Экономика магистратура бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ZKA 5302 Зерттеулердің қолданбалы әдістері Бірінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Құндыз Мырзабекқызы

Пән магистранттарды әдістемелік негіздері саласындағы білімдерін дамыта отырып, эмпирикалық зерттеулер жүргізуге үйретеді. Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға, зерттеу жоспарын жасауға, гипотезаны құруға, зерттеу дизайнын эксперименттік әдістерді, сауалнамаларды, ашық сұхбаттар мен бақылауларды қоса алғанда, экспериментті әзірлеуге және жүргізуге проблемалық сұрақтарды талдауға дағдыларын қалыптастырады және ғылыми зерттеудің негізгі түрлерін анықтап, негіздеуді үйренеді.

1 Зерттеу практикасы;

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, блиц-сұрақтар, шығармашылық оқыту әдісі, қаржылық шешімдер мен талдау жасау, проблемалық оқыту әдісі, миға шабуыл.

1Google Scholar, Elsevier, Scopus және т.б. дерекқор базаларынан ақпарат іздейді және саралайды;
2Зерттеудің мақсаты мен мәселелерін нақты ортаға қоя алады;
3Сандық, сапалық және аралас ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
4Мәліметтерді талдау барысында SPSS бағдарламасын қолданады;
5Зерттеу нәтижесін мақала ретінде ұсынады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Қоғамның дамуындағы ғылымның рөлі және ғылыми зерттеулер
2Айнымалылар және олардың түрлері: тәуелді және тәуелсіз
3Зерттеу жобасын ұйымдастыру қағидалары
4Зерттеу ақпаратты (материалдар) іздеу және жинақтау
5Деректерді жинаудың сапалы әдістері
6Деректерді жинаудың сандық әдістері
7SPSS (Әлеуметтік ғылымдарға арналған статистикалық пакет) бағдарламасына кіріспе. Деректерді жүктеп салу.
8Зерттеудегі өлшемлер және бағалау
9Зерттеудің гипотезаларын құру және зерттеу ауқымы
10Зерттеу әдістерін таңдау мен нәтижелерді өңдеу
11SSPS бағдарламасымен қолданбалы әдістерді қолдану
12Этика және қолданылған әдебиеттерді көрсету жолдары. Магистрлік жұмыстың құрылымы мен ережесі
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Nakip, M. Pazarlama Araştırmalarına Giriş: SPSS Destekli. Ankara: Seçkin Yayıncılık, 2.Baskı. 2017.
2К.Дуглас. Сапаны бақылаудың статистикалық әдістері. Оқулық ІІ том. Алматы Дәуір. 2017
3Ройс Синглтон, Брюс Стрэйтс. Әлеуметтік зерттеу әдістері. – Oxford University Press 2017
4Ю. Н. Колмогоров. Методы и средства научных исследований: учеб. Пособие. — Екатеринбург : Изд-во Урал. ун-та, 2017.