Менеджмент бакалавриат бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B04140 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Бизнес менеджментте жоғары деңгейлі қолданбалы білімдер мен басқарудың замануи бағыттарының теориялық және тәжірибелік негіздерін игерген ұйымдастырушылық, талдаушылық, көшбасшылық қабілеттерге ие бәсекеге  қабілетті мамандар даярлау;

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«6В04140-Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша Бизнес және басқару бакалавры

- экономиканың нақты секторы, қаржылық – банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік;

-   стратегиялық басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйым қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша басқарушылық зерттеулер;

-   обьектілерде ұйымдастырушылық – экономикалық және басқарушылық қатынастардың тиімді жүйесін құру және қолдану үшін басқарушылық зерттеулер;

-   стратегиялық және тактикалық жоспарлау әдістері, ережелері мен процедуралары;

-   талдау, есептік – нормативтік, кеңес беру қызметтері;

-   басқарудың ғылыми – әдістемелік және ұйымдастырушылық – әдістемелік базасын құру;

-   ұйымдастырушылық жобалау және жобаларды техникалық – экономикалық негіздеу болып табылады. 

- бизнес құрылымдар;

- өндірістік өнеркәсіптер;

- әртүрлі меншік формасындағы ұйымдар мен фирмалар;

- мемлекеттік басқару органдары;

- қаржылық ұйымдар;

- жобалық ғылыми-зерттеу институттары;

- ғылыми-өндірістік институттар;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары;

- бақылау-аналитикалық қызметтің мекемелері;

- стандарттау және сертификаттау орталықтары;

- білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

Кәсіби қызметінің функциялары:

- ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;

- технологиялар мен өндірістерді сараптау;

-   басқарудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін және олардың тиімділігін анықтау;

-   өндірістің дамуы мен басқарудың негізгі бағыттарын жоспарлау;

-   өндірістік обьектнің құрылымы мен басқару құрылымын қалыптастыру, өндірістік аппаратты оңтайлы құру;

-   өндірістің техникасы мен технологиясын жетілдіру;

-   өндіріс саласына инновацияларды енгізу;

-   персоналды ынталандыру және оларды еңбектерін мониторинг жүргізу;

-   басқарудың барлық қызметтерін бақылау және мониторинг жүргізу.

Кәсіби қызмет түрлері:       

-  технологиялық;

- зерттеу;

- әлеуметтік және коммуникативті.

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

- өндірістік және технологиялық;

- коммерциялық.

1- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастыру (ОН1).
2- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнату (ОН2).
3- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолдану (ОН3).
4- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтау (ОН4).
5- экономикалық және әлеуметтік процестерді талдауда математикалық моделдеу, статистикалық деректерді өңдеу, ұйымның қаржылық операцияларын есепке алу әдістері мен құралдарын қолдана отырып талдаушылық функцияны жүзеге асыру (ОН5);
6- тұтынушылармен өзара қарым қатынас процесін тиімді жүзеге асыруда маркетингтік құралдарды қолдана отырып, әлеуметтік ортада басқарушылық шешімдерді қабылдау (ОН6);
7- қаржылық шығындардан қорғану шараларын қарастыруда дағдарысқа қарсы басқарудың заманауи әдістерін қолдана отырып, компанияның бизнес іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқаруға қабілетті (ОН7);
8- компанияның жобалық жұмысын орындауда тәуекелді басқарудың сандық және сапалық әдістерін қолдана отырып ұйым қызметінің сапасын бағалауды орындау (ОН8);
9- өндірістің нақты мақсаттарын шешуде коммуникация, еңбекті ынталандыру, сапа менеджмент жүйесін қалыптастыра отырып, ұйымның бизнес-процесін іске асыру (ОН9);
10- заманауи HR технологияларын, уақытты басқару құралдарын, топтық қарым-қатынасты және үлкен деректерді талдауды қолдана отырып, корпоративтік мәдениетті құруда ұйымдастырушылық қабілеттерді қалыптастыру (OH10);
11- бизнесте негізделген шешімдер қабылдау үшін компаниялардың нарықтық позицияларын талдау негізінде электрондық коммерцияны корпоративтік стратегияға интеграциялау бойынша ұйымдастыру жұмысын құрылымдауды жүзеге асыру (ОН11);
12- халықаралық нарықта қаржылық және инвестициялық басқарудың аналитикалық әдістерін және компанияның логистикалық қызметі тиімділігін бағалау тәсілдерін қолдана отырып ұйымның инновациялық стратегиясын әзірлеу (ОН12);
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MN 1288 Менеджмент негіздері Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BK 2291 Бизнестегі коммуникация Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 -
EMR 2292 Экономиканы мемлекеттік реттеу Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 -
FM 3207 Қаржылық менеджмент Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
OB 3294 Өндірісті басқару Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
SHBM 3297 Шағын бизнестегі менеджмент Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 -
TKKM 3266 Тұтынушылармен қарым-қатынас менеджменті Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 -
UTMK 3296 Ұйым теориясы және мінез-құлқы Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 -
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ARB 3295 Адам ресурстарын басқару Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 6 2 2 0
BJU 4301 Бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
BSHK 3208 Басқару шешімдерін қабылдау Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
SM 4393 Стратегиялық менеджмент Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 -
TM 4272 Тайм менеджмент Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 -