Менеджмент бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
FM 3207 Қаржылық менеджмент Үшінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі
Балжан Шарханова

Қаржылық менеджмент – нарықта мақсатты қызмет етуі үшін стратегиялық және тактикалық бағытта жетістіктерге жету үшін компанияның қаржылық басқарудың маңыздылығын түсіндіру, қаржылық басқару бойынша білімдерін жинақтау, кәсіпорын капиталын қалыптастыру және максималды түрде тиімді пайдалануды басқару жолдарын ұсыну дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- қаржылық басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу және кәсіпорынның қаржылық стратегиясын әзірлеу;

- шығындарды талдау әдістерін және капитал құрылымын меңгеру;

- қаржылық басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету ерекшеліктерін зерттеу және тиімді қолдау жүйелерін қалыптастыру;

- кәсіпорынның активтерін, пассивтерін және ақша ағындарын басқаруда заманауи түсінік пен дағдыларды қалыптастыру;

- қаржылық шешімдердің тиімділігін бағалаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін меңгеру;

- дағдарысқа қарсы шешімдерді әзірлеу кезінде қаржылық және кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау негіздерін меңгеру.

тәуекелді басқару

-

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, блиц-сұрақтар, мәселе шешуге бағытталған эссе, проблемалық оқыту әдісі, үнсіз (нұсқау/іс-қимылмен көрсету) әдісі, миға шабуыл, диалог құру, коммуникативті әдіс

1ПОН 1 - кәсіпорында қаржылық басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы білімін көрсетеді, сыртқы ортаның ұйым қызметіне әсерін бағалайды;
2ПОН2 - ақпараттық технологиялар қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау, корпоративтік ақпараттық жүйелерді пайдалану дағдылары мен әдістерін меңгереді;
3ПОН 3 - инфляция мен дағдарыс жағдайында қаржылық шешімдер қабылдаудың маңыздылығын жіктейді, тұтынушылардың, нарықтық құрылымдардың және саланың бәсекелестік ортасының іс-әрекетін талдау жасай біледі;
4ПОН 4 - есеп саясатын және қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін қаржылық есептің негізгі принциптерін, стандарттарын, нормативтік-құқықтық базасын біледі;
5ПОН 5 –қаржылық есептілікті талдау және қаржылық болжау әдістерін тәжірибеде көрсетеді, ұйымды басқару міндеттеріне сәйкес экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық-басқарушылық модельдерді құруға әрекет етеді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Кәсіпорындағы қорларды басқару.Ауызша және жазбаша
2Қаржылық менеджментте ақпараттық қолдауАуызша және жазбаша
3Басқару есебі. Қаржылық талдау.Ауызша және жазбаша
4Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері мен коэффициенттері.Ауызша және жазбаша
5Қаржылық тәуекелді басқару. Қаржылық леверидж.Ауызша және жазбаша
6Компания активтері. Ұзақ мерзімді активтерді басқару.Ауызша және жазбаша
7Қаржылық менеджменттің мәні. Қаржылық менеджменттің атқаратын қызметтері.Ауызша және жазбаша
8Кәсіпорынның ағымдағы активтерін басқару.Ауызша және жазбаша
9Инвестициялық саясат. Инвестициялық жобаларды талдау әдістері.Ауызша және жазбаша
10Бағалы қағаздар нарығы. Дивидентік саясат.Ауызша және жазбаша
11Қаржылық активтердің тәуекелділігі мен табыстылығы.Ауызша және жазбаша
12Кәсіпорынның қаржылық шешімдері. Модильяни-Миллердің капитал құрылымы теориясы.Ауызша және жазбаша
13Кәсіпорынның салық саясатыАуызша және жазбаша
14Кәсіпорындағы жоспарлау мен болжаудың әдістері.Ауызша және жазбаша
15Дағдарысқа қарсы қаржылық басқару.Ауызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Есенгельдин Б. С. Ақбаев Е. Т. Қаржылық менеджмент: Оқулық. - Алматы: ЖШС Дәуір. 2015.-288 бет
2Б. С. Сапарова. Қаржы менеджменті. Оқулық, - Алматы : Экономика, 2015.