Физика (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ANP 5306 Академиялық ғылыми жазба Бірінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич

Пәннің мақсаты магистранттарға жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мақала мәтінін құрастыру әдістерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқор базаларын пайдалану жолдарын меңгеріп, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сай мақала дайындау және журналдардың онлайн жүйелерімен (сайттарымен) жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады.

Пәнді оқыту барысында білімгерлер келесі құзыреттіліктерді қалыптастырады: рецензияланатын журналдарға (отандық, шетелдік) бағытталған академиялық ғылыми жазбалардың негізгі ерекшеліктерін білу; мақала мәтінін құрастыру әдісінің түрлерін білу; академиялық жазылымның түрлерін меңгеру әлемдік деректер базаларын пайдалану жолдары және отандық журналдардың онлайн жүйесін меңгеру; Халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар ерекшеліктерін білу, мақала мәтін құрастыру жолдарын білу, журнал талаптарына сай мақала құрылымын жазуды меңгеру.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдері

-

Топпен жұмыс, топтық жобалық жұмыс әдісі, мини зерттеулер әдісі, сase-study әдісі, постер қорғау.

1Академиялық ғылыми жазба пәні аясында физика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының кез-келген түрін салыстыра отырып, зерттеудің ғылыми-әдіснамалық аппаратын ғылыми этикаға сай дайындайды.
2Физикалық ғылым саласындағы дамудың негізгі бағыттарын бөліп шығарып, жаңа нәтижелерге қол жеткізудің мүмкіндіктерін бағалайды.
3Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялауды әдістемелік нұсқаулықтарға, рәсімдеу ережелері мен техникалық талаптарға сәйкес жоспарлайды және дайындайды.
4Халықаралық ғылыми дерекқорлармен жоғары дәреже жұмыс жасай отырып, зерттеудің проблемаларын жаңадан құрады және оны шешудің өзіндік тәсілін ұсынады.
5Академиялық адалдық қағидаттары мен ғылыми этика талаптарын қорғай отырып, зерттеу нәтижелерін өндіріс орындары мен тұтынушы мекемелерде интеграциялайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
11. Кіріспе. Академиялық жазылым: маңызы мен ерекшелігі. Академиялық мәтінді әзірлеудің макро және микро деңгейлері.мақалапрезентация
22-3. Академиялық ғылыми жазба жұмыстарының түрлері және олардың құрылымы. Физика саласында пәнаралық зерттеулердің қажеттілігі.мақалапрезентация
34. Зерттеу жұмыстарының бағдарламасын құру. Зерттеудегі әдеп ережелері: академиялық адалдық пен ғылыми этика негіздерін сақтау.мақалапрезентация
410. Аңдатпа және оның құрылымы. Тақырыпқа сәйкес кілтсөздерді айқындаудың маңызы.мақалапрезентация
55. Зерттеушінің пәндік және цифрлық сауаттылығы. Ғылыми жұмыс жазу мәдениеті және академиялық жазу стилі.мақалапрезентация
66. Физика саласындағы заманауи ғылыми жазбалардың ерекшеліктері. IMRAD құрылымы: БҒСБК ұсынатын және Халықаралық ғылыми дерекқорларға енген журнал талаптары.мақалапрезентация
78-9. Әдеби шолу: ғылыми жарияланымдарды іздеу мен есепке алудың халықаралық және ұлттық жүйелеріне тіркелу және олармен жұмыс жасау тәсілдері.мақалапрезентация
811. Кіріспе жазудың міндетті бөлімдері. Зерттеу немесе ғылыми контекст құрумен байланысты мәселені сипаттау. Зерттеу мақсатын тұжырымдау.мақалапрезентация
97. Зерттеу тақырыбын анықтау тәсілдері. Зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындау.мақалапрезентация
1012. Зерттеудегі материалдар мен әдістерді сипаттау. Зерттеу нәтижелерін тұжырымдау.мақалапрезентация
1113. Зерттеу нәтижелерін талдау және қорытынды бөлімдерді жазудың ерекшеліктері. Халықаралық ғылыми дерекқорлардың өнімдері және пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу.мақалапрезентация
1214-15. Диссертациялық жұмыстар мен жобаларды орындаудың әдістемесі. Диссертациялық жұмыстар мен жобаларды рәсімдеу, қорғау мен баяндама жасаудың тәртібі.мақалапрезентация
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Оспан, Е. Академиялық жазылым негіздері. Оқу құралы. [Текст] / Е. Оспан. - Алматы : Білік, 2020. - 340 с.
22. Б.Б Динаева, С.М.Сапина. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. Оқу құралы. [Текст].
33. Боранбаева А.Р., Исаева Ж.И.,Беркимбаев К.М.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі. Оқу құралы, Шымкент-2018ж
44. К.М.Беркимбаев, А.Б.Тасова, Ж.И.Исаева Қарым-қатынас мәдениеті. Оқу құралы Түркістан-2018ж.
55. К.М.Беркимбаев, Ж.И.Исаева, Д.Ю.Мутанова, А.Б.Тасова Креативті педагогика.Оқу құралы, Түркістан-2018ж.
66. С.М.Сапина, Б.Б.Динаева. Академиялық адалдық және ғылыми-зерттеу жұмысын жазу техникасы. Оқу-әдістемелік құрал. [Текст] / Нұр-Сұлтан : [б. и.], 2020. - 59 с.