Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
7M10144 | 120 | 2 |
Қоғамдық денсаулық сақтау саласында заманауи технологиялар мен зерттеу әдістерін қолдана отырып, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге денсаулық сақтаудың ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.
7М10144-Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистрі
- денсаулық сақтау саласындағы саясат,
- денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік басқару және халықтың денсаулығын қамтамасыз ету,
- қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы менеджмент және үкіметтік, жергілікті және үкіметтік емес ұйымдардағы практикалық жұмыс.
- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары;
-қоғамдық денсаулықты сақтау ғылыми-зерттеу институттары;
-бақылау-аналитикалық қызметтің мекемелері;
-табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдары;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қоғамдық денсаулықты сақтау жүйесінің мамандарын қайта даярлау.
-оқытушылық қызмет;
-оқу-әдістемелік жұмыс;
- тәрбиелік;
-ғылыми және педагогикалық ұйымдастырушысы, зертхана жетекшісі;
-ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;
- санитарлық-гигиеналық экспертиза.
-қоғамдық денсаулықты сақтау
- білім беру (педагогикалық);
- оқу-әдістемелік;
- оқу-тәрбие;
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастыру және басқару қызметі.
1 | - Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды. |
2 | - Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады. |
3 | - Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады. |
4 | - Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды. |
5 | - Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды |
6 | - Әдебиетте сапалы эмпирикалық әдістердің негізгі түрлерін анықтау арқылы ең көп таралған IT-функцияларды пайдаланып, қоғамдық денсаулық сақтау саласында жобаны жүргізеді. |
7 | - Нақты, бірақ қарапайым эмпирикалық күйге келтіруде қазіргі заманғы эпидемиологиялық және статистикалық тұжырымдамаларды қолданып, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жарияланымдардың сапасын бағалауға арналған тізімді әзірлейді және пайдаланады. |
8 | - Жалпы халық пен халық топтарының әлеуметтік - экономикалық ортасы мен денсаулығы арасындағы қатынастарда эпидемиологиялық және статистикалық құжаттаманы жүргізіп, сонымен қатар олардың денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктері мен мұқтаждарын таниды. |
9 | - Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық әсерлері мен бүкіл халық пен халық топтарының денсаулығы арасындағы өзара байланыс туралы эпидемиологиялық және статистикалық құжаттаманы жасап, материалдық орта мен денсаулық арасындағы өзара байланыс туралы гипотеза негізінде эмпирикалық жобаны құрады. |
10 | - Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың қоғамдық бөлімшелеріне және әлеуметтік қызметтерге стратегиялар мен саясатқа қатысты ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық талдаужүргізіп, бағдарламаларды жоспарлап, жүзеге асырып, бағалайды. |
11 | - Белгілі бір қоғамдастық үшін денсаулықты нығайту және қауымдастықтарды дамыту стратегиясын жобалап енгізеді, сонымен қатар басқара және бағалай отырып, қоғамдық денсаулық сақтаудың стандартты құралдарын пайдаланып, билік пен саясат мәселелерін назарға ала отырып, саясат пен стратегияны жазады. |
12 | - Кәсіби қызмет шеңберінде алынған кез- келген ақпаратқа қатысты деректерді, қорғауға қатысты этикалық қағидаттарды құрметтеп, ұстанады, әдебиеттің ғылыми контекстін жазып, жариялау кезінде авторлықтың жалпы қағидаларын сақтайды. |
1. семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
BN 6211 | Биоэтика негіздері | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 0 |
KDSGK 5315 | Қоғамдық денсаулық сақтау ғылымына кіріспе | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 0 |
KDSGZN 6212 | Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеу негіздері | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 0 |
PPOKNT 6213 | Профилактикалық пәндерді оқытуда құзыреттілікке негізделген тәсіл | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 0 |
ZKA 5324 | Зерттеулердің қолданбалы әдістері | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
ІІ.семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
AGZh 5324 | Академиялық Ғылыми Жазба | Қазақ тілі | 5 | 2 | 1 | 0 |
BE 5314 | Биостатистика және Эпидемиология | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 0 |
EE 5314 | Экологиялық эпидемиология | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 0 |