Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
8D10111 | 190 | 3 |
Халықаралық бәсекелестік талаптарға сәйкес келетін білім беру процесін үйлестіруге бағытталған ғылыми-зерттеу және кәсіптік қызметті ұйымдастыру және жүргізу дағдылары бар заманауи медицина саласындағы кәсіби құзіреттілігі бар денсаулық сақтау саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.
8D10111-Қоғамдық денсаулық сақтау білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы
- қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясат,
- қоғамдық денсаулық сақтау экономикасы,
- қоғамдық денсаулық сақтау әлеуметтануы және психологиясы,
- денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік басқару және халықтың денсаулығын қамтамасыз ету,
- қоғамдық денсаулық сақтау а саласындағы менеджмент және үкіметтік, жергілікті және үкіметтік емес ұйымдардағы практикалық жұмыс.
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
- ғылыми ұйымдар;
- денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары.
- әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік басқару қызметкерлері);
- ғылыми зерттеу (ғылым ұйымдарының қызметкерлері);
- талдау (ақпараттық талдау орталықтарының қызметкерлері);
- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).
- педагогикалық (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары);
- әкімшілік басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);
1 | - Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады. |
2 | - Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға қабілетті |
3 | - Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды |
4 | - Мета-анализді пайдалана отырып, эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін қорытындылайды және мета-анализдердің күшті және әлсіз жақтарын қарастырады |
5 | - Эпидемиология саласында дағдыларға ие болу үшін эпидемиологиялық және статистикалық дағдыларын қолданып, хаттамаларды әзірлеу арқылы денсаулық сақтау жүйесінің қажеттілігін бағалайды |
6 | - Эпидемиологиялық қадағалау жүйелерінен алынған деректер негізінде денсаулық жағдайы үшін тәуекелдері бар халықтың топтарын және олардың денсаулық сақтау мұқтаждары мен қажеттіліктерін анықтап, материалдық орта мен денсаулық арасындағы өзара байланыс болжамды әзірлейді |
7 | - Денсаулық ұйымдарының қоғамдық бөлімшелеріне және әлеуметтік қызметтерге денсаулық сақтау саласындағы ашық стратегиялар мен саясатқа қатысты ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық талдау жүргізу арқылы денсаулықты нығайту және емдеу бойынша жаңа қызметтерді, технологияларды, іс-шараларды енгізудің әсерін модельдейді және болжау жасайды. |
8 | - Әлеуметтік және саяси ұйымдардың түрлі деңгейлерінде, жаһандықтан бастап жергілікті деңгейге дейінгі денсаулықты нығайту үшін маңызы бар халықтың денсаулығындағы проблемаларын анықтап, белгілі бір қоғамдастық үшін денсаулықты нығайту және қауымдастықтарды дамыту стратегиясын жобалап, басқарып және бағалайды |
9 | - Қоғамдық денсаулық сақтаудың нақты шараларының, стратегиялар мен саясаттың этикалық аспектілерін анықтап, кәсіби қызмет шеңберінде алынған кез келген деректерді қорғауға қатысты этикалық қағидаттарды ұстанып және оны іске асырады |
1. семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
GZASS 7202 | Ғылыми зерттеу әдістері | Қазақ тілі | 5 | 2 | 1 | 0 |
PZK7303 | PhD зерттеуге кіріспе | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 0 |
ZE 7302 | Зерттеу этикасы | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 0 |
ZhM 7217 | Жобалық менеджмент | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 0 |
АН 7201 | Академиялық хат | Қазақ тілі | 5 | 2 | 1 | 0 |
ІІІ. семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
MKKSBU 8307 | Медициналық көмек көрсетудің сапасын басқаруды ұйымдастыру | Қазақ тілі | 2 | 2 | 0 | 0 |
ZKD 8307 | Зерттеушінің Кәсіби Дағдылары | Қазақ тілі | 8 | 5 | 0 | 0 |