Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
7M04118 | 120 | 2 |
Экономикалық бейіндегі, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы кәсіпорындар мен рыноктық құрылымдар талап ететін, ғылыми-педагогикалық және зерттеу дағдыларына ие ұйымдастыру мен басқарудың инновациялық әдістерін меңгерген білікті кадрларды даярлау
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.
«7М04118 Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі
-экономиканың әртүрлі салалары;
-әртүрлі меншік фомаларындағы кәсіпорындар мен компаниялар;
-қаржы секторы;
-мемлекеттік органдар;
-білім беру сферасы;
-барлық меншік формасындағы мекемелер мен ұйымдар;
-мемлекеттік басқару органдары;
-ғылыми-зерттеу мекемелері.
ғылыми зерттеу институттары;
-жоғарғы оқу орындары;
-мемлекеттік және жергілікті басқару органдары;
-кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-экономикалық және жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық және маркетингтік, қаржылық-талдау қызметтері;
-сыртқы экономикалық қызмет бөлімшелері
Кәсіби қызмет функциялары
− оқытушылық қызмет;
−оқу-әдістемелік жұмыс;
− тәрбиелік;
− экономика, талдау, индикативтік және стратегиялық жоспарлау;
−кәсіпорын, аймақтық, ұлттық экономика деңгейінде қаржы-экономикалық шешімдерді қабылдау және болжау;
− инвестициялық және инновациялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесі
Кәсіби қызмет түрлері
‒ ұйымдастыру-техникалық;
‒ өндірістік-басқарушылық;
‒ жобалық;
‒ ғылыми-зерттеу;
‒ білім беру (педагогикалық);
‒инвестициялық-инновациялық
1 | Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды. (ОН1); |
2 | Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады. (ОН2); |
3 | педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады. (ОН3); |
4 | Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады (ОН4); |
5 | Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5); |
6 | Экономиканың даму заңдылықтарын және олардың көріну нысандарын біліп, деректерді өңдеу мен талдаудың кең құралдарын қолданып, әлеуметтік – экономикалық үдерістерді зерттеудің қолданыстағы тұжырымдамаларын сын көзбен талдап, алынған нәтижелерді өңдеп, оған баға бере отырып, экономика мен басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді (ОН6) |
7 | Салалық тұрғыда экономиканы басқару мен тұрақты даму негіздерін біліп, кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инновациялық мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын таңдап, инновациялық кәсіпорындарды құру және жаңа енгізілімдерді басқару тетіктерін талдай отырып экономикалық ұсыныстарды тұжырымдайды және жүзеге асырады (ОН7) |
8 | Экономикалық сараптама мәселелерінде өзіндік модельдері мен әдістерін қалыптастырып, кәсіпорынның және саланың әр түрлі стратегияларын, микро, макро ортасын, экономикалық қауіпсіздіктің ерекшелігін, бизнестің тиімділігін бағалай отырып, қажетті экономикалық көрсеткіштерді табады (ОН8) |
9 | Экономикалық пәндерді оқыту әдістемесін біле отырып, ұлттық және әлемдік экономикадағы жаһандық проблемаларды зерттеуде тиімді шешімдер қабылдап, экономикалық дамудың негізгі үрдістерін анықтай отырып, экономиканың түрлі салаларында педагогикалық және кәсіби қызметті жүзеге асырады (ОН9) |
1. семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
EPOA 5311 | Экономикалық пәндерді оқыту әдістемесі | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
ERUE 5216 | Энергия және ресурстарды үнемдеу экономикасы | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
FEK 5213 | Фирманың экономикалық қауіпсіздігі | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
KE 5211 | Қолданбалы экономика | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
KEK 5214 | Кеңістіктік экономика және кластерлер | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
SSE 5215 | Сала және сфера экономикасы | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
ZKA 5302 | Зерттеулердің қолданбалы әдістері | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 2 |
ММТ 5303 | Микро-макроэкономикалық талдау | Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
ІІ.семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
AGZh 5304 | Академиялық ғылыми жазба | Орыс тілі, Ағылшын тілі, Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
BTB 5311 | Бизнестің тиімділігін бағалау | Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
ZES5311 | Заманауи экономикалық саясат | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
ІІІ. семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
AEK 6317 | Әлемдік экономикадағы Қазақстан | Қазақ тілі | 6 | 2 | 2 | 0 |
HB 6316 | Халықаралық бизнес | Қазақ тілі | 7 | 2 | 2 | 0 |
IE 6314 | Инновациялық экономика 4.0 | Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі | 6 | 2 | 2 | 0 |
TDE6316 | Тұрақты даму экономикасы | Қазақ тілі | 7 | 2 | 2 | 0 |
UEBK 6315 | Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі | Қазақ тілі | 6 | 2 | 2 | 0 |
ZhAES 6318 | Жаһандық әлемдегі экономикалық саясат | Қазақ тілі | 6 | 2 | 2 | 0 |