Ақпараттық жүйелер
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KGOK 2209 Компьютерлік графика және олардың қолданылуы Үшінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Түрікше
PhD, аға оқытушы Н.М.Жунисов

Пәннің мақсаты компьютерлік графиканың заманауи техникалық және бағдарламалық құралдары туралы түсінік беру болып табылады. Курстың маңызды бөлігі суреттермен жұмыс істеу алгоритмдерінде қолданылатын математикалық аппаратқа арналған. Геометриялық ақпаратты ұсыну жолдары қарастырылады. Жазықтықта үшөлшемді объектілердің әртүрлі жобалары, сондай-ақ кейбір арнайы картографиялық болжамдар қарастырылады. Көрнекі тапсырмаларда түсіпен жұмыс істеудің негізгіәдістері, геометриялық денелерді кескіндеу жолдары сипатталады.

Кескінді цифрлы өңдеу

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.

1Студенттерге графикалық ақпарат туралы өсу мен даму заңдылықтарын түсіндіреді.
2Ақпараттық техникалық құралдарды оқыту технологиялары мен жолдарын өз бетінше талдайды.
3Сабақты жоспарлау және өткізу кезінде оқыту технологиялары мен жолдарының ерекшеліктері туралы білімдерін қорытындылайды.
4Компьютерлік графиканың қолдану салаларының даму ерекшеліктерін біледі.
5Пәннің жүйедегі объектілердің, сыныптардың өзара әрекеттесуін моделдей алады, түсініктер мен дағдылар қалыптастырады.
6Ақпаратты өңдеу, беру, сақтау тәсілдерін анықтай алады әдістері мен құралдарын пайдаланады.
7Графикалық жүйелерді қолдау үшін графикалық қосымшалар мен құрылғыларды баптайды және басқара алады.
8Оқытудың заманауи графикалық құрылғылардың әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, білім алушылардың білімін, дағдылары мен іскерлігін объективті бағалайды.
9Үш өлшемді графика қосымшалармен өзара әрекеттесуді орнатуда графикалық құрылғылардың сипаттамалары туралы білімдерді қолданады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Компьютерлік графикаға кіріспе. КГ графиканың негізгі қызметі, анықтамасы. Калассификациясы. КГ қысқаша тарихы.
2Компьютерлік графиканың қолдану салалары. Компьютерлік графика түрлері.
3Екі өлшемді графиканың программалық құралдары Растрлық бейнелер жасаудың программалық құралдары. КГ-ның Adobe компанияларының программалар.
4Екі өлшемді графиканың программалық құралдары Векторлық бейнелер жасаудың программалық құралдары. КГ-ның Corel компанияларының программалар.
5Екі өлшемді графиканың программалық құралдары Фракталды бейнелер жасаудың программалық құралдары.
6Графиктік мәліметтерді беру Бейнелерді сақтауға арналған файлдардың форматтары. Растрлық бейнелер файлдары. Векторлық бейнелер файлдары. Бейнелерді сақтауға арналған универсалды форматтарды пайдалану.
7Түсті сипаттау Түстер түсінігі. Реңдерді қалыптастырудың физикалық принциптері. Түстік субтрактивті түстер. HSB, HSL, RGB, CMYK түстер жүйелері. Индекстелген түстер. Түстерді басқару жүйелері. Түсті басқару жүйелерінің түрлері.
8Компьютерлік графиканың ақпараттық жабдықтары. Растрлық бейнелерді енгізу құрылғылары. Дисплей, плоттер, принтер, сканер, цифрлық фотоапараттар және бейнекамералар және т.б. Видеожүйелер: режимдер мен сипаттамалары.
9Үшөлшемді графиканы өңдеудің программалық құралдары. Компьютерлік анимация файлдары форматтары
10Үш өлшемді графиканың программалық құралдары Компьютерлік анимация және видео жасаумен өңдеудің кәсіби программалық құралдары.
11AutoCad жүйесі
123D Studio Max бағдарламасы.
13КОМПАС 3D бағдарламасы
14Cinema 4D бағдарламасы
15SketchUp бағдарламасындағы модельдеу негіздері.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Кескінді анимациялық өңдеу бағдарламасы. Түркістан 2020. Ә. Баялы. Н.Жунисов
2Екі өлшемді графика негіздері. Оқу-әдістемелік кешен Алматы.2020. Ә.Баялы
3Екі өлшемді графика негіздері. - Алматы 2018ж. Ә.Т.Баялы, Б.Н.Қуатбеков. Оқу-әдістемелік құрал.
4Расторлы және векторлы графика негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. [Текст] / Б. Ж. Мамбетова, Ә. Н. Аманов, Ә. Т. Баялы. - Түркістан : Тұран, 2014
5Абилдабекова, Д.Д.Компьютерлік графика : Оқу құралы. . - Алматы: ҚазҰТУ, 2015. - 235 б. - ISBN 978-601-228-736-3.
6Касымова, А.Х.Компьютерлік графика: Оқу құралы. - Орал: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 2018. - 150б.