Медицина
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
АН 7201 Академиялық хат Бірінші курс 5 150 2 1 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
PhD, аға оқытушысы Н.С.Нұрдинов

Пән аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы академиялық адалдық қағидалары шеңберінде ғылыми этикаға сай жазу, жобалау, жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар таныстырлып, қалай жұмыс жасау, олардың өнімдерін қалай және қай жерде пайдалануға болатындығы үйретіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасау және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламалары таныстырылады. 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Медицина» мамандығының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.
 

Зерттеу практикасы, Ғылыми семинар, Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу.

-

Миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, постер қорғау, креативтілік оқыту әдістері, баяндау, пікір алмасу, пікірталасу,  жобалық жұмыс әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, проблемалық оқыту әдісі  

Мүмкіндігі шектеулі білімгерлер үшін құрылымдық бөлімдермен бірлесіп, мамандандырылған бейімдеу пәндерін (модульдерін) енгізудің оқыту әдістерін, формаларын, бақылау түрі мен уақыт мөлшерін пән оқытушысы өзгерте алады.
 

1он1ПОН1 - «Ғылыми зерттеу әдістері» пәнінің құзыреттілік нәтижелеріне негізделген білім беруге жаңаша ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын қалыптастырады.
2ПОН6 - Өзіндік жаңа ғылыми идеяларды тудырады, өз білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа қосады, ғылыми білімнің шекарасын кеңейтуді жүзеге асырады.
3ПОН7 - Тиісті саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізеді және синтездейді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Академиялық жазылым пәніне кіріспе. Академиялық жазылым және оның ерекшелігі.Ауызша және жазбаша
2Академиялық бағыттағы ғылыми жазба жұмыстарына қойылатын жалпы талаптар және оның түрлері.Ауызша және жазбаша
3Академиялық бағыттағы ғылыми жазба жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмыстарының бағдарламасын әзірлеу (жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және т.б.).презентация
4Тақырып таңдау жолдары және түйіндемені жазу ерекшеліктері.презентация
5Әдебиеттермен жұмыс жасау жолдары. Ғылыми еңбектерді іздеудің құралдары. Халықаралық ғылыми дерекқорлармен (Scopus, Science Direct, Clarivate Analytics және т.б.) жұмыс жасау жолдары.Сөздік
6Зерттеу жұмысының әдістері. Ақпараттарға қолжеткізу жолдары. Деректерді жинау, өңдеу және талдау.Сөздік
7Академиялық адалдық қағидалары және ғылыми этика. Ғылыми жұмыстарға сілтеме жасау жолдары мен түрлері.презентация
8Жазба жұмыстарын плагиатқа тексеру әдістерімен бағдарламаларымен (Антилагиат, Turnitin, Диссернет жәнет.б.) жұмыс істеу принциптері. Плагиат және одан сақтанудың жолдары.Ауызша және жазбаша
9Негізгі бөлімді жазу жолдары. Кіріспе мен қорытынды бөлімдерін жазудың ерекшеліктері және оларға талдау жасау.Ауызша және жазбаша
10Халықаралық ғылыми дерекқорлардың өнімдерін (Mendeley, SciVal және т.б.) қолдану, пайдалану жолдары. Қолданылған әдебиеттерді дұрыс безендіру.Библиография
11Ғылыми мақала жазу және жариялау жолдары мен талаптарын қарастыру.Ауызша және жазбаша
12БҒСБК ұсынатын және Халықаралық ғылыми дерекқорларға (Scopus, Science Direct, Clarivate Analytics және т.б.) енген журналдардың IMRAD талаптары.Библиография
13Жазба жұмысын сыни тұрғыдан тексеру.Сөздік
14Техникалық безендіру талаптары.презентация
15Жазба жұмыстарын плагиатқа тексеру әдістерімен бағдарламаларымен (Антилагиат, Turnitin, Диссернет жәнет.б.) жұмыс істеу принциптері. Плагиат және одан сақтанудың жолдары.презентация
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Негізгі: 1. Оспан Е. Академиялық жазылым негіздері: Оқу құралы. – Алматы: «Білік» баспасы, 2020. – 340 бет. 2. Сапина С.М. Академиялық адалдық және ғылыми-зерттеу жұмысын жазу техникасы. Оқу-әдістемелік құрал. [Текст] / С.М.Сапина, Б.Б.Динаева. – Нұр-Сұлтан : [б.и], 2020. – 59с. – б.ц. 3. Куйкабаева, А. А. Ғылыми мақала: жазу және шығару. Оқу құралы. [Текст] / А. А. Куйкабаева. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2019. - 145 с. 4. Оспан E. Академическое письмо: основы написания исследовательской работы: Учебное пособие. – Алматы: Издательство «Білік», 2020. – 232 с.