Экономика магистратура бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AGZh 5304 Академиялық ғылыми жазба Бірінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Ағылшын тілі, Қазақ тілі
А.А. Куралбаев

Пән  жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгертеді. Курс барысында  мақала мәтінін құрастыру тәсілдерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқорды пайдалану тәсілдерін, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сәйкес мақалаларды дайындауды және онлайн журналдардың сайттарымен жұмыс істеуді үйренеді. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады

Миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, постер қорғау, креативтілік оқыту әдістері, баяндау, пікір алмасу, пікірталасу,  жобалық жұмыс әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, проблемалық оқыту әдісі 

1ПОН 1- Академиялық адалдық шеңберінде ғылыми этикаға сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаза/жүргізе алады
2ПОН 2- Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасай алады және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламаларын қолдана алады
3ПОН 3- Халықаралық ғылыми дерекқорлар (Scopus, Science Direct, Clarivate Analytics және т.б.) мен олардың өнімдерін (Mendeley, SciVal және т.б.) пайдалана/қолдана алады
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Академиялық жазылым және оның ерекшелігіАуызша және жазбаша
2Академиялық бағыттағы ғылыми жазба жұмыстарына қойылатын жалпы талаптар және оның түрлеріАуызша және жазбаша
3Академиялық бағыттағы ғылыми жазба жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмыстарының бағдарламасын әзірлеу (жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және т.б.).Ауызша және жазбаша
4Тақырып таңдау жолдары және түйіндемені жазу ерекшеліктеріАуызша және жазбаша
5Әдебиеттермен жұмыс жасау жолдарыАуызша және жазбаша
6Ғылыми еңбектерді іздеудің құралдары. Халықаралық ғылыми дерекқорлармен (Scopus, Science Direct, Clarivate Analytics және т.б.) жұмыс жасау жолдарыАуызша және жазбаша
7Зерттеу жұмысының әдістері. Ақпараттарға қол жеткізу жолдары. Деректерді жинау, өңдеу және талдауАуызша және жазбаша
8Академиялық адалдық қағидалары және ғылыми этикаАуызша және жазбаша
9Ғылыми жұмыстарға сілтеме жасау жолдары мен түрлеріАуызша және жазбаша
10Жазба жұмыстарын плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламаларымен (Антилагиат, Turnitin, Диссернет және т.б.) жұмыс істеу принциптері. Плагиат және одан сақтанудың жолдарыАуызша және жазбаша
11Негізгі бөлімді жазу жолдары. Кіріспе мен қорытынды бөлімдерін жазудың ерекшеліктері және оларға талдау жасауАуызша және жазбаша
12Халықаралық ғылыми дерекқорлардың өнімдерін (Mendeley, SciVal және т.б.) қолдану, пайдалану жолдары. Қолданылған әдебиеттерді дұрыс безендіруАуызша және жазбаша
13Ғылыми мақала жазу және жариялау жолдары мен талаптарын қарастыруАуызша және жазбаша
14БҒСБК ұсынатын және Халықаралық ғылыми дерекқорларға (Scopus, Science Direct, Clarivate Analytics және т.б.) енген журналдардың IMRAD талаптарыАуызша және жазбаша
15Жазба жұмысын сыни тұрғыдан тексеру. Техникалық безендіру талаптары. Жазба жұмысына ғылыми тұрғыда баяндама жасауАуызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Академиялық жазылым негіздері. 2020. Е.Оспан. Оқу құралы - Алматы : Білік
2Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. 2020. Б.Б Динаева, С.М.Сапина. Оқу құралы. 2-бас
3Академическое письмо: основы написания исследовательской работы. 2020. Е.Оспан. Учебное пособие - Алматы: Білік.
4Академиялық адалдық және ғылыми-зерттеу жұмысын жазу техникасы. 2020. С.М.Сапина, Б.Б.Динаева. Оқу-әдістемелік құрал. Нұр-Сұлтан
5Интеллектуальные системы управления:теория,методы,средства. 2020. Сулейменов Б.А.,Мутанов Г. М. Монография
6Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық : монография. О’Лири, Зина / 2020