Ақпараттық жүйелер
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B06151 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Математикалық, бағдарламалық, ақпараттық, лингвистикалық, техникалық және түрлі ақпараттық жүйелерді құқықтық-ұйымдастырушылық қамсыздандыру, ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу, қолдау және іске асыруға қабілетті ақпараттық жүйелер және технологиялар саласындағы бәсекеге қабілетті бакалаврларды даярлау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді және студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды.

«6В06151- Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар  бакалавры 

Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кәсіптік қызмет саласы ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу қызметтерін көрсетуді қамтиды.

Бакалавриат бағдарламаларын меңгерген түлектердің кəсіби қызметінің объектілері ақпараттық процестер, технологиялар, жүйелер жəне желілер, олардың аспаптық (бағдарламалық, техникалық, ұйымдық) жасақтамасы, адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері мен жолдары, түзету, әзірлеу жəне енгізу болып табылады.

Кәсіби қызметінің функциялары:
- жобалау алдындағы зерттеу;
- жобалау;
- құру;
- тестілеу;
- енгізу/пайдалану;
- әкімшілік ету.
Кәсіби қызмет түрлері:
- конструкторлық қызмет: тұтынушылардың өтініштерін, пән аумағының модельдері және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін талдау негізінде кәсіби қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптарын және спецификациясын әзірлеу; ақпараттық жүйелер компоненттерінің архитектурасын жобалау; аппараттық және бағдарламалық жүйелердің адам-машина интерфейсін жобалау; заманауи әдістерге, құралдарға және дизайн технологияларына негізделген ақпараттық жүйелерді математикалық, лингвистикалық, ақпараттық, бағдарламалық қамтамасыз етуді және техникалық сүйемелдеуді, соның ішінде автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалану.
- өндірістік және технологиялық қызмет: ақпараттық жүйелер компоненттерін құру, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау; ақпараттық жүйелердің бағдарламалық жүйелерін тестілеу және баптау; компьютерлік желілердің желілік қызметтерін орнату, конфигурациялау және басқару; кәсіптік қызмет объектілерін сертификаттау.
- ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет: ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және қолдау үшін жобаларды басқару; кәсіптік қызметтің объектілерін әзірлеу және енгізу процесін ұйымдастырудағы технологияларды, құралдарды таңдау; белгілі бір кезеңде осы сапамен кәсіби қызмет объектілерін дамыту процесінің жеке кезеңдерін ұйымдастыру кәсіби қызмет объектілерін дамыту процесін ұйымдастыру шеңберінде қызметкерлерді оқыту.

1мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарынтүсіндіреді; барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолдану.
2жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады.
3қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; қоғамның өмір сүру ортасының экологиялық танымын біледі, адамгершілік міндеттемелердің, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсінеді, қызметінде қолданады.
4ақпараттық техникалық құралдарды оқыту технологиялары мен жолдарын өз бетінше өзгерте алады; теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін ұйымдастырады, жүргізеді,талдайды және қолданады.
5бағдарламалау ортасын және әзірлеу құралдарын құрастырады; бағдарлама интерфейсін жобалайды және бекіте алады.
6бизнес-процестерге қойылатын талаптар пакетін әзірлей алады; сыныптар (объектілер) арасындағы өзара әрекеттесуді анықтайды.
7жүйедегі объектілердің, сыныптардың өзара әрекеттесуін моделдей алады; ақпаратты өңдеу, беру, сақтау тәсілдерін анықтай алады.
8графикалық жүйелерді қолдау үшін графикалық қосымшалар мен құрылғыла рды баптайды және басқара алады; қосымшалармен өзара әрекеттесуді орнатуда графикалық құрылғылардың сипаттамалары туралы білімдерді қолданады.
9операциялық жүйелер ақпаратының қауіпсіздігіне қауіп-қатерді бағалай алады; ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдарының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізуді қолданады.
10әкімшілендірілетін желілік құрылғылардың мониторингін жүзеге асыра алады; мұрағаттау серверлерімен және операциялық жүйелерді басқару құралдарын қолдана алады.
11деректер қорының құралдарымен және қосымшаларымен жұмыс істей біледі; -деректер қорын техникалық сүйемелдеуді және жаңартуды қамтамасыз етеді.
12деректер қорын орнату үшін аппараттық бағдарламалық кешендерді жобалай алады; еректер қорын басқару бойынша жұмысты үйлестіреді.
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AP 1268 Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және бағдарламалау Қазақ тілі 8 1 4 3
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AJHK 1249 Академиялық жазбаға кіріспе Қазақ тілі 3 1 4 3
DMML 1245 Дискретті Математика Және Математикалық Логика Қазақ тілі 5 1 2 2
KS 2205 Компьютер сәулеті Қазақ тілі 4 1 1 2
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DM 2210 Дискретті Математика Қазақ тілі 5 1 2 2
KB 2201 Қолданбалы бағдарламалау Қазақ тілі 6 2 2 3
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BİT 2105 Ақпараттық-Коммуникациялық Технологиялар Қазақ тілі 5 1 2 2
BSV 3207 Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер базасы Қазақ тілі 5 1 2 2
JJT 2212 Желілер және желілік технологиялар Түрікше 5 1 2 2
PDT 2107 Кəсіби цифрлық технологиялар Түрікше 5 1 2 2
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ASSY 3212 Желілік, жүйелік әкімшілер және серверлік әкімшілер Түрікше 5 1 2 2
DGİ 4342 Кескінді Цифрлы Өңдеу Түрікше 5 1 2 2
KGOK 2209 Компьютерлік графика және олардың қолданылуы Түрікше 5 1 2 2
NYPUO 3204 Визуалды бағдарламалауда қосымшалар құру Қазақ тілі 5 1 2 2
RJ 3335 Роботтық жүйелер Түрікше 5 1 2 2
SQLT 3334 SQL негіздері Түрікше 5 1 2 2
WYB 3206 Web әкімшілік ету және сүйемелдеу Түрікше 5 1 2 2
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AHHET 3208 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиялар Қазақ тілі 6 1 3 2
BEV 3216 Бұлтты есептеулер және виртуализация Қазақ тілі 5 1 2 2
OZh 3208 Операциялық жүйелер Қазақ тілі 5 1 2 2
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BAATZhB 4201 Бизнес аналитик және АТ жобаларды басқару Қазақ тілі 5 1 2 2
BFBT 4205 Backend және Frontend бағдарламалау технологиялар Қазақ тілі 5 1 2 2
GAJTN 4343 ГАЖ технология негіздері Қазақ тілі 6 1 3 2
ITK 4340 IoT кіріспе» Түрікше 5 1 2 2
KSAJK 3232 Клиент серверлік АЖ құру Түрікше 5 1 2 2
KSAJK 3232 Web технологиялар Түрікше 5 1 2 2
UDOSZhA 4214 Үлкен деректерді өңдеу (Big DATA) Түрікше 5 1 2 2