Дінтану (2020)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B02228 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Заманауи еңбек нарығының және жұмыс берушілердің сұранысына жауап беретін Қазақстандағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және дінтанулық ағарту жұмыстарын іске асыру мақсатында дінтану бойынша толыққанды, сапалы кәсіптік білім мен кәсіби құзыретті түлектерді дайындау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және діни ресурстарды қолдану арқылы халықтың діни сауатын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.

«6B02228-Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

«6B02228-Дінтану» білім беру бағдарламасының бакалавриат түлегі дін тарихы және теориясы саласында, адам және заманауи өркениет болмысының діни философиялық мәселелері, мемлекеттік билік жүйесінде, БАҚ саласында кәсіби қызмет саласы үшін дайындалған.

- республикалық, облыстық, мемлекеттік және муниципалды органдар;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- меншіктің барлық түріндегі оқу-тәрбиелік мекемелері; 
- эксперттік-кеңес беруші Кеңестер;
- қоғамдық ұйымдар және т.б.
Бакалаврдың кәсіби қызметінің функциялары:
- ұйымдастыру, басқару;
- референт, эксперт, кеңесші;
- ғылыми жобалық;
 - білім беру;
Кәсіби қызметтің түрлері:
-  білім беру (педагогтік);
- ғылыми-зерттеушілік;
- жобалық;
- мәдени ағартушылық;
- ұйымдық басқару.
1- мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады;
2- мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады;
3- қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді,тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді,құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады;
4- ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын, принциптерін, технологияларын анықтайды; - мәдени мұраны сақтауға бағытталған жобаларды дайындайды және жобаларға қатысады, ксенофобия мен экстремизмге қарсы тұрады, ұлттық және діни азғыншылықтың құқықтарын қорғауға әрекет етеді; -дәстүрлі және дәстүрлі емес діни қозғалыстарды ажырата білуді түсіндіреді; - Қазақстан Республикасы дін туралы заңнамасын қолданады;
5- алғашқы дәуірлерден бастап қазіргі күнге дейін жасалған Құран түсіндірмелері, хадис, тафсир және ислам құқығы ғылымының тарихы мен әдіснамасы турасында негізгі білімді анықтау, Құран әріптерінің құрылымдық және ерекшеліктік сипаттарын жазып көрсетеді; -діни саладағы ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу, сараптама-кеңес беру және мәдени-ағарту қызметтерін түсіндіреді; - діни тәжірибеге теологиялық талдау әдістерін қолданады;
6- ислам ахлақ философиясы, дін философиясы, сопылық философиясыерекшеліктерін анықтайды; - діни философиялық еңбектерді талдайды; - діни моральдік құндылықтарды анықтап өз саласында қолданады;
7- қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды анықтайды; - кәсіптік қызметінде дәлдікпен көрсетеді; - өзге халықтардың мәдениетіне толеранттылық танытуды қалыптастырады;
8- Түрлі діндердің сенім негіздерін терең түсіндіру, салыстыру; - Қазақстандағы діни ағымдар тарихын, діннің мәдениет жүйесіндегі орнын және оның жеке тұлға мен қоғам өміріндегі қызметін баяндап көрсетеді;
9- шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология саласындағы білімдерді анықтайды; - конструкциялық диалог ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын нұсқауларға сәйкес жүзеге асырып көрсетеді; - көпмәдениетті, көпэтикалы, копконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болуды түсіндіреді;
10- діни көрсеткіштерді, процестерді және қатынастарады оңтайландыру, бағалау, айқындау бойынша зерттеу (дербес немесе ұжым құрамында) дайындау және жүргізуді түсіндіреді; - дінтанулық жүйелер мен тұжырымдамаларды зерттеуге байланысты діннің негіздері, әдістері, категориялары мен қағидаттарын қолдана білуді қалыптастырады;
11- мазхабтар мен ағымдардың қалыптасу себептері мен ерекшеліктері турасындағы ерекшеліктерді анықтайды; -түрлі аймақтар және әлеуметтік-этникалық топтардағы діни ахуал өзгерістерінің негізгі үдерісін талдауды көрсетеді;
12- ислам діні мен қазақ халқының діни дәстүрлерін жетік меңгеріп, діни сұрақтар мен діни практикаға байланысты даму аясында талдап қолданады
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
2203 Практикалық араб тілі І Қазақ тілі 4 1 1
AGZh 2203 Практикалық араб тілі І Қазақ тілі 4 1 1 2
DP 2205 Дін психологиясы Қазақ тілі 3 1 1 -
DS 2209 Дін социологиясы Қазақ тілі 3 1 1 -
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DRP 2203 Діни радикализм психологиясы Қазақ тілі 5 1 2 -
MKK 1208 Мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар Қазақ тілі 5 1 2 -
КТ 2103 Көшбасшылық теориясы Қазақ тілі 5 1 2
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AGZh 2203 Практикалық араб тілі ІІ Қазақ тілі 5 1 2 -
HҮ 3210 Хадис әдістемесі Түрікше 5 1 2 -
IF 3335 Ислам философиясы Қазақ тілі 5 1 2 3
RP 3304 Дін және саясат Қазақ тілі 5 1 2 -
TA 3209 Тафсир әдістемесі Қазақ тілі 5 1 2 -
TIN 3213 Теологиялық Ілімдерінің Негіздері Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 150
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AGZh 3302 Практикалық араб тілі ІІІ Қазақ тілі 5 1 2 -
DAnt 3217 Діни антропология Қазақ тілі 5 1 2 -
Had 3212 Хадис Түрікше 5 1 2 -
HMKDD 3301 Ханафилік және матуридилік негізінде қазақ діни дәстүрі Қазақ тілі 6 1 2
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DE 3219 Діни этика Қазақ тілі 5 1 2
DF 4338 Дін философиясы Қазақ тілі 5 1 2 3
DK 4340 Дінтанулық коммуникация Қазақ тілі 5 1 2 -
İA 4218 Ислам ағымдары Түрікше 5 1 2
Taf 4216 Тафсир Қазақ тілі 5 1 2 -
TIT 4303 Түркі ислам тарихы Түрікше 5 1 2 -
TTF 4337 Сопылық тарихы мен философиясы Қазақ тілі 5 1 2 3