Химия (Педагогикалық ғылымдар)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M01535 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Оқытудың  инновациялық  технологияларын  меңгерген,  теориялық  және  эксперименттік  химия  саласында  жүйеленген  білімі, іскерліктері  мен  дағдылары  бар, еңбек  нарығында  сұранысқа  ие  жоғары  білікті  химик-педагогтарды  даярлау.

Білім  беру  бағдарламасы  магистранттардың  біліктілігі  мен  қабілетін  жетілдіріп, педагогикалық  қызметін  табысты  жүзеге  асыруға  бағыттайды  және  жеке  зерттеулері  арқылы  үлес  қосып  жаратылыстану  ғылымының  кеңістігін  халықаралық  деңгейде  кеңейтуді  көздейді.

7М01535-Химия  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  педагогика  ғылымдарының  магистрі

 

Жалпы, бейорганикалық, физикалық, коллоидтық, органикалық және жоғары молекулалық қосылыстар химиясының оқытушылары;

− Еңбек пен оқыту іс-шараларын басқару және бақылау;

− Орта және кәсіби мектептерде химия пәндерін оқыту функцияларына байланысты мамандық бойынша білім беру;

 

 

− мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  жоғары  оқу  орындары;

− білім  беру, химия  өнеркәсібі  саласындағы  мемлекеттік  органдар; 

− химия, экология, фармацевтика, металлургия, мұнай-химия, газ және  көмір профильдері  ғылыми-зерттеу  институттары; 

− білім  беру  жүйесі  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау  институттары;

− білім  беру  саласындағы  уәкілетті  және жергілікті  атқарушы  органдар.

 

7M01535-Химия білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрінің кәсіби қызметінің функциялары болып табылады:

− оқытушылық қызмет;

− оқу-әдістемелік жұмыс;

− тәрбиелік;

− ғылыми және педагогикалық ұйым, зертхана жетекшілігі, химиялық инженерия саласының орындаушысы;

− ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;

  7M01535-Химия білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- білім беру;

- эксперименттік зерттеу ;

- ғылыми-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- оқу-тәрбиелік;

- оқу  технологиялық.

1Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
2- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
3- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
4- Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды
5- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
6-Мәселені шешуде өз ойын командада нақты жеткізе отырып, қақтығыстарды шешуде мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінуге, жаңа шешімдерді қорытындылауда, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастырады
7-Білім беру қызметінде педагогикалық инновацияларды меңгере отырып, өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіре отырып, педагогикалық технологияларды іске асырады
8-Жоғары және орта кәсіби білім бағдарламалары шеңберінде педагогикалық қызметті және білім беру процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыруда химия саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің (процесті бақылау, зерттеудің ғылыми нәтижелері) дұрыстығы мен құндылығын негіздеу үшін оларға талдау және түсіндіру жүргізеді
9-Химияның негізгі теориялық заңдылықтары мен заманауи білім беру әдістемесін үйлесімді қолдана отырып, кәсіби қызметінде заманауи зерттеу әдістері арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады, статистикалық әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің тәжірибелік деректерін өңдейді
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
IGAH 5212 Аналитикалық химияның таңдаулы тараулары Қазақ тілі 5 1 - 2
IGNX 5211 Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары Қазақ тілі 5 1 2 -
MOIR 6310 Бейорганикалық реакциялардың механизмі Қазақ тілі 5 1 2 -
OSE 5213 Элементтердің жалпы қасиеттері Қазақ тілі 5 1 - 2
PASAH 5215 Заманауи аналитикалық химияның қолданбалы аспектілері Қазақ тілі 5 1 - 2
PMI 5302 Зерттеулердің қолданбалы әдістері Қазақ тілі 5 1 2 -
SAPH 5214 Қолданбалы химияның замануи аспектілері Қазақ тілі 5 1 2 -
SINNM 6312 Жаңа бейорганикалық материалдарды синтездеу және зерттеу Қазақ тілі 5 1 2 -
TPFH5212 Физикалық химияның теориясы мен мәселелері Қазақ тілі 5 1 - 2
ZHPVSH6309 Жоғары мектепте химия курсының есептері Қазақ тілі 5 1 2 -
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ANP 5306 Академиялық ғылыми жазба Қазақ тілі 5 1 2 -
ITOV 6308 ЖОО оқытудағы инновациялық технологиялар Қазақ тілі 5 1 2 -
SMIE 6311 Электрохимиядағы заманауи зерттеу әдістері Қазақ тілі 5 1 2 -
SVVS 6313 Жоғары молекулалы қосылыстардың заманауи мәселелері Қазақ тілі 5 1 2 -
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MMOTPACC 5307 Физикалық және коллоидтық химияны оқытудың заманауи методологиялық негіздері Қазақ тілі 6 1 3 -
MMTTGICh 5307 Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың әдістемесі мен заманауи технологиялары Қазақ тілі 6 1 2 -
SCOOC 5307 Органикалық химияның таңдаулы тараулары Қазақ тілі 6 1 - 3