Химия (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
IGAH 5212 Аналитикалық химияның таңдаулы тараулары Бірінші курс 5 150 1 - 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Cарбаева Гульнар Турсынбаевна

Білім алушыларды күрделі химиялық анализ әдістерінің  теориялық негіздерімен таныстыру, оны тәжірибе жүзінде қолдануды, анализдеудің жаңа әдістемесін жасауға үйретеді. Химиялық анализдің теориялық негізін құрайтын әрекеттесуші массалар заңын тереңірек қарастырып,  гомогенді және гетерогенді жүйелерден заттың сапалық, сандық химиялық құрамын анықтаудың тәсілдері туралы білімді игереді. Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерінің дұрыстығы мен құндылығын талдайды, статистикалық әдістермен тәжірибелік деректерді өңдейді.

-

-

 

Проблемалық оқыту әдісі 

Миға шабуыл

Дамыта оқыту технологиясы 

Кейс-стадий әдісі

Креативтілік оқыту әдісі

1Pеалды сулы ерітінділерде бөгде иондар мен бәсекелес процестер қатысында жүретін химиялық реакциялардың тереңдігін, бағыты мен нәтижесін теориялық болжайды;
2Гомогенді және гетерогенді тепе-теңдік константаларын, құрамы күрделі қышқыл-негіздік және буферлі қоспалардың рН-ын судың сулы, органикалық еріткіштердегі диссоциациялануын ескеріп есептеудің жолдарын салыстырады
3Білімді саналы пайдалануға, алынған ақпараттарды анализдеуге, өңдеуге, синтездеуге, химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін химиялық білімді кәсіби тұрғыда бағалайды;
4Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жүйелік анализ сызбанұсқаларын құрастырады;
5Зерттеудің заманауи әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, өздігінен білім алады;
6Кәсіби қызметте сандық білім ресурстарын, виртуальды зертханаларды тиімді пайдаланып, оқу тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асырады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1«Аналитикалық химияның таңдаулы тараулары» пәніне кіріспе шолу. Аналитикалық химияның қазіргі даму кезеңі.тест
2Гомогенді тепе-теңдік. Реалды ерітінділер.презентация
3Гетерогенді жүйелердегі химиялық тепе-теңдік.Ауызша
4Аз еритін қосылыстарды тұндыру және ерітуЖазбаша
5Қышқылдар мен негіздер теориясы.Ауызша және жазбаша
6Нейтралдану реакциясына негізделген титрлеудің соңғы нүктесін анықтау.презентация
7Күші орташа қышқыл мен оның тұзынан түзілген буферлі ерітінділердің рН-ын анықтаупрезентация
8Протолитикалық тепе-теңдік теориясы тұрғысынан бейтараптану реакциялары.Ауызша және жазбаша
9Комплекстүзілу процестеріндегі тепе-теңдік. KомплексонометрияЖазбаша
10Тотығу-тотықсыздану процестеріндегі титрлеу қисықтары.Ауызша
11Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы тепе-теңдік константасыпрезентация
12Иодометриялық титрлеу әдісіАуызша және жазбаша
13Тұнба түзілу процесіне негізделген анализдің теориялық негіздеріАуызша
14Тұндыру әдісі бойынша галогендер мен металл иондарын анықтау әдістеріЖазбаша
15Рефрактометриялық анализ әдісіЖазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Сарбаева Г.Т., А.Е. Қыдырбаева Қ.Т Сарбаева, А.Н. Жылысбаева Аналитикалық химия. Шымкент Әлем баспаханасы. 2018 -312 бет
2Аналитикалық химия. Оқу құралы/ Б.С. Имангалиева. -Алматы: TechSmith, 2022. -376 с
3Харитонов Ю.Я. Аналитикалық химия. Аналитика 1. Жалпы теориялық негіздер. Сапалық талдау. Оқулық. 2018.
4Абилканова Ф.Ж. Аналитикалық химия.Талдаудың химиялық әдістері. 2018. - 280 с.