Химия (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ITOV 6308 ЖОО оқытудағы инновациялық технологиялар Бірінші курс 5 150 1 2 -
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Cарбаева Макпал Турсынбаевна

Білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын инновациялық педагогикалық технологияларды меңгертеді. Курс мазмұны Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың тәсілдерін, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға негізделген. Білімгер инновациялық  технологияларды жүзеге асыру ерекшеліктерін, топпен жұмыс істеуді үйренеді, өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіру құзыретін меңгереді.

-

-

  1. Топпен жұмыс

  2. Миға шабуыл

  3. Дамыта оқыту технологиясы 

  4. Кейс-стадии әдісі

  5. Проблемалық оқыту әдісі

1Жаңа педагогикалық технологиялар мен оларды химияны оқытуда қолдану ерекшеліктерімен танысады, тәжірибеде қолданады;
2оқыту әдістері мен амалдар жүйесін қарастырады және оны химияны оқытуда пайдаланады
3пәндік бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді, тәжірибеде қолданады.
4Химия бағдарламасының мазмұнына сай сабақтың қысқа мерзімді жоспарын дидактикалық тұрғыда тиімді ұйымдастырады
5Оқыту әдістемесінің жалпы және жеке мәселелерін, әдістерін қарастырады, оқушылардың білімін критериалды бағалауды, сабаққа талдау жасауды меңгереді;
6Оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары, мұғалім мен оқушылардың қызметі жайлы білімді қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлауда және жүзеге асыруда мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін пайдаланады;
7Оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын, виртуальды және тәжірибелік зертханаларды тиімді пайдаланады, нәтижелеріне талдау жасайды;
8Химияны оқыту барысында оқушының жеке тұлғасын дамытады, оқуға деген жағымды ынтаны қалыптастырады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Химияны оқытудың инновациялық тәсілдері пәні және оның ғылыми негізі. Химияны жаңаша оқытудың мақсаты мен міндеттері.тест
2Жоғары оқу орнында химияны оқытудағы оқуды ұйымдастыру формалары.презентация
3Болашақ химия мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлау. Педагогикалық технологиялардың терминологиялық аппаратыСұрақ-жауап
4Химияны оқытуда қолданылатын педагогикалық технология түрлері. Технологияландыру химиялық білім беру дамуының жетекші үрдісі іспеттес.Ауызша
5Сабақтың технологиялық картасы - заманауи сабақ жоспары іспеттес. Технологиялық карталау негізіЖазбаша
6Қазіргі заманғы инновациялық технологияларды химия сабақтарында қолдану əдіснамасы. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім – негізгі тұлғаАуызша және жазбаша
7Химияны оқыту технологиялары пəнінің жоғары оқу орындарында оқытылатын басқа пəндермен пəнаралық байланысыпрезентация
8Химияны оқыту үдерісін басқару жəне ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар. Химия тақырыптарын деңгейлеп саралап оқыту технологиясыБиблиография
9Химияны проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту сабағының құрылымы мен артықшылықтарыАуызша және жазбаша
10Химияны жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиялары. Ынтымақтастық педагогикасы. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили бойынша).Жазбаша
11Химияны оқытуда кейс-стадии технологиясының маңызы. Ұйымдастыру кезеңдері, үлгілік презентациясыАуызша
12Химияны оқыту процесіндегі оқытудың жобалық технологиясы. Жобалау технологиясы және оны ұйымдастыру әдістемесітест
13Химияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану. Ақпараттық технологиялар құралдарыпрезентация
14Қашықтықтан оқыту технологиясы. Химиялық білім беру сапасын бағалау технологиялары.Жазбаша
15Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко, Ривин). Дамыта оқыту технологиясыЖазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Еркибаева Г.Г. Заманауи педагогикалық технологиялар. Оқу құралы. 2018.
2Еркибаева Г.Г. Заманауи педагогикалық технологиялар: Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары оқытушыларының педагогикалық кадрлер біліктілігін арттыруға арналған оқу құралы. Түркістан, 2018.
3Құрманәлиев М.Қ. Химияны оқытудың қазіргі технологиялары. Оқу құралы. -Алматы: Альманах, 2021. - 270 с
4Мынбaевa А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или Как интересно преподавать. Учебное пособие. 11-е изд.: Алматы, 2019.
5Жанатбекова Н.Ж., Борибекова Ф. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар. Оқу құралы / - Алматы : TechSmith, 2022. - 248
6Әлқожаева Н.С., Төлешова Ұ.Б. Білім берудегі педагогикалық технологиялар. Оқу-әдіст.құрал. 2016.
7Мәтбек Н.Қ. Оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдері: оқу-əдістемелік құрал 2015. – 56 б.