Медицина
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
8D10110 180 3
Білім беру бағдарламасының паспорты

Медицина саласындағы ұйымішілік және ұйымаралық коммуникация мен үйлестіруге мән беретін, талдау және синтездеу қабілеті бар, заманауи басқару технологиялары мен ғылыми-зерттеу әдістерін барлық деңгейде қолдана алатын ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

8D10110 – Медицина білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы

- медицина саласындағы саясат,

- медицина экономикасы,

- медицина әлеуметтануы және психологиясы,

- денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік басқару және халықтың денсаулығын қамтамасыз ету,

 - медицина саласындағы менеджмент және үкіметтік, жергілікті және үкіметтік емес ұйымдардағы практикалық жұмыс.

- денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында қызмет атқара алады;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;

- ғылыми ұйымдарында қызмет атқара алады.

- оқытушылық қызмет;

- оқу-әдістемелік жұмыс;

- тәрбиелік;

- ғылыми және педагогикалық ұйым, зертхана жетекшілігі, химиялық инженерия саласының орындаушысы;

- ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;

- қоғамдық денсаулықты сақтау.

8D10110– Медицина білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)  кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- педагогикалық (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары);

- ғылыми-зерттеу (ғылым ұйымдарының қызметкерлері);

- әкімшілік басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);

- талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

1- Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады.
2- Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
3- Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
4- Ғылыми іс-шараларға, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысады
5- Ғалымдармен байланыс үйымдастырады және орнатады, денсаулық сақтау мен медицина ғылымының идеялық-әдістемелік ерекшеліктеріне көңіл бөледі.
6- Өзіндік жаңа ғылыми идеяларды тудырады, өз білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа қосады, ғылыми білімнің шекарасын кеңейтеді.
7- Тиісті саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізуге қабілетті
8- Жаһандану және интернационалдану жағдайында отандық медицина ғылымының қазіргі даму тенденцияларын, бағыттары мен заңдылықтарын ұйымдастырады және қалыптастырады
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
Bio 7304 Биостатистика Қазақ тілі 5 3 0 0
BN7303 Биоэтика негіздері Қазақ тілі 5 0 3 0
GZASS 7202 Ғылыми зерттеу әдістері Қазақ тілі 5 2 1 0
TM Тәуекел менеджменті Қазақ тілі 5 0 3 0
АН 7201 Академиялық хат Қазақ тілі 5 2 1 0