Химия (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
SCOOC 5307 Органикалық химияның таңдаулы тараулары Екінші курс 6 180 1 - 3
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Джумадуллаева Света Абсадыковна

Курс органикалық реакциялардың механизмдері,  ауыспалы күйлер, қайта топтасулар, органикалық синтездің негізгі әдістері, функционалды топты қорғау әдістері, селективтілік мәселесі жөнінде білімдер қалыптастырады. Курс мазмұны органикалық химия саласындағы заманауи тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің дұрыстығы мен құндылығын негіздеу үшін эксперименттік зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін меңгеруге бағытталған.  Оқыту нәтижесінде өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы органикалық қосылыстардың синтезін құруды түсінеді, педагогикалық шеберлігін жетілдіреді.

-

-

баяндау, пікір алмасу, пікірталасу,миға шабуыл, проблемалық  және дамыта оқыту,кейс-стади әдістері.

1Проблемалық оқыту,дамыта оқыту және кейс-стади технологияларын қолданаотырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіреді, алифатты және ароматты қатардың химиялық реакцияларының механизмдерін анықтау дағдыларын қалыптастырады, жай және еселік байланысы бар қосылыстардағы электронды ығысуларды салыстырады, химиялық процестің ауыспалы күйлерінің, реакцияның резонансты құрылымдарының, статикалық және динамикалық факторларының мүмкіндіктерін көрсетеді.
2Органикалық синтездің негізгі әдістерімен, функционалды топ реакцияларымен және түрлі ауысулар барысында реакциялық орталықтарды қорғау әдістерін меңгеруде педагогикалық технологияларды жүзеге асырады.
3Органикалық қосылыстарды синтездеу жөніндегі ақпараттардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалайды, синтездеудің тиімді әдістерін көрсетеді.
4Органикалық заттарды синтездеу үшін реагенттердің тиімді мөлшерін, қатынасын дәлдікпен есептеп, тәжірибені жүргізеді
5Органикалық химияныңқазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректерді жинақтайды, химиялық тәжірибелерді жоспарлап жүргізеді, нәтижелерін болжай біледі,реакция өнімдерін идентификациялайды.
6Лабораториялық тәжірибелердің қондырғысын құрастырады,реагенттерді дайындайды, синтез жүргізеді және процесті бақылайды, нәтижелерін талқылайды, қорытындылайды, олардың сандық білім ресурстарымен, виртуальды және тәжірибелік зертханалармен байланысын көрсетеді.
7Органикалық қосылыстарды зерттеудің ғылыми нәтижелерінің дұрыстығын қазіргі заманғы физикалық әдістердің көмегімен тексереді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Молекулалар құрылысы мен қасиеттеріЖазбаша
2Бөлінбеген жұп электрондар рөлі.Жазбаша
3Органикалық реакциялар механизмдері. Алифатты нуклеофилді орынбасу.тест
4Элиминирлеу реакциялары. Е1 және Е2 механизмдерінің сипаттамасы.Ауызша
5Ароматты нуклеофилді орынбасу.Ауызша және жазбаша
6Ароматты электрофилді орынбасу.Жазбаша
7С=С қос байланысы бойынша қосылу.Жазбаша
8Карбонил топшасына нуклеофилді қосылу реакциялары.Жазбаша
9Карбонилді қосылыстардың конденсация реакциялары.Күрделі эфирлердің конденсация реакциялары.Ауызша және жазбаша
10Циклоқосылу реакциялары.тест
11Молекулярлы қайта топтасулар.Жазбаша
12Карбонил тобының реакциялары. Қосылу реакциялары және қосылу-жіктелу реакциялары.презентация
13Карбонил тобының реакциялары.Кето-енол тепе-теңдігі. Енолдар мен енол эфирлері конфигурациялары.Ауызша
14Селективтілік мәселесінің кейбір шешімдері.Жазбаша
15Функционалдық топтарды кіргізу, қорғау және регенерациялау.Жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1С.А. Жұмаділлаева .Химиялық синтез негіздері. Оқу құралы. Түркістан, 2019 .
2Ә.Ф. Сейітжанов. Органикалық химия. Оқулық. - Алматы : ЭСПИ, 2023. - 416 б.
3А.С. Тукибаева, С.А. Джумадуллаева, Э.Д. Асқарова. Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы. оқу құралы, Алматы: Эверо, 2014, 236 б.
4З.Б.Халменова, Ғ.Е.Жүсіпова,Органикалық синтездің химия-технологиялық процесінің теориясы: Оқу құралы. 2015
5Тукибаева А.С.Органикалық заттардың сараптамасы. Оқу құралы. Шымкент, 2017.
6Берди Д.К. Лабораторный практикум по общей органической химии. Учебное пособие. Туркестан, 2018.
7Л.К. Оразжанова, А. Н. Сабитова. Органическая химия. Учебное пособие по дисциплине. - Алматы: Эверо, 2023.-152 с.
8Г.Ж.Кайралапова. Органикалық химия пәні бойынша лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық. - Алматы :Қазақун-ті, 2017.
9К.Б.Бажықова. Алифатты қосылыстардың органикалық химиясынан зертханалық жұмыстар. 2015
10Джумадуллаева С.А. Карбон қышқылдарының гидразидтерін және гидрозондарды синтездеу әдістерін жасау. Түркістан: ХҚТУ,2014, -140б
11Мамутова, А.А., Торебеков, У.Т. Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы пәні бойынша есептер жинағы: оқу-әдістемелік құралы. - Стер. бас. - Алматы: Қазақ университеті , 2020. - 134б. -ISBN 978-601-04-2318-3.
12Н. А. Волобуева, Е. Б. Досмурзина, С. Д. Дузелбаева. Органическая химия 1. Сборник тестовых заданий по органической химии. Учебно-методическое пособие. - Алматы :Эверо, 2023. - 224 с.
13Даутова, З.С., Таженова, Р.А. Органикалық химияның жаттығулары мен есептері: Оқуқұралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2013. http://rmebrk.kz/book/1157053
14Ибраев М.К., Исабаева М.Б., Карилхан А.К. Органическая химия cоединений алифатического ряда: Электронный учебник. - Караганда: КарГТУ, 2015. http://rmebrk.kz
15А.В.Великородов. Органический синтез. Учебное пособие. М:КНОРУС: Астрахань, 2016. http://library2.ayu.edu.kz
16Ибрашева Р.К. Органикалық химия. Оқуқұралы – Алматы, АТУ, 2014. http://rmebrk.kz
17Әлиев М.Қ., Кауменова Г.Н. Органикалық химияның тізбектелген реакциялары: Оқу құралы. - Алматы: Альманах, 2017. http://rmebrk.kz/book/1171511