Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
6B11180 | 240 | 4 |
Орналастыру орындары мен мейрамханаларда қонақтарға қызмет көрсету дағдыларын, сонымен қатар қонақ үй мен мейрамханалық кәсіпорындардың қызметтік бөлімдерінің әрекетін тиімді ұйымдастыра алатын бакалаврларды дайындау.
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді және студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды
«6B11180 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету бакалавры
Қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындары және қонақжйлылық саласында қызмет атқаратын басқа шаруашылық субъектілер
Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі кәсіпорындар, республикалық және халықаралық қонақ үй және мейрамхана жүйелері, қонақжайлылық саласы, қызмет көрсету сферасын реттеу, қонақ үй және мейрамхана бизнесін дамыту шеңберіндегі қоғамдық ұйымдар және ассоциациялар.
Тіркеу, номерлерді брондау бойынша өтініштерді қабылдау есебі және жоспарды қалыптастыру және қолданылмаған брондау және тұтынушылардың базалық ақпараттарының есебін жүргізу;
Тұрақты түрдегі тұтынушылардың мәліметтердің базасы, қонақтарды қабылдаудағы номерлерді брондаудағы өтініштер және өңдеу, аванстық депзиттерді рәсімдеу;
Қонақтарды қабылдау және шығару бойынша ішкі қажетті құжаттарды толтыру, қонақ топтарын қабылдау және шығару, қонақтардың тұруын создыру, орналастыру және көшу туралы мәліметтер шығару, қонақ үй басқару жүйесіндегі автоматтандыруға қонақтарды тұруын создыру, магниттік кілттерді активизациялау, коммуникативтік қабілеттер, оның ішінде ағылшынша;
Автоматтандырылған қонақ үй жүйесін басқаруда жұмыс жасау, шығу және кіру графигін құру;
Бағалау жүргізу (жұмыстың тиімділігі, қабылданған шешімдер), бөлімдер бойынша қызметтердің басымдылықтарын, бөліну бойынша қызметтерге мониторинг жүргізу;
Жеке туристік бизнестің дамуын басқару, сонымен қатар түрлі көздерден түсетін ақпаратты басқару, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, серіктестермен қарым қатынасты дамыту;
Серіктестермен қарым қатынастарды қалыптастыру және дамыту, бөлімше әрекетінің бағыты бойынша бизнес жоспардың орындалуын ұйымдастыру, қонақ үй қызметінің сатылуын ұйымдастыру, бөлімше персоналының ынтасын қолдау;
Өндірістік қызметтің персонал мен материалды ресурстарға деген қажеттілікті жоспарлау, өндірістік қызметкерлерге кіріспе және ағымды түсіндіру жұмыстарын атқару, өндірістік қызмет мамандары ортасында міндеттерді бөлістіру және жауапкершілік аймағын белгілеу, өндірістік қызмет мамандарының әрекетін реттеу, мамандармен өндірістік қызмет регламенттерін орындалуын бақылау, қызмет көрсету және басқа бөлімдермен қарым қатынас ұстау, ұжымда шиеленіс жағдайларын басқару, жұмыс орнында еңбекті қорғау шарттарын орындауды қамтамасыз ету;
Департаменттердің (қызмет немесе бөлімдердің) материалдық ресурстарын бағалау, әрекетінің ағымды жағдайын талдау, бизнес үрдістерді қалыптастыру, тамақтандыру кәсіпорындарының қызметін стандарттау, бөлімшелер әрекетін бақылау;
Тамақтандыру кәсіпорындар желісінің сыртқы және ішкі ортасын мониторингтеу жүйесін құру, тамақтандыру кәсіпорындар желісінің даму міндеттерін және мақсаттарын айқындау, бәсекеге қабілетті стратегияларын әзірлеу, тамқтандыру кәсіпорындар желісінің дамуындағы стратегиялық мәселелерді айқындау;
Менеджердің жұмыс жасайтын саласына нақты пайда әкелетін және тұтынушылардың туритсік-рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік-экскурсиялық және қонақжайлылық қызмет көрсетуде тиімді туристік-экскурсиялық бағдарламаларды жасау және іске асыру;
Керекті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, туристік фирмалармен, агенттіктермен, қонақ үйлермен, кеден және салық органдарымен, шекара қызметтерімен, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, ҚР және шетелдегі туристік индустрияны басқару ұйымдарымен тиімді қарым-қатынас жасау;
Қазақстанмен туристік байланысы бар мемлекеттердің туристік-рекреациялық заманауи ақпараттарын практикада белсенді пайдалану;
Туристерді күтіп алуда және оларды жөнелтуде туристік рәсімдеу үрдісінің құқықтық негіздерін білу.
1 | - зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады (ОН1). |
2 | - интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады (ОН2). |
3 | - кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады (ОН3). |
4 | - кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды (ОН4). |
5 | Қонақжайлылық индустриясында ашық ақпарат көздерін пайдаланып, қонақтың қажеттіліктері, нарықтық тенденциялар мен бәсекелестік орта туралы деректерді жинақтайды және жүйелейді (ОН5) |
6 | Халықаралық стандарт, ұйымдастырушылық-құқықтық формалар, нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтап құжаттамаларды рәсімдейді (ОН6). |
7 | Жаңа технологияларға қажеттілікті анықтап, мейрамхана/қонақ үйдің инновациялық дамыту стратегиясын жоспарлайды (ОН7). |
8 | Қонақжайлылық индустриясындағы қызмет көрсету философиясын анықтап, қонақтарға қызмет көрсету процесін ұйымдастырады және бақылайды (ОН8). |
9 | Қонақ үй (мейрамхана) бизнесін жүргізудің әлемдік және жергілікті тәжірибелерін қолданып, нарықтық жағдайды талдап, ұйымның әлеуетті ресурстары мен мүмкіндіктерін бағалайды (ОН9). |
10 | Қонақ үй/мейрамхана ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында нарыққа маркетингтік зерттеулер жүргізеді (ОН10). |