| 1 | -Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды. |
| 2 | -Кәсіби қызметінде шеттілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады. |
| 3 | -Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады. |
| 4 | - Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады. |
| 5 | -Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды. |
| 6 | -Мәселені шешуде өз ойын командада нақты жеткізе отырып, қақтығыстарды шешуде мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінуге, жаңа шешімдерді қорытындылауда, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастырады. |
| 7 | -Білім беру қызметінде педагогикалық инновацияларды меңгере отырып, өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіре отырып, педагогикалық технологияларды іске асырады. |
| 8 | -Педагогикалық қызметті жүзеге асыруда биология саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің құндылығын негіздеу үшін оларға талдау жүргізеді. |
| 9 | -Биологияның негізгі теориялық заңдылықтары мен заманауи білім беру әдістемесі мен зерттеу әдістерін үйлесімді қолдана отырып, кәсіби қызметінде ғылыми- зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады және зерттеулердің тәжірибелік деректерін статистикалық әдістермен өңдейді. |