Тарих
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M02210 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Қызмет саласында кәсіби құзіреттерге ие, инновациялық және пәнаралық әдістерді меңгерген, ғылыми-зерттеуді жүзеге асыра алатын, бәсекеге қабілетті гуманитарлық ғылымдар магистрін даярлау

Білім беру бағдарламасы ғылыми-зерттеу және білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды

«7М02210–Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі

Ғылыми-зерттеу институты, ғылыми-өндірістік мекемелер, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі бөлімдер, ғылыми-зерттеу, өндірістік, сараптаушылық мекемелер, жалпы білім беру мекемелері және кәсіптік білім беретін оқу орындары

Kәсіби қызмет нысандарына ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар, ғылыми-зерттеу институттары, мұражайлар; ғылыми-өндірістік, ғылыми-жобалау мекемелері; жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі басқармалар мен бөлімдер; республикалық ведомстволарының салалық бөлімшелері, департаменттері; ғылыми-зерттеу, әкімшілік, сараптаушылық мекемелері және т.б. жатады

Кәсіби қызмет функциялары:

- ғылыми-зерттеу

- оқыту;

-кәсіптік бағдар беру;

Кәсіби қызмет түрлері:

-ғылыми-зерттеу;

-білімдік-педагогикалық;

-әдістемелік;

-сараптамалық-кеңесшілік;

-әкімшілік-басқарушылық

-мәдени-ағартушылық.

1-Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды (ОН1);
2-Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады (ОН2);
3-Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3);
4-Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды (ОН4);
5-Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5);
6-Ұлттық, аймақтық және халықаралық тарих контексттеріндегі тұжырымдамалар мен ғылыми мектептердің теориялық-методологиялық ерекшеліктерін сыни талдап, бағалай алады (ОН6);
7-Пәнаралық байланыстар тоғысында гуманитарлық пәндерді оқытудың заманауи әдістері мен әдістемесін қолданады (ОН7);
8-Тарихнама мен деректану ұстанымдарына сай зерттеу нысанын ғылыми модельдеу арқылы тарихи тенденциялардың даму перспективаларына болжам жасайды (ОН8);
9-Түркі тілдес халықтардың этносаяси тарихында ұлттық-мәдени және рухани құндылықтардың интеграциялану процестерін талдайды (ОН9);
10-Өз қабілеті мен мүддесін қоғам сұранысымен үйлестіре отырып, жаңа ортада білімін кәсіби деңгейде қолданады (ОН10);
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
GBSEMPOB 5315 Оңтүстік өңірдегі әлеуметтік-экономикалық модернизация және 1920-1950 жж. саяси-қуғын сүргін Қазақ тілі 6 2 2 0
KTSMBTZMHHG5316 Қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстары тарихын зерттеу мәселелері (ХVІІ-ХХІ ғғ.) Қазақ тілі 7 2 2 0
TTM 5317 Тарихи түркітану мәселелері Қазақ тілі 7 1 3 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
IPNTAT 5213 Интеграциялық процестер: негізгі теориялық және әдіснамалық тәсілдер Қазақ тілі 5 15 30 0
KZTTHGSHGBZh 5212 Қазақ зиялыларының тарихы мен тағдыры (ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғ. бірінші жартысы) Қазақ тілі 5 1 2 0
TINH 5214 Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері Қазақ тілі 5 15 30 0
TKDD 5215 Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық дамуы Қазақ тілі 5 1 2
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ATIMZhK6319 Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас Қазақ тілі 9 15 60 0
KTGPA 6318 Қазіргі тарихи ғылымдағы пәнаралық әдістер Қазақ тілі 10 2 4 0
OAEST 6320 Орталық Азиядағы этносаяси процесстер тарихы ( XIXғ. соңы XXғ. бас кезеңі) Қазақ тілі 10 2 4 0
TDTMM 6321 Тарихнама мен деректанудың теориялық-методологиялық мәселелері Қазақ тілі 3 1 1