| 1 | - зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады (ОН1). |
| 2 | - интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады (ОН2). |
| 3 | - кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады (ОН3). |
| 4 | - кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды (ОН4). |
| 5 | Қонақжайлылық индустриясында ашық ақпарат көздерін пайдаланып, қонақтың қажеттіліктері, нарықтық тенденциялар мен бәсекелестік орта туралы деректерді жинақтайды және жүйелейді (ОН5) |
| 6 | Халықаралық стандарт, ұйымдастырушылық-құқықтық формалар, нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтап құжаттамаларды рәсімдейді (ОН6). |
| 7 | Жаңа технологияларға қажеттілікті анықтап, мейрамхана/қонақ үйдің инновациялық дамыту стратегиясын жоспарлайды (ОН7). |
| 8 | Қонақжайлылық индустриясындағы қызмет көрсету философиясын анықтап, қонақтарға қызмет көрсету процесін ұйымдастырады және бақылайды (ОН8). |
| 9 | Қонақ үй (мейрамхана) бизнесін жүргізудің әлемдік және жергілікті тәжірибелерін қолданып, нарықтық жағдайды талдап, ұйымның әлеуетті ресурстары мен мүмкіндіктерін бағалайды (ОН9). |
| 10 | Қонақ үй/мейрамхана ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында нарыққа маркетингтік зерттеулер жүргізеді (ОН10). |