Ақпараттық жүйелер
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AP 1268 Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және бағдарламалау Бірінші курс 8 240 1 4 3
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
доцент м.а. Ж.С.Исмагулова

Алгоритмдер мен мәліметтер құрылымы, бағдарламалау тілін қолданатын бағдарламалық жасақтама құрылымы, алгоритмдер мен бағдарламаларды құру принциптері, шешу әдістері, бағдарламаларды енгізу зерттеледі. Әртүрлі деректер құрылымдарын, алгоритмдерді, блок-схеманы құру, практикалық есептерді шешу үшін айнымалылардың түрлерін таңдау, есептерді шешудің әртүрлі әдістерін қолдану және салыстыру дағдылары игеріледі.

Қолданбалы бағдарламалау

---

IT әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі, мини зерттеулер әдісі.

1бағдарламалау құралдарын және бағдарламалау ортасын таңдайды.
2әртүрлі процестердің математикалық модельдері мен әдістерін талқылайды.
3әртүрлі бағдарламалау тілдеріндегі деректер түрлерін жіктейді.
4негізгі алгоритмдік конструкцияларды жасай алады.
5бағдарламалауда математикалық кітапхана функцияларының жиынтығын пайдаланады.
6таңдалған бағдарламалау тілінде бағдарламалар құрастырады.
7графикалық интерфейсі бар қосымшаларды жасай алады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Алгоритмдер, олардың түрлері. Блок-схема. Бағдарламалау тілдері, мәліметтер типтері. Бағдарламалау орындау ортасын іске қосу. Деректерді енгізу, өңдеу және шығару, print() функциясы
2Бағдарламаларды жобалау арифметикалық өрнектерге амалдар қолдану. тіркестік мәліметтер, комментарийлер, айнымалылар, сандық типтер.
3Python тіліндегі тармақталған құрылым. Шартты оператор. If–else нұсқаулығы. Көпше тармақталу. If-elif-else нұсқаулығы
4Python тілінің циклдік операторлары. Цикл for. Range функциясы. While циклі нұсқаулығы. Break операторы. Цикл ішіндегі цикл.
5Жолдар (string). Жолдармен жұмыс, олармен орындалатын амалдар
6Тізімдер. Тізімдермен орындалатын амалдар. List конструкторы(). Тізімдерді салыстыру. Тізімдермен жұмыс істеу әдістері мен функциялары.
7Жиындармен жұмыс. (Set, frozenset) Жиын элементтеріне қолданылатын амалдар
8Сөздіктер және жиындар. Сөздік жасау, одан элементтер алу, қосу, өшіру, сөздіктегі мәліметтер типін араластыру, сөздік әдістері, жиындар Сөздіктермен (dict) жұмыс. «Кілт- мән» жұбы.
9Функциялар мен процедуралар туралы . Функцияның параметрлері мен аргументтері. Локальді және глобальді айнымалылар.
10Массивтермен жұмыс. Бір және екі өлшемді массивтерді жариялау. Массив элементіне қол жеткізу, индекстері, Сұрыптау алгоритмдері, әдістері
11Файлдар.Файлдан мәлімет енгізу/шығару, файлмен қатынас құру тәсілдері, файлды ашу, оқу және жазу, конкатенация
12PyCharm IDE (Community) кроссплатформалық интеграцияланған ортасымен танысу
13Қолданушының графикалық интерфейстерін программалау, мәтін шығару, кіріс мәліметтерін алу. Графикалық интерфейсі бар қосымшаларды әзірлеу. Python стандарт кітапханлары: Tkinter және Turtle
14Python қосымша кітапханаларымен танысу. PyGame және PyQt
15Django фреймворкке кіріспе. Орнату және баптау. Алғашқы қосымшалар құру жолдары
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Алгоритмдер және деректер құрылымы. Оқу құралы Д. Ж. Ахмед-Заки, З. Х. Юлдашев, Ғ. Ә. Сералин. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2014
2Python бағдарламалау тілі: -Алматы 2019 Оқу құралы А. С. Бекенова
3Python бағдарламалау тілі. -Алматы 2022 Оқу құралы К. М. Беркимбаев, Г. Ж. Ниязова [и др.]
4Python тілінде программалау негіздері. -Алматы 2022 Оқу құралы Г. З. Халықов, С. Н. Идрисов , Н. Т. Маликова, Г. Азат
5Введение в программирование на языке PYTHON. Учебник: -Алматы 2020 Н. Т. Ермеков, Б. Е. Таржибаев