖОО және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
GZZhZhT 5307 Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдері Қазақ тілі 5 1 2 0
OKOA 6308 Оптика курсын оқыту әдістемесі Қазақ тілі 5 2 3 0
PZNOA 5216 Педагогикалық зерттеу нәтижелерін өңдеудің әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
ZhFKOKZA 5215 Жалпы физика курсын оқытудың қазіргі заманғы әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
ZhMFPUOA 5307 ЖОО-да жəне мектепте физикалық практикумды ұйымдастыру жəне өткізу əдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AYaFEBF 6312 Атом, ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы Қазақ тілі 5 1 2 0
EMKOA 6309 Электр және магнетизм курсын оқыту әдістемесі Қазақ тілі 6 2 3 0
PP 6310 Физика философиясы Қазақ тілі 5 1 2 0